«Ана-біздің күніміз, Біз ананың гүліміз!»

«Ана-біздің күніміз, Біз ананың гүліміз!»

Таир:   Ананы ардақтамас адам бар ма?

Бас иер Ана алдында даналарда.

Жас шуақ, аққу жанды күн келіпті.

Не жетсін дүниеде Аналарға!

 

Алишер:    Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

 

Таир:    Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейрім мен нұр тамар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

 

Алишер:   Шырқатып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Арнаумен бастап берсін тойдың басын

Өнерпаз балаларды қарсы алайық!

 

Қазақ биі. ( ұлдар билейді)

 

Таир:   Уа,халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Ана жолын жалғамақ,

Ер ұрпағын қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Арулар шықсын ортаға!

 

Қыздар «Қыз сыны»  муз. шығады.

Алишер:    Сайыстың кезеңдерін бағалайтын,

Қыздардың өнерлерін саралайтын

Әділ-қазылар алқасымен таныс болайық!

 

Әділ-қазылар:

1.

2.

3.

 

Таир: Бүгінгі «Беу, қыздар» сайысының кезеңдері:

 

1.Отбасының еркесімін. Өзін таныстыру.

 

2.Тапқыр болсан табарсын,

Алға қарай шабарсың. Сұрақ-жауап.

 

3.Өнерлі бала – сүйкімді. Өз өнерін көрсетеді.

 

  1. Ұқсағым келеді анама,

Анама жетер жан бар ма? Сән үлгісі.

 

  1. Анашымнан үлгі алып

Асханада жүремін

Бой жеткен соң анама

Ас әзірлеп беремін. 2 минут ішінде  жемістерді әшекейлеу.Анасымен

      бірге  әзірлейді.

 

Алишер: 1кезең:

Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Қорықпастан ортамызға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Қыздардың  таныстыруы.

 

Ерасыл: Сөзін ойға түйеміз

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Ән «Ақ әжем» барлығы орындайды.

 

2кезең :Сұрақ-жауап

 

Бекжан:   Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыныш таппаған.

Бақытты үшін балаңың

Аман-сау бол, ақ Анан!

 

Мұхамедали:Күлімдеген  көзіңнең

Күн мейрамы сезілген

Бұл  жалғанда балаға

Жақсы жан жоқ өзіңнен.

 

Думан:   Айналайын, Анашым,

Аяласың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

 

3кезең: Өз өнерлерін көрсетеді.

 

Келесі кезеңге қыздар дайындалғанша ұлдарға сөз береміз:

Нұрсұлтан:     Сегізінші наурыз күні,

Мейрамдайды Аналар,

Аналардың шаттығын,

Құттықтайды балалар.

-Саят, сен көңілін анаңың,

Қалай  сыйлап, таба алдың?

 

Саят:     Екі тақпақ жаттап мен,

Құттықтадым тақпақпен!

Ал, сен қалай қуаңттың?

 

Ерасыл:   Мен  қарындасымды ойнаттым!

Қолы босап анамның

Тойға алаңсыз бара алды.

 

Даир:-    Мен қуанттым ендеше,

Анамды да әпкемді

Екі пәннен  мен  кеше

Екі бестік ап келдім!

 

Берікбол:    Үлкен, кіші әркәмде

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!

 

Қыздар өнерлерін көрсетеді

 

 

4кезең:     Сән үлгіс    

 

Ұлдар аналарымен «Папурри» билейді

 

5кезең: Жемістерді әшекейлеу.Анасымен бірге әзірлейді

Таир:

Ойын:   Ананың ойы балада

Баланың ойы далада,

Байласаң көзін  ананың,

Баласың дұрыс таба ма?    (Ұлдардың аналары ойнайды)

 

Алишер:

Ойын:   Қызының сырын білетін,

Қорғаштап  ылғи жүретін,

Қылығына сүйсініп ,

Жымиып қана күлетін.     (Қыздардың аналары ойнайды)

 

«Апатайым» әнін сынып орындайды

 

Әділ-қазыларға сөз беріліді

Номинациялар:1.Өнерлі қыз

2.Шебер қыз

3.Сүйкімді қыз

4.Сұлу қыз

5.Ерке қыз

6.Көрікті қыз

7.Биші қыз

8.Мейірімді қыз

9.Әнші қыз

10.Тапқыр қыз

 

Арслан:Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Қыздарға да сый арнап,

Би де билеп береміз.

 

Би: «Кокетки»

 

Ұлдар қаз киімдерін киеді.

 

Ән « Ақ мамам» Іңкәр, Назерке, Дина

 

Даир:Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазап бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын!

 

Думан: Көрсетемін күллі елді

Жарық етем түндерді

Өсіріп мен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді!

 

Аналарға сыйлық беріледі.

Таир:   Аналармен қатар біз

Құттықтаймыз қыздарды

Бар жақсылық тілей отыра,

             Сыйлықтарды сыйлаймыз.

 

Қыздарға сыйлық беріледі.

Алишер:   Қоштасамыз бәріміз,

Шарықтасын әніміз.

Жиналған ардақты аналарға

РАХМЕТ дейміз бәріміз!

 

Би: «Мадагаскар»