Қ дыбысы мен әрпі

335

 

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

а) Қ дыбысы және әріпімен таныстыру, қ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көмектесу. Баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

ә) Балалардың сөздік қорына мән беру, ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: сауат ашу дәптері, кеспе әріптері, суреттер.

Сөздік жұмыс: қозы, қошақан, құлын,

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық  

Жылулық шеңбері

«Қошақан» әніне музыка әуенімен жасалады:

Жазда апамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнақтап жүгіріп.

Аң маңдайлы ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен,

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

 

Кіріспе әңгіме

— Балалар, бұл әнде қандай жануар жайлы айтылған?

— Ол қай жануардың төлі?

Шеңбер

бойына тұрып

орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді

   Ұйымдастырушылық – ізденістік

 

 

Ғажайып сәт: Қуыршақ театрындағы қозының келуі.

(Әуен ойналады. Қозы  кіреді, : Сәлем, балалар!

Педагог: Сәлеметсіз бе, қозы!

— Қонақ келгенде біз қандай ізгі сөздерді айтушы едік?

— Балалар, біз қонағымызға өз өнерлерімізді көрсетейік Ақын-жазушылардың төрт түлік малға арнаған шығармаларын балаларға айтқызу.

Төрт түлік малға сипаттама бере кету .

Түйе — малдың үлкені,

Жылқы — малдың үркегі,

Сиыр — малдың сүттісі,

Қой — түліктің құттысы.(С.Қасиманов)

Төрт түлік малдың адам өміріне пайдасын толық айтып кету.

Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, құрт, майын, ірімшігін  жейміз. Жылқының етін, қазы-қартасын, қымызын ішеміз,жейміз. Қойдың жүнінен көрпе жасаймыз, тоқыма киімдер  киеміз. Түйенің шұбатын ішіп, шудасын пайдаланамыз. Міне, адам өміріне пайдасы осылай тиеді. Сондықтан малды қастерлеу керек.

Қозы қуанады.

Ал балалар қозы сөзі қандай дыбыстан  басталады?

 

-Олай болса бүгін қ дыбысымен танысамыз.

Ба­лалар  қ дыбысын айту арқылы оның дауыссыз дыбыс екенін анықтайды.

— Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Ал біз әріптерді көреміз бе? Дыбысты ше?

Ойын: «Кім көп сөз ойлайды?»

(Көп сөз ойлаған балаға қозы жұлдызша береді.)

Қар, қарақат, қой т.б сөздерін тақтаға текшелер арқылы балаларға жазғызу, оқытқызу. Балалардың өздеріне қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатқызу, буынға бөлдірту . Мысалы: қо-зы, құ-лын-шақ сөзі екі,үш  буыннан тұрады. Қ дыбысы сөздің басында кездесіп тұр.

 

Суреттермен жұмыс (сөйлем құрау)

 

Дәптермен жұмыс.

Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызу. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытқызу. Барлығы хормен қайталап оқиды.

 

Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып түр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Үлгі бойынша қ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Тор көздегі қ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады..

 

 

Сәлемдеседі.

 

 

 

— Қош келдіңіз! Төрлетіңіз!

 

Қозы-лақтармен ойнаймыз.  Атқа отырамыз, әжеміз бізге сүтін, құртын,

майын, қымызын ішкізеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қ дыбысы

 

 

 

 

 

 

Балалар сөз ойлайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қозының қимылын жасайды.

                      

  Рефлексиялық — түзетушілік

 

Қорытындылау:

«Қасқыр мен қойшы» ойыны.

Ойын барысы: қойшы қойларын жайып, өріске шығады. Жайылып жүрген қойларға қасқыр шауып, бір-бір қойдан әкете береді, ойын солай жалғасады.

Қозы:

— Балалар, енді мен қайтайын, мені анам іздеп қалар.  Сендермен бірге тақпақ жаттадым, жаттығу да жасадым, ойнадым. Сендерге көп рақмет! Тағы да қонаққа келемін. Сау болыңдар!

 

 

Ойынға

қызығушылық

танытады.

 

 

Сау болыңыз.

— Қозы саған жақсылық тілейміз! Балалар қозыға суреттерін  сыйға тарту етеді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

біледі: «қ» дыбысы жайында түсінік алып, қандай сөздерге кездесетінін

игереді: толық сөйлемдер құруды

меңгереді: өз ойын ашық, толық жеткізуді .