«Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»

Білім  беру  саласы:  Таным

Оқу  іс – әрекет  түрі:  Математика

Тақырыбы: «Заттың  санын  цифрмен  сәйкестендіру»
Мақсаты:

а)  цифр  мен  заттың  санын  сәйкестендіруді   жалғастыру;

ә) мамематикалық  жұмбақтар  шешу;

б) балалардың  зейінін  дамыту;

 

Мотивациялық  —  қозғаушылық:   Амандасу
Амансың  ба  алтын  күн!

Амансың  ба  көк  аспан!

Амансың  ба  достарым!

Амансыздарма  қонақтар!

Сабағымызды  бастайық

Жамандықты  тастайық.

 

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет барысы: 

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар!  Балалар,  бүгін  біз үшін ерекше сабақ.  Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
— Балалар қазыр  жылдың  қай  мезгілі?
— Көктем.

— Көктем  мезгілінде  неше  ай  бар?

— 3 ай

— Наурыз,  сәуір,  мамыр.
Қызықты сәт.
Ренжіп   Дара  кіреді.
Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді  жаңбырға  әбден  жаурап  қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық  ойын:  «Тесік қолшатыр»
Тәрбиеші: Балалар,  Дараның  қолшатырын  жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі — түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға»  үшбұрыш,  дөңгелек,  төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?
Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым  бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Дара: Ой  балалар  мен  жолда  келе  жатып  мына  бір  қорапша  тауып  алдым  ішінде не  бар  екенін  білмеймін.
Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.
1 — тапсырма: «Математикалық  жұмбақтар»
— Үш  мысықтың  құйрығы  нешеу?

— Қоянның  құйрығы  нешеу?

— Екі  балада  неше құлақ  бар?

— Бес  сиырдың  басы нешеу?

 

2 — тапсырма:

Дидактикалық   ойын  «Цифрды  тап»

Мақсаты:  Балалар   атаған  цифрларды  табады  да,  оны  айналдырып  сызады.

 

3 — тапсырма: «Доптарды  жинастыр»

Мақсаты:  цифрларды  айыра  білу  және  дұрыс   атау  машығын  бекіту,  тура  және кері  санауға  жаттықтыру.

 

Карточкамен   жұмыс

— Суретте  неше  дөңгелек  бпр?  Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

— Үшбұрыш  нешеу? Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

— Сопақша  нешеу?  Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

— Шаршы  нешеу? Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

 

Сергіту сәті: «Аңқайма,  қайтала»
Қане,  достым,  аңқайма,

Менен  кейін  қайтала.

Барша   қимыл  үш – үштен:

Көзіңді  қыз  үш рет: 1,2,3

Басыңды  еңкей  үш рет: 1,2,3

Иықты  көтер  үш  рет: 1,2,3

Солға – оңға иіл  үш  рет: 1,2,3

Орныңда секір  үш  рет: 1,2,3

Ентігімізді  басамыз  және орнымызға  отырамыз.

 

4 – тапсырма:   «Көрші  сандар»

Мақсаты:  цифрларды  қайталау,  балаларға  бір  цифрды  көрсету,  ал  балалар  оның  «Көршілерін»  атайды.

 

Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды   орындадыңдар.   Көп   нәрсе    білетіндеріңді   мен мына «сиқырлы таяқшам»   арқылы  біліп отырмын.
— Жарайсыңдар  балалар,  бәрің де тапсырманы  орындап,  тамаша  жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже

Біледі:  1-ден  5-ке  дейінгі  цифрларда;

Меңгерді:  цифрлар  туралы  түсініктерді;