«Ертегілер еліне саяхат»

 

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты:  Балаларды ертегі оқуға қызықтыра отырып қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру және   қайратты істер жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі кітаптары, үлкейтілген ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сандықша, шарлар.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Әжем менің көп біледі ертегі,

Ерінбестен ертегіні шертеді.

«Ерте, ерте, ертеде» депбастайды,

Бірнешеуін қабат айтып тастайды.

Еліктіріп, ертек бізді баурайды,

Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.

«Айта берсе,

Айта берсе екен» деп,

Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

  • Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар. Қош келіпсіздер! Бәрімізде кішкентайдан әжелеріміздің ертеілерін тыңдап өстік. Міне, бүгін де біз ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.

-Балалар, қараңдар бізге қонаққа түлкінің өзі келіпті ғой. Амандасайық.

Түлкі:- Сәлметсіздер ме, балалар. Мен сонау алыстағы орманнан келдім.Бос келген жоқпын, сендерге арналған тапсырмаларым мен  сыйлықтарым бар.

Жүргізуші: Тамаша, ендеше тапсырма салынған сандықшаны бізге беріп, ертеңгілігімізді тамашалаңыз.

Түлкі: Бұл сандықша жай емес сандықша емес, бұл- сиқырлы сандықша. Оның ішіндегі  тапсырманы алу үшін, менің мына жұмбағымды шешіп беріңдер.

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айғай да,шу.

(түлкі)

(Балалар жауабы)

Түлкі: тамаша, сандықша енді ашылды.

Жүргізуші: Балалар, ендеше бірінші тапсырманы ашайық.

  • Тапсырма: «Кім ойшыл?»

Шарты: Кез келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегінің атын тауып және әрі қарай жалғастырып, айту керек.

  1. Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет,достым! Мына жақтан бір иттеркеле жатыр, оларға хабарыңызды айтыңыз, естісін…

Жауабы: «Түлкі мен  қырғауыл» ертегісі.

Ит дегенді сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.

Қырғауыл: Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – деді.

Түлкі:Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, -дейді.

  1. Мен мына жардан құлап кетермін,сен түлкі, менен төмен жат,- депті.

Жауабы: «Түлкі мен жолбарыс» ертегісі.

Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып: — Әй,жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! – депті. Жолбарыс жылжибере, жардан құлап кетіп, өліп қалыпты.

  1. Аңдар бір- бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.

Жауабы: «арыстан мен түлкі» ертеісі.

Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ертегілер»әні.

  • Тапсырма: «Кім білгір?»

Шарты: Ертегі сурет арқылы бейнеленген, сол суреттегі ертегінің атын табу керек.

Жауабы: «Тырна мен түлкі», «Лақтар мен түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Түлкі мен тауық».

Жүргізуші: Даярлық сыныбының дайындаған, орыс халық ертегісі, «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыз.

  • Тапсырма: Әр сынып түлкіге байланысты, кез келген бір ертегінің көрінісін көрсетіңіз.

Қорытынды:

  1. Үздік шыққан оқушыларға сыйлықтар мен мақтау қағаздарын тапсыру.
  2. Көрмені тамашалау.
  3. Мадақтау .