Ағаштар неге ашуланды?

72

Тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?

Білімділігі: Мәтіннің мазмұнымен танысып,  мәтіндегі негізгі ойды, идеяны  ұғыну.  Ағаштар жайлы  білімдерін  кеңейту,  мәтінді мәнерлеп  оқу  дағдыларын  және  белсенді  ынталы  оқуға  үйрету.

 

Дамытушылығы: Оқушылардың  байланыстырып жүйелі сөйлеу  қабілеттерін  шығармашылық, танымдық   қабілеттерін  дамыту.

 

Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға,   ұйымшылдыққа, бірлікке,  жақсыны  үйренуге,  жаманнан жиренуге  баулу.

 

Түрі: аралас, шығармашылық.

 

Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, ізденушілік, топпен жұмыс.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, слайд.

 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

 

Психологиялық дайындық:

 

Мен атқан аппақ таңды сүйемін,

Шуағын шашқан күнді сүйемін.

Аялаған анамды мәңгі сүйемін,

Қоршаған бар әлемді, гүлді сүйемін.

 

Үй тапсырмасын тексеру және бекіту.

Б.Соқпақбаевтың «Компос» әңгімесі мазмұнын айту, бес жолды өлең құрастыру. «Менің досымның қылығы» шығарма жазу.

 

Бекіту.

Осы оқыған әңгімемізді қандай мақал арқылы қорытуға болады?

«Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас» , «Ұрлық – түбі қорлық»

 

Топқа бөлу. Топқа ат қою үшін, мына сұрақтарға жауап береміз. Сол шыққан сөз әр топтың аты болады.

 

Жайқалған орман, ағып  жатқан  су,  таза  ауа, тұнық  аспан, сайраған  құстар,  туған  жер  секілді жүрекке  жылы  сөздің  бәрі  қай  ұғыммен бірігіп  жатады?

«Табиғат»

 

Табиғатымыз әдемі де, көрікті,  таза болса, сол  әдемілікті,

тазалықты  жоғалтпау  үшін  не  істеуіміз керек?

«Қорғау»

 

Қызығушылығын ояту. Ребус шешу

 

Бүгінгі оқитын әңгімеміз Б.Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?»әңгімесі.

Қалай ойлайсыңдар, ағаштар ашулана ма?

Сендер ағашты сындырып көрдіңдер ме?

Сол сындырған ағаш келесі жылы қайта көктеп шыға ма?

Олай болса, ағаш – өмір, ағаш – байлық, ағаш – тіршілік екен.

Дәлірек : ағаштардың неге ашуланғанын білу үшін не істейміз? ( Әңгімені оқимыз).

Оқимыз, түсінеміз, талдаймыз,білеміз, үйренеміз.

 

Оқулықпен жұмыс.

«Табиғат» тобы 1-ші бөлім Ат қою. Қысқаша не түсіндің соны әңгімелеу.

«Қорғау» тобы 2-ші бөлім Ат қою.  Қысқаша не түсіндің соны әңгімелеу.

Сендерді не таңқалдырды? ( Ағаштардың Алмабекке ашулануы. Ағаштарға жан бітіп сөйлеуі. Ағаштардың адамша орнынан қозғалып жүруі).

Осы әңгімені қай топ сахналап көрсете алады? «Сендерге мен не жаздым?» Алмабек осы сөзді түсінгеннен айтты ма, әлде қорыққаннан айтты ма? Алмабектің өз қатесін түсінуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар? (Қарт еменнің сөзі) Осы жердегі негізгі ой не? (Алмабектің өз қатесін түсінуі).

 

Дәптермен жұмыс.

 

Жалғасын тап

  1. … еңбегімен озады.

…   езілумен тозады.

  1. … ертеңі бітпейді.

 

Ситуациялық сұрақ.

 

Мұндай жағдайда не істер едің?

 

Сабақты бекіту.

  1. Алмабектің іс –әрекетіне қояр бағаң қандай?
  2. Осы әңгімеден нені қолданар едің?
  3. Автордың негізгі ойы қандай?

Өткен тақырыбымызды бүгінгі күнмен байланыстырып көрейікші.

Алдымызда қандай мереке бар?

Мемлекетіміз қашан тәуелсіздік алды?

 

Олай болса, біздің мемлекетіміз жаңағы балалар отырғызғандай жас шыбық екен. Сол мемлекетті қорғауда, сақтауда Қайрат, Ләззат, Ерболдай аға — апаларымыз өмірін қиды. Талғат , Тоқтар сияқты ғарышкерлеріміз дүние жүзіне паш етті. Демек мемлекетімізді қорғауымыз керек.

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Алмабектің жайқалып өскен ағашының суретін салу.