«Үйшік» орыс халық ертегісі .

210

«Үйшік»  орыс халық ертегісі .

Мақсаты:   Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  үйшік үйі, аңдар.

Жүргізуші:   Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.

Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

 Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Жүргізуші:  —  деп сұрайды.   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Бақа:   —  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

Бақа:  —  Мен бақылдауық бақамын.

             -Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:  — Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.

Қоян: — Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Жүргізуші: -деп сұрайды.

Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа:  —  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Қоян:  — Мен қорқақ қоянмын!

Екеуі: — Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:  —  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.

Түлкі:  — Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?

Жүргізуші: — деп сұрайды.

Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: —  Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?

Түлкі:  — Мен қу  түлкімін.

Үшеуі:  —  Кел, бірге  тұрайық.

Жүргізуші: —  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен:

 Бұл үйшікте кім бар?

Тышқан:  -Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!

Қоян:  — Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі: —  Мен қу тү  лкімін!Ал  сен кімсің?

 

Қасқыр:  -Мен сұр қасқырмын!

Бәрі:  —  Кел , бірге тұрайық.

Жүргізуші:  -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп , бар даусымен:

 Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!

Жүргізуші:  — деп ақырады.

Тышқан:   -Мен тықырлауық  тышқанмын!

Бақа :  — Мен бақылдауық бақамын!

Қоян :  — Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі : — Мен қу түлкімін!

 Қасқыр : — Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?

Аю:  — Мен қорбаңбай аюмын!  

Бәрі:  — Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші: — Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.

Жүргізуші: — дейді.

Бәрі: — Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.

Жүргізуші:  — деп шырылдайды іштегілер.

Аю:  — Қорықпаңдар түкте болмайды.

Жүргізуші: —  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.

Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.