(Ортаңғы топқа арналған жаңа жылдық ертеңгілік)

 

(Ортаңғы топқа арналған жаңа жылдық ертеңгілік)

Жүргізуші: Амансын ба халайық?

Жаңа жылды тойлайық

Ән салайық, билейік

Көңілімізді көтерейік

Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

 

Би: «Джингл Белс» (балалар екі сапқа тұрып пойыз болып кіреді )

(бидің соңында жартылай шеңбер жасап тұрады)

 

Тақпақтар:               Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір – бәрі әзір

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді,

Құттықтаймыз ән салып.

 

Ән: «Орманда шырша туыпты» (В лесу родилась елочка)3 тілде

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күткен, сағынған!

  • Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше,

Кел, балалар, келіңдер!

Тамашаны көріңдер.

Бірге үріп шыршаның

Шамдарын жағып көріңдер!

  • Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!

Бір, екі, үш!(үш шапалақ)

Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)

(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамлары жанады)

(Ду қол шапалақ!!!!)

Жүрг: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі»

Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.

Ән: «Тауда туып, тауда өскен»

(Балалар орындарына отырады)

Жүргізуші:  Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?

(Жолбарысты сипаттайды)

Балалар құлақ түріп тыңдандаршы,  бір дүрсіл естілетің сияқты!

Барыс:Ырр.. Мен барыспын, барыспын,

Бәріне мен таныспын, таныспын.

Айналама сыйлымын, сыйлымын,

Сезімсізбен алыстым,алыстым.

Күшіме мен сенемін, сенемін,

Бәрін де  де женемін, женемін.

Жыл басы болуға, шіреніп мен келемін.

( кішкентай аңдар кіреді)

Би: «Ап, и звери уног моих сели» (кішкентай аңдардың биі)

(Биден соң кішкентай аңдар орындарына отырады, ал үлкен жолбарыс таққа отырады)

Барыс: Сіздер білесіндер, өткен жыл, біздің жылымыз болды, Барыс жылы

Бұл мереке маған арналған, өйткені бұл менің жылым. Бәрі менің қалауым бойынша болады.

Түлкі: Ой,  сәламатсыз ба қадырменді, әмірі күшті, Барсыжан. Кәне балалар амандасайық жыл басымен

Балалар: Сәламатсыз ба!

Түлкі: Не қалайсыз? Бүкіл тілектерінізді орындайық.

Барыс:( таяғымен жерді бір ұрып)

Көңілімді көтергім келіп тұр. Мерекенің сәнің келтіріп бір би билеңдер!

Түлкі: Кәне тұрындар , тұрындар Барыстың көңілін көтерейік.

Жүргізуші:Жаңа жылды қарсы алып,

Шыршамызды айналып

Би билейік, ән салып.

Баршамызға жар салып.

Би: «Ох,  сережка»

Түлкі: Барысжан, қалай, көңілініз көтерілді ме?

Барыс: Жоқ, әлі көңілім толмай тұр

Түлкі: Балалар  мүмкін жаңа жылға арнап, барыс патшаға арнап тақпақтар айтып берерміз.

Тақпақтар:

Түлкі: Қалайсыз, ұлы мәртебелім Барысхан, ұнадыма балалардың тақпағы?

Барыс:Жаман емес, бірақта бір ән шырқаса… мүмкін сонда қөңілім толар.

Түлкі: Кәне, отырмайық, Барыс жыл басы ғой оған арнап  ән шырқайық.

(балалар шеңберге тұрады)

Ән: «Аққала»

(1шумағында аққала тұрғызады, қайырмасымен  2шумағын қимылдарымен орындайды)

Түлкі: Патшаның патшасы қалай көңілініз көтерілді ме?

Барыс: Білмеймін бұл мерекеге не жетпейтін, бірақта көңілім әлі де толмай тұр.

Жүргізуші: Ой, Барыс сізге ештене ұнамады ғой. Олай болса  Аяз ата мен Ақшақарды шақырсақ қайтеді?

Түлкі: Ұлы мәртебелім қалай қарайсыз, мүмкін аяз ата мен Ақшақар сіздің көңілінізді көтерер?

Барыс: Келсе, келсін,

Маған сыйлық әкелсін

Түлкі: Кәне дауысымызды қатты шығарып, Аяз атаны шақырайық

Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!

(Бірнеше рет қайталайды)

(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,

Келе жатырмын, келе жатырмын

Жаңа жылдарыңмен,

Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім, шаоғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің ден – саулығың.

Амансың ба, ұлдармын,

Аппақ ару қыздарым?

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!!!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.

Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би  билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілілерім де осында екен кәнекей маған жақындап шыр айнала билеңдер.

БИ: «Ұлпақарлар»

Жүргізуші: Кел, балалар, тақпақты

Тақылдатып айтайық,

Аяз ата таң қалсын.

Сыйлық алып қайтайық

Тақпақтар: 

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Өнерлі балалар, өнерлі қыздар көп екен. Рахмет сендерге. Мен сендерге биылғы Жаңа жылды ала келдім.

 Жүргізуші: Аяз ата, Жолбарыс, жыл басы мен боламын деп тұр тақты ешкімге бермеймін дейді. Ал жолбарысқа ешкім қарсы шығалмайды оны өзіңіз білесіз.

Енді қайттық?

Аяз ата:Әй, Барыс, сен өзіңді бәрінненде әлдімін деп ойлама. Сенің жылын аяқталды, ендігі жыл қояндікі. Орынынды қоянға бересін.

Барыс (күліп): — Туу, бір жасап қалдым ау! Қандай көңілді балалар едіңдер!

Мен сендермен жай қалжаңдадым ғой, ал енді кінәмді ақтау үшін мен сендермен бір ойын ойнаймын.

Ойын: «Жолбарысбен аңдар»

Барыс: Иә, балалар, мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қоянға, мен балаларды тапсырдым. Қош, балалар, енді мен 12жылдан кейін, сендер есейіп, ер жеткенде бір-ақ келемін. Қош, балалар

Ақшақар:Сәбіз жейді, шөп жейді.

Құлақтары қалақтай,

Зытып берер жолтпай.

Балалар: Қоян!!!!

Би: «Аппақ қояндар»

1Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,

 

Секіремін, ойнаймын,

 

Би: «Аппақ аппақ қояндар»

Түлкі: Мммммм…Мен қояндарды да жақсы көремін (деп қояндарға жақындап языком облизывается қарның сипап)

Аяз ата: Әй, қу Түлкі бұл мереке ғой, ал жаңа жылда ешкімді ренжітуге болмайды.

Түлкі: Аяз ата жоқ, мен қояндарды ренжетпеймін,

Бүгін біз көңілдіміз

Қоян жылын қарсы алып

Мерекеге келгендерге

Құттықтаймыз ән салып

1бала:         Төрле, төрле жаңа жыл

Айтамыз тебірнете Жаңа жыр

Төрле, төрле құтты жыл

Әр кез жүрші төгіп нұр.

2бала:           Ақ көрпесін жамылып

Ұйықтап жатқан дала нұр

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл!

3бала:            Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханыма елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

4бала: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр.

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне, Қоян жыл!

Ән: «Новый год»

Жүргізуші:Аяз ата балалар сені күтіп, олар ән де, ойында әзірледі.

Ойын: «Үсіремін»

Аяз ата: Күлдірдіңдер мені, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?

Сыйлықтарды ұмыттың,

Әлде сен балалардысүймейсің

Тәтті егер бермесең?

Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас

Кәне мен сендерге көрсетемін сиқыррды

Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.

Қоян шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді

(Аяз атамен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)

Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,

Өнерлі ару қыздарың,

Жарқын, жарқын жүздерің,

Жайнап өссін, гүлдерің.

Күнбағыстай жайқалып,

Биіктердер өздерің.

Ақ көрпемді жамылып,

Мұздан алқа тағынып,

Әр жыл сайын сендерге,

Келіп тұрамын сағынып.

Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!

Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүргізуші: