Геометриялық пішіндер

 

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық  пішіндер                         

Мақсаты:  Балаларды  геометриялық пішіндер мен  таныстыру.

Пішіндердің  мағынасын  түсіндіріп  оларды  бір−бірінен  ажырата  білуге  үйрету.

 

  • Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.
  • Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.
  • Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

 

Сабақтың түрі: Қайталау.

 

Әдіс−тәсілдері:  Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

 

Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.

 

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.

 

Сабақ барысы:  1) Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбер.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде сенсорика сабағы. Өткен жолы        геометриялық пішіндермен таныстық.

Бәрін қайталау сабағы. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).

Бауырсақ сөзі:   Менің атым бауырсақ.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атадан, әжеден кеттім.

Тыңдамадым атамды

Тыңдамадым әжемді

Үйімді мен сағындым

Көмектесші балақай.

 

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар:   Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші:  Бауырсақтың түсі қандай?

− Сары.

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

−Дөңгелек.

 

Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.

  • Балалар менің тұратын үйім жоқ.

Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.

Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Төртбұрыш  ( оның төрт бұрышы бар).

Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).

Мынау шеңбер (ол домалақ болады)

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.

 

Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің  енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

 

Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.

(Аю келеді музыка ойналады).

Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?

Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ.

Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды.

Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?

 

Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.

Аю: Рахмет, балалар  мен енді кетейін.

 

Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тұңығып алайық.

Бауырсақ: Балалар мен сендермен геометриялық пішіндерден құрылғын екі « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»

Тапсырма:          Түс пен пішінді ажырата білу.

Сары шеңберге секір.

Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.

Көк ұшбұрышты атта.

Түлкі:  Қандай қызық ойын.

Бауырсақ маған да үйретші (бірге жасайды).

 

Бауырсақ:  Түлкі менг балалардан көп нәрсені үйреніп алдым.

Сен бізді бір сынап көрші.

 

Тәрбиеші:  Ал, балалар түлкіге тақпақ айтып берейікші.

 

Арман:   Бала, бала балапан

Кәне қайсы алақан

Саусақтары  әйбат

Былай, былай ойнат.

 

Ақбота:   Төртбұрышты қолданып,

Ұшбұрыш қолданып

Көрпешені жасаймын

Әдемісін ішінен

Қуыршаққа сыйлаймын.

 

Сабыржан: Отан  менің  − жан анам,

Отан менің −  жан әкем.

Отаным деп шаттанам

Отаным  деп әлденем.

 

Ернар:    Ойыншақтар қандай, қандай

Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.

Түрлі – түсті түстері

Көз тартады өздері.

 

Сырымбет:   Мен бақшаға келемін

Күнде қалмай жүремін

Ұйықтаймын, ойнаймын,

Мен сабақтан қалмаймын.

Түлкі:  Бәрекелді балалар. Өте өнерлі  балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

 

Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?

  • Ең бірінші қоянға көмектестік.
  • Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.
  • Аю мен ойнадық

Денсаулық жолмен жүрдік

Түлкіге тақпақ айтық.

Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.

Тәрбиеші:  Балалардың ашық  түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл – күйлерінен алған сабақтың  әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ  өте  қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз  бауырсақты атасы мен әжесіне апарайық.