Кемпірқосақ. Сөйлем

59

Ана тілі, 1- ші сынып.

Тақырып: Кемпірқосақ. Сөйлем

Мақсаты: Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын

тәрбиелеу,   табиғаттың сұлулығын көре білуге, тамашалауға үйрету;

сөздік қорын байыту, анық сөйлеуге төселдіру; сөйлем туралы білімдерін

пысықтап, кеңейте түсу, сызба бойынша сөйлем құрастыруға

жаттықтыру; оқу және жазу дағдыларын арттыру.

 

Көрнекілік: үлестірмелі қималар, сюжетті сурет, әшекей бұйымдар.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, ойын, өздік жұмыс, сұрақ-жауап, сыни тұрғысынан

ойлау.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

 

         (алақанымызды бір-бірінін үстіне қойып,  

                          сәтттілік тілеу)

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру

  1. Көркем жазу Д-50б – 2-жат
  2. Талдаулар: дыбыстық, буындық, тасымал
  3. Сөйлем құрастыру, дәлелдеу (Ереже сұрастыру)

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

  1. Топтарға бөліну, топ басшысын сайлау.
  2. Жұмыс ережесімен таныстыру.

3.Тапсырмаларды орындау.

№ 1. Каждый  Охотник  Желает  Знать,

Где  Сидит  Фазан.

(Әрбір сөздің алғашқы дыбысына орыс, қазақ,

              ағылшын тілінде түстер келтіру)

Красный – қызыл – red

Оранжевый – қызғылт – oranq

Желтый – сары – elou

Зеленый – жасыл – grin                         кемпірқосақ

Синий – көк – blu                                         туралы жұмбақ

Голубой – көгілдір –

Фиолетовый – күлгін –

 

 

«Болжау» стратегиясы бойынша жұмыс:

  • Қандай сурет салар едіңдер?

№ 2. Мәтінмен жұмыс:

а) Мұғалімнің оқуы (оқу барысында тақтаға  суреттер іліп отыру)

 

ә) Оқушылардың оқуы, сөздік жұмыс жүргізу.

б) Талдау:  —  Әңгіме ұнады ма?

                     — Қандай әсер етті?

                     — Кейіпкерлерін ата.

                     — Кемпірқосақ туралы не білдіңдер?

Тірек сызба:                                    Жаңбырдан кейін

 

 

 

Күн сәулесі         

                                                          Кемпірқосақ                    7 түсі бар

 

 

 

Түстер ретімен тұрады

 

Тәжірибе өткізу: Фионит тастары бар әшекей бұйымдарды күннің көзіне 

                                 жалтыратып қарастыру.

Қорытынды: ақ түсті тас күн сәулесі тиген кезде әртүрлі түстер береді.

 

                         

 

 

№ 3. Дәптерде өздік жұмыс. Д – 49б – 1жат.

         Кемпірқосақ  суретіне қарап түстерді көркем жазу.Бағалау.

 

                        

№ 4. Топтық жұмыс.       І-топ: кемпірқосақтың суретін салу;

ІІ-топ: кемпірқосақ туралы өлең құрастыру;

ІІІ-топ: кемпірқосақ туралы 3 сөйлем құрастыру(! ? .)

IV-топ: «кемпірқосақ» сөзінен жаңа сөздер шығару.

№ 5. Тапсырмаларды ортаға салу, мадақтау.

Топ басшылардың жұмыс есебі, сыныптастарын бағалау.

 

№ 6. Рефлексия

 

 

  1. IV. Қорытынды.
  • Не білдіңдер?
  • Не үйрендіңдер?(оқушылардың жауаптарын қабылдау)

 

  1. Үйге тапсырма: 96-97 беттерді оқу, 153-жаттығу.

 

 

 

 

 

 Әдебиеттік оқу, 2 сынып

 

Тақырып:  Алғыс. М. Төрежанов.

Мақсаты:  мәтіндегі негізгі ойды түсмінуге жағдай жасау;

танымдық,есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулу;

Көрнекілік: жеміс – жидектертердің суреттері, «Күз» тақырыбына

оқушылардың суреттері, мақал – мәтелдер.

 

 

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері; амандасу.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

1.Жұмбақ: Жиын – терін болатын,

Қамбаға астық толатын,

«Қызыл қырман» ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын?!

 

2.Сөз тіркестер:             алтын

 

КҮЗ              берекелі

 

маужыраған

  • Қалай түсінесіңдер?
  1. Оқушылар үйде дайындаған көкөніс – жемістер туралы

     жұмбақтарын айтады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме:

 

 

 

Топырақ                                                  Ауа

 

Тұқым                                                            Жылу

 

Еңбек                                                             Су

 

 

Жарық

 

  1. АС картасы бойынша жұмыс:

Қан қызыл қызанақ   —   Пісіп тұрған қызанақ

Майда топырақ        —    Ұсақ топырақ

Игі еңбек   —   пайдалы, жақсы еңбек

Жомарт   —    қолы ашық

Алғыс       —     ризашылық

 

3.Мәтінмен танысу.

А) мұғалімнің оқуы       Ә) оқушылардың оқуы

 

  1. Мәтінді талдау .

— Әңгіменің кейіпкерлерін атаңдар.

— Әңгіме қалай басталады? Мазмұндап беру.

— Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты?

 

Тақтада:

 

АДАМ

 

КҮН

ӨСІМДІК

 

 

 

СУ                ЖЕР

 

 

  • Ендеше, нағыз алғыс иесі кім екен?

— Неліктен?

— Дүниетану пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып күн, су, жер, ауа

тіршілік үшін қаншалықты қажеттілігін дәлелдеңдер.

 

  1. Қорытынды.

1.-     Әңгіменің негізгі ойы қандай?

  • Автор осы ойды не арқылы жеткізді?
  • Қандай сөздерде әңгіменің негізгі ойы?

 

  1. Еңбек туралы мақал – мәтелдер келтіргізу, мағынасын ашқызу.

 

  1. V. Ой толғау.

 

  1. Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелесу.
  2. Алғыс алған сәттерін әңгімелеп беру.

 

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 43 — 45 беттерді оқу,

диафильм құрастыру.