Қысқы киімдер.

 

Тақырыбы: Қысқы киімдер.

Мақсаты: Т\к: Ой жүйріктігін,шығармашылыққа бейімделуін,қызығушылығын

арттыру.

                 Д\қ   Көпшілік арасынан өз ерекшелігін көрсете білуге,белсенді әрекетті-

лікке баулу.Қимыл-қозғалысын,жүру түрлерін қалыптастыру.

                Б\к   Эстетикалық танымдық қабілетін дамыту.Зерттеуін,қабылдауын,

түсінуін,қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілі: Зерттеу,салыстыру,сипаттау.

Қажетті құралдар: Суреттер, түрлі-түсті қағаз,киімдер,музыка.

Пәнаралық байланыс: Денсаулық,шығармашылық.

Билингвалды компонент: Қыс-зима, киім-одежда.Қысқы киімдер-зимние

                                          одежды.

Іс-әрекет

кезеңі:

        Тәрбиешінің іс-әрекеті:  Балалардың іс-әрекеті:
 М-қ-

Қозғау-шы.

 

 

 

 

  Шаттық шеңбері:- Сәлем,саған,алтын күн!

-Сәлем,саған,көк аспан!

-Сәлеметпе,достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

«Кімнің тоны жылы?». Қ Толыбаевтың әңгі-месін оқып беру. (Қарлығаш хрестоматиясы 283-бет).

Түсінгендерін әңгімелеп беруді ұсыну.

   Шебер бойына жиналып,бір-

Бірімен амандасады.

 

 

 

Әңгімені тыңдап,түсініктерін әңгімелейді.

 

Ұйым-

дасты-ру

Іздену.

 

Ұлттық қысқы киімдермен таныстыру, оларға сипаттама беру.

Тон-иленген қой терісінен жүнін сыртына қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік-іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртынан матамен тысталған жылы сырт киім.

Малақай:—————,

Тымақ:—————,

Байпақ:—————

 

Ұлттық қысқы киімдермен танысып,оларды ұстап көріп,сипаттап үйренеді.

 

 

 

 

 

Өз ойларын айтып,бас киім,аяқ киім түрлерін сипаттайды.

    Суретпен жұмыс: суреттердегі қыстық ки-

імдерді сипаттап беруді ұсыну.

Балаларды 3 топқа бөліп тапсырма беру.

1 топ-суреттегі киідер арасынан қыстық                                                                        киімдерді тауып,белгілеу.

2топ –аппликациялық қағаздан қиылған

Қыстық киімдер бөлшектерін    құ-

растыру.

3 топ-қысқы аяқ киімдердің сретін салу.

Жұмыстарын мадақтау,үздіктерін үлгіге

ұсыну.

Сергіту сәті: «Дефилье.Қысқы киім-2013»

Балаларға өздерінің қысқы киімдерін киіп,

Шағын подъиюммен жүріп,өз киімдерін жарнамалауды ұсыну.

Жыл мезгіліне сай киіну керектігін түсіндіру.Қолғап,мойын орағышсыз суықтап қалатынын түсіндіру.

 

Топ-топқа бөлініп тапсырма орындайды.

 

1 топ-суретпен жұмыс,

2 топ –құрастыру.

3топ-сурет салу.

 

 

 

 

Сергіту сәті: Өз киімдерін киіп,сән көрсетеді.Өздерін модель сезінуге мүмкіндік алады.

Киімдерін жарнамалайды.

Рефлек-

Сивті

Түзету.

Балаларды ортаға жиып,үйіліп жатқан киім-

дерден бір-біреу алып,сипаттату,зерттеу.

Қалпақ-қалың,түсі-ақ,қыздардың қыстық бас киімі.

Жейде-ұлдың жұқа,жаздық киімі.Түсі-көк….

Балалар ұстап,көріп салыстыруды үйренеді.

Балаларды 2 топқа бөліп тапсырма беру.

1 топ-қысқы киімдерді

2 топ-жазғы киімдерді ажыратып екі ілгішке

бөліп ілу.

Бүгінгі іс-әрекеттен ұнағанын әңгімелету.

Белсенділік танытқандарын мақтау -мадақтау.

Ортаға жиналып,бір-бір киім алым,сипап,салыстырып,зерттейді.Олардың ұлға немесе қызға арналғанын атайды.

 

Қысқы-жазғы киімдерді салыстыра отырып,тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Киім түрлерін біліп,сипаттауы,ажырата алуы керек.

Меңгергені:Әр мезгілде киетін киімдерді ажыратып,салыстырып үйренді.

Ұлттық қысқы киімдермен танысты.