«Ертегілер еліне саяхат»

Кіріктірілген сабақ:Тіл дамыту,көркем әдебиет,сурет салу,музыка.

Сабақтың тақырыбы:      «Ертегілер еліне саяхат»

 

Сабақтың мақсаты:          Балаларға ертегілер еліне саяхат жасату арқылы

ертегілерде көп кездесетін кейіпкер түлкі жөнініде

дүниетанымын кеңейту.

 

Білімділігі:                         Ертегілер желісі арқылы,түлкінің қандай аң екендігі

жөніндегі білімдерін жетілдіру,шығармашылық

біліктілігін арттыру.

 

Дамытушылығы:               Балалардың ойлау,қайта жаңғыртып еске түсіру,

қиялдау қабілетін дамытып,шығармашылық жұмыс

жасату,мәнерлеп сөйлеуге баулу.

Тәрбиелілігі:                      Ертегілер  арқылы балаларды адамгершілікке және

адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:        Түлкі кездесетін ертегілер мазмұнынан көрме

ұйымдастыру

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап,топтастыру

әдісі,сурет салу.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: «Ертегілер» деген музыка жәймен жүріп тұрады. Өткен сабақтарда танысқан ертегілер мазмұнына байланысты ұйымдастырылған көрмені аралап,танысады.

2.Негізгі бөлім:

Балаларға «Ертегілер еліне» саяхат жасаған кезде көріп, еске түсірген ертегілерінің тақырыптарын айтқызу. Мысалы: «Түлкі мен тырна», «Түлкі мен торғай», «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене» «Түлкі мен Арыстан» т.б.

Топтастыру әдісі арқылы ертегі  тақырыптарын орналастыру.

 

Қоян

Тырна        (түлкінің суреті)           Бөдене

 

 

Торғай

«Менің сүйікті ертегі кейіпкерім»

Балаларға өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің суретін салғызу.

3.Қорытынды бөлім:

Сабақ соңында балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, салған суреттерін өздеріне әңгімелетіп айтқыздым.

 

Сабақ нәтижесінде:         Балалардың ертегі әлемі жөнінде түсініктері кеңейді.

Шығармашылықпен жұмыс жасады.Өзінің салған

жұмысының нәтижесі туралы әңгімелеп айта білді.

Бейнелеу,көркем әдебиет,тіл дамыту сабақтарын ертегілермен байланыстырып өткізгенде,балалардың сөздік қорлары толықтырылды,

сөйтіп олардың белсенділігі артты.Балалар сабаққа ынталана,қызығушылық

пен қатынасты.

 

 

 

Атырау облысы, Индер ауданы,Елтай селосы.«Қызғалдақ» балабақшасы

Тәрбиеші Уразмуханбетова А.Т.