«Қазақтың ұлттық ойындары

«Қазақтың ұлттық ойындары».

Мақсаты:

Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт — дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағышу, дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадың дамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.

Сабақ барысы:

Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.

«Киіз үй» қимыл-қозғалы ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.

Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айнакысында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:

«Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады».

Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әртүрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.

«Нысанаға түс»- «Таяк,-тастау», «Балапандар», «Арқаны тарту» ойын-аттаркционы.

Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.

Эстафеталар:

  1. «Күміс алу». «Сөре сызылған белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай, иіліп, күмісті көтереді де әрі қарай шабады. Кегліді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.
  2. «Бәйге» (ат жарысы). Балалар жұппен сөре сызына тұрады. Бірінші — ат — қолдарын артқа — төмен созады да, екіншісі — салт атшы — оны қолынан ұстайды, осы қалыпта екуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып, кейін қайтады.
  3. Алдаркөсе балаларға бауырсақ әкеледі, балалар шай ішу үшін топтарға кетеді.