Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Құмырсқа мен көгершін.

46

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Құмырсқа  мен көгершін.

Сабақтың мақсаты:  а) Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу;

ә) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту;

    б) Тәрбиелілік: оқушыларды бір – біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжеттік суреттер, сызба плакат.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

 

— Балалар, біз тақпақ, өлең айтамыз. Мына өлеңді тез жаттап көрейікші:

Ыбылжыған қимылы

Ығыр қылды сыйлы іні.

Ысқырығын жоғалтып,

Ыдыс іздеп бір күні.

— Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.

— Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

 

ІІІ. Операционалдық – орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

 

61 – жаттығу.    «Құмырсқа  мен көгершін». Спандияр Көбеев.

а)  Әңгімені мәнерлеп оқып шығамын.                        

ә) Оқушылар  оқып  шығады.

б) Сөздік жұмысы:

       Сусап – шөлдеп.

в) Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

 

  • Әңгіме не жайында?
  • Құмырсқа қайда келеді?
  • Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
  • Құмырсқа көгершінге қандай жақсылық жасады?

 

 

 

Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

 Келе жатыр жұмысқа.

 Алды допты қолына,

 Қойды допты жолына.

 Оңға қарады, солға қарады,

 Үлкен тау деп ойлады.

 

62 – жаттығу.

Құмырсқа, толқын, аузы, бұтағы, аңшы, бидайды, т.б.

Көгершін, бір, тістеген, көреді, үстіне, жиегіне,  т.б.

 

 

ІV. Рефлексиялық – бағалау кезеңі:

 

а) Мәтін бойынша көгершін мен құмырсқаны сипаттап жазу.

 

Көгершін Екеуіне ортақ нәрсе Құмырсқа
     
     
     

 

 

 

 

 

ә) Сәйкестендіру тесті.

 

Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін сәйкестендір (бағыттарын көрсет).

 

сызғ . . . ш

к . . .рп . . . ш                                            і

өш . . . рг . . . ш

 . . . лг . . . ш                                           ы

с . . . йл . . . қ