«ҚОШТАСУ КЕШІ»

 

 

Тәрбиеші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне  қош келдіңіздер. Әр  баламызды  қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз

Залға балалар шармен  музыка әуенімен екі — екіден кіреді.

 

Тәрбиеші:           Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңізде есен – аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманың

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді бастағым келеді!

 

БИ: «Қазіргі ырғақ биі — Носа»

 

Тәрбиеші: Бүгін біздің бір жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепалды даярлық топпен шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

 

Тәрбиеші:         Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

 

Бейне таспада Маша көмек сұрап келеді:

 

Тәрбиеші:   Балалар бізге Маша келіп тұр екен. Сендер білесіңдерме оны? Ол да сендермен бірге  бірінші сыныпқа барғысы келіп отыр! Бірақ Аю оған тапсырмалар беріпті. Ол сендерге көмек сұрауға келіп тұр! Көмектесеміз бе?

 

Балалардың жауаптары:   Ия!

 

Тапсырма:  «Кім жылдам сөз айтады»

 

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енди қазір бәріміз бірге ортаға шығып  «Дос болайық бәріміз» әнін айтайық!

 

Хор: «Дос болайық бәріміз»

 

 

 

Тәрбиеші : Ал енди балалар  қараңдаршы біздің Машамызға Аю тағы бір тапсырма беріп тұр екен!Ол тапсырма сұрақтарға жауап беру. Кәне бәріміз оған көмектесейікші!Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

 

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз ба?
  4. Ақылды бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?
  7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  9. Екі алғанда жылаймыз ба?
  10. Оқушы біз боламыз ба?

 

Хор: «Жақсы бала»

 

Тәрбиеші: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты  ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

 

  1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
  2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
  3. Тамағын уақытында бересіз бе?
  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
  5. Сериал көріп жатасыз ба?
  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
  9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

 

Тәрбиеші:    Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

 

 

 

Би: «Жорға биі»

 

Тәрбиеші:  Қараңдаршы балалар бізде Аюдан тақтада тағы бір тапсырма келіпті! 10 бала керек.

 

Ойын «Тез тұратын сандар»

Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы Маша мен Аю сендерге өте риза болды! Енди Маша сендермен бірге бірінші сыныпқа баратын болды!

 

Би: «Жаттығудың үлгісі»

 

Ойын: «Кім жылдам»

 

Шарты: Музыка уақытында орындықты айналып билеп жүру, музыка тоқтағаннан кейін  орындыққа баласымен жылдам отыруға.

 

Хор : «Не мектепте үйретеді?»

 

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

                   Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! — дей отырып құттықтау сөзді мектеп  директоры Сүйесінова С.Т  және ата-ана