« Наурыз – жыл басы».

Сабақтың тақырыбы: « Наурыз – жыл басы».

 Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту, сұрақтарға толық дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы:  сұрақ — жауап, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, көрініс қою барысында балалардың ой — өрісін дамыту

Тәрбиелігі: – балаларды казақ тілін құрметтеуге, ұлттық киімдерді, мерекелерді қадырлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: наурызға арналған суреттер,ұлттық киімдердің үлгілері. Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:өлеңдер, ән айту, би билеу,көрініс көрсету,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Іс-әрекет кезеңдеріМұғалімінің іс- әрекетіБалалардың  іс-әрекеті
Ұйымдас-

тырушы-

лық-оятушы

лық

-Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді демекші  қонақтарымызбен амандасайық.

-Таңғы шеңбер.

Ал, енді балалар, айналаны қоршаған ортамен, бір – бірімізбен шеңберге тұрып  амандасайық.

 

 

 

 

 

 

-Балалар, кәне сендер қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

 

 

Жаз,күз, қыс, көктем мезгілдерінің айларын атап беріңдерші?

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, мен сендерге жыл мезгілі туралы жұмбақ жасырамын. Сендер зер салып, мұқият тыңдаңдар.

 

-Қой маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Қар, мұз, еріп,

Су көбейіп,

Сай —  салаға ағады.

Бүршік шашып

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады?

 

-Көктем мезгілі туралы сендер тағы не білесіңдер?

Ортаға Ильдар, Артем, Данил, Наргизді шақырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарды ертіп жылғасы

Наурыз келді жыл басы демекші  көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды. Бүл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан — жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған  Бүл күн біздің елімізде ерекше тойланады.  Степногорск қаласы Ақсу кентінде,  былай тойланады.  Өнерін көрсететін адамдар  қазақтың ұлттық киімдерін киеді. Бүгінгі мерекелік сабағымызға біздің бүлдіршіндерімізде ерекше киініп келді.

— Балалар,  сендер қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

 

 

 

 

-Алаңға киіз үйлер құрылады.

—   Балалар, киіз үйді құру үшін нелер керек?

 

— Киіз үй туралы сендер  не білесіңдер?

 

 

 

-Балалар, киіз үйдің сыртында тағы не көріп тұрсыңдар?

 

 

-Балалар,қандай ою-өрнектің элементтерін білесіңдер?

 

-Балалар,киіз үйдің ішінде қандай заттар бар?

 

 

 

-Наурыз көже туралы не білесіңдер?

 

 

 

 

 

-Наурыз көжеге қандай жеті түрлі ас салынады?

 

 

 

 

-Сергіту сәті.

Балалар, шеңберге тұрып бой жазып,сергіп алайық.

Кәне, кәне тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп

Киіз үйдей болайық.

 

-Ұлыс күні  «Наурыз құтты болсын!»

Отанымыздың іргесі мықты болсын!

Дей отырып, ортаға Алихан,

Анатолий, Данилді шақырамын. Тамашалаңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктем келді береке,ырыс ағылар.

Жаңа күнмен жан дүниең жадырар.

Құлақтан кіріп, бой балқытар үнімен.

Сәбилердің әнін халқым қабыл ал.

Сіздердің назарларыңызға бүлдіршіндеріміздің орыдауында «Наурыз келді, балалар».

 

Қыдыр қолдап,

Аман боп бәрімізде.

Наурыз келіп,

Қуантып бүгін бізді.

Ата-баба, мәңгілік ризамыз!

Бізге осындай  той қалдырған.

Дәстүрлі ізгі.

Ортаға Марина,Ақмарал Томиристі шақырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мың бұралып,жүз құбылып билеген.

Биші көрсем бір ерекше күйге енем.

Қошеметпен қарсы алайық биші елін.

Ел емеспіз өнерге бас имеген.

 

 

 

-Рахмет, балалар,өте жақсы.

 

 

 

 

 

 

Аңызбенен астасты даламызда

Аңыз-тарих жаттанды санамызға.

Наурыз жайлы аңыздан сыр шертейік.

Берері мол қашан да балаңызға.

Ортаға «Балауса» атты шағын-орталығының ұжымын шақырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың есептерінде жылдан үлкен мүшел дегендер бар. Мүшел – он екі жыл болады. Сол жылдардың аттары әр хайуанның аттарына ұқсайды. Мысалы: әуелі жыл мүшелде – тышқан, екінші сиыр, онан соң – барыс, қоян ұлу, жылан, жылқы,қой, мешін, тауық, ит, һәм  доңыз. Осы жылдарды білетін қазақтарға кісінің қай жылда туғанын айтса, адамның жасын тауып береді. Ендеше, бұрынғыдан қалған сөздер бойынша сол хайуандар жыл ағасы болуға дауласыпты. Ортаға жыл басына таласқан хайуанаттарды шақырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Тышқан не айтарын білмей тұрды да, бip түрлі қулық ойлап, жиналған көпке былай деді.

 

 

 

 

 

 

-Өзгелері жыл қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп, «Менен бұрын кім көреді» деп тышқанның, сөзін қоштап, бәpi  қарасып тұрады. Біраздан соң тышкан жорғалап, туйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Көп хайуандар таласып біз көреміз, біз көреміз деп тұрғанда, ең биіктегі отырған тышқан ешнәрсе демепті. Сонан соң күнді бәрінен бұрын тышқан көріп,хабар береді.

 

Түйе бойына сеніп құр қалады – деген сөз осыдан қалған екен. Осы кезекпен  биылғы жылда наурыз айында елімізге Жылқы жылы кірді.

 

-Балалар, жылқы қандай мал?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елімізге кірген Жылқы

жылы құтты болсын!

 

 

Осымен мерекелік сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

-Сәлеметсіздер ме.

 

-Балалар шеңберге тұрып хормен, іс-әрекет арқылы

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым.

 

 

-Күз,қыс, көктем, жаз.

 

 

 

-Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

-Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

-Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

 

Ұйымдас

тырушы

лық-ізденуші лік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Көктем мезгілінде

 

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз

 

-Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын жас гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын.

 

-Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы – жырымен

Көңіл гүлдей жайнасын

 

-Қарды ертіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн

Мейрамында халықтың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қос етек көйлек, желетке, үкілі тақия, сәукеле, шалбар, жейде.

 

 

 

 

 

-Уық,кереге, шаңырақ,есік.

 

 

 

-Киіз үй дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп,

Қона қалар дөңге кеп.

 

 

-Ою-өрнекпен әшекейленген

 

 

 

-Тарақ, ,мүйіз, жұлдыз, гүл,

 

 

-Жастықтар, сандықтар, көрпелер, дөнгелек үстел; кеселер, үлкен  тостаған ішінде наурыз көже, ожау.

 

-Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

 

-Су,тұз,ет, бидай, күріш,тары, айран.

 

 

 

 

 

 

-Хормен сөзін айтып, қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Уа, ағайын халайық

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

 

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып.

Сағынды қыз, аңсады ұл,

Төрле, есіктің бәрі ашық.

 

-Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз.

Ән айтайық бәріміз,

Нурыз тойын тойлайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар ән айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Мерекені байырғы,

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

 

-Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін.

Бүкіл қазақ еліне.

 

-Наурыз келді алақай.

Кел билейік балақай

Біздер қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық.

 

 

 

 

 

 

-Балалар би билейді

 

 

 

 

( киімдерін ауыстыруға балалар шығады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Ерте заманда Қазақ елін әлсін — әлі жау шауып, ел бірде олай, бірде бұлай ауып, мал жаны қырылып, ел басына ауыр күн туыпты, сондай қилы да қасіретті жылдың бірінде Наурыз деген қария өзіне қарасты елін бастап елге қамал, малға жайлы бір қоныс қопалы аймақты қыстапты. Құдай оңдап, сол жылы азаматтары шабуыл жасаған жауды жеңіп, малжандары қыстан аман есен шығып, ел — жұрт мәре сәре болыпты.
Наурыз қарт үлкен есепші, астроном екен, ол күн мен түннің теңелген, жер бетінің бусанған дәл 22 — наурыз күні ерте тұрып ел аралап.

Наурыз: «Бүгін ұлыстың басталар күні, күнмен түннің теңелген, бота боздап, қой қоздайтын қасиетті күн, Жан — жануар, өсімдіктердің өсіп өнетін, жер анадан қуат алып, ерекше күйге енетін күн, Сондықтан барлық үй той жасаңдар! Бұдан былайғы атар таң – көрер жылдарымыз бүгінгідей қуаныш мерекемен басталар болсын! Ұрпақтарымыздың көңілін қайғы – қасірет торламасын!».
 Кемпір: (күліп)  шал! Еліңде арықшылық уақытта той жаса дедің, қысылып әрең шыққан жұрт тойды несімен жасайды?,
Наурыз: (күліп) тойдың қызығы байлық пен қарын тойдыруда емес, қайта көңіл көтеріп, рухани азық алуда, көппен бірге көңілді отырып ішкен бір ұрттам қара су мен бір аяқ көженің нарқы есерлікпен өткен 40 күндік сауық пен 40 жыл жинаған байлықтан артық, ал енді кемпір отырмай сенде қабыңның түбін қақ.

Кемпір: Қаптан бір кәрі жілік пен бірнеше кесек ет шығыпты.

Наурыз: «жарайсың, кемпірім! Тұп — тура бір тойдың етін сақтапсың, дереу қазанға сал: қазанның құлағына төрт жапырақ май қой, оның біреуін піскенде өзің же, біреуін үлкен балаңа бер, біреуін күйеу балаңа бер, біреуін немереңе бер, кәрі жілікті қарияларға тарт қалған еттерді турап көжеге салып жібер және көжеге арпа, бидай, тұз, құрт(айран, қатық ) сияқты жеті түрлі дәм қосылсын,  кәрі жілік бабалар дәстүрінің жалғасы, дән өсіп өркендеудің белгісі болсын, су мен тұз ұрпақтарымыздың дәм тұзы жарасып мәңгі тату – тәтті өтуіне дәнекер болсын, айран, қатық айрандай ұйып, басымыздың өмірлік бір болып ақ көңіл адал ниетте болатындығымыздың куәсі болсын.
Автор: Наурыз қарттың елі қап түбінде қалған еттерін түгел қазанға салып ұлан асыр той жасап, жадап жүрген көңілдерін көтеріпті. Ел Наурыз қарияның ұйғарымы бойынша, көктем тойына ерекше әзірленіпті.

Тойға шақырушының бірі Алаша ханға барып

Бала: «Тақсыр, сізді ауылымызда өтетін тойға шақырып келдім».

Хан: «Ау, бұл қай уақытта жасалған той, той деген жаз бен күзде жасалынбаушы ма еді? Ол кімнің тойы»,

Бала: (не дерін білмей сасқалақтап).
Наурыз деген қарияның тойы, наурыздың тойы».
Автор: сол күні ауа райы аса жайлы болса керек, хан шапанын жамылып далаға шыққан екен, төбесінен қиқулап қаздар ұшып өтіпті, көзіне дала төсінде тебіндеп келе жатқан жасыл өркендер шоқтай басылыпты.

Хан:   көкірегін кере дем алып «бұл бір өміршең өлмес той болып, ғасырдан — ғасырға жалғасқалы тұр екен»

Автор:- деп сүйсіне тіл қатыпты, сүйтіп, сол той «Наурыз тойы» жеті дәмді біріктіріп жасаған көже «Наурыз көже» той өткен ай «Наурыз айы» аталып кетіпті. Наурыз көже таратылады. Қонақтар «наурыз» көжеден ауызтиеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылқы: «Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.

Туйе: «Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін кұл болдың, міне, сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса көде, жусан болса жусан, не кез келсе, соны қорек eтіп, табылса су iшіп, табылмаса шөлде де жолға журе беремін. Жыл ағасы мен боламын»

 Сиыр: « Адам eriн ексе менімен егеді, сутімді iшіп, құрт, май icтейді. Жыл ағасы мен боламын».

Қой: «Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тiгедi, аркан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалы мал жоқ. Жыл ағасы мен боламын».

 Ит: «Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қаскыр жеп тауысар еді Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе үpiп, абалап, иеме хабар беремін. Жыл ағасы мен боламын».

 Әтеш: «Мен болмасам, адам жұмысына бармай ұйықтап калар еді. Мен таңертең тұрып, таң, атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын. Жыл ағасы мен боламын».

 

 

 

Тышқан: Бұл таластан ешнәрсе өнбес,күнді қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

 

-Алақай! Алақай! Күнді мен көрдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Еңбекқор, сүйкімді, күшті, жүйрік,ақылды.

 

-Ортаға жылқы шығады.

 

Сендер мені мақтадыңдар қой, рахмет сендерге, мен қуаныштымын. Мен сендерге сыйлық әкелдім. Сіздерге де сыйлық әкелдім.

Жылқы өзінің сыйлығын таратады

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жыл мезгілдері және оның айларының атаулары, көктемнің ерекшеліктері, наурыз туралы түсініктерінің болуы.

Болу керек: қазақтың төл мерекесі Наурыз туралы, оның ұлттық киімдері, тағамдары туралы білімдерінің болуы.

Істей алу керек: қойылған сұрақтарға дұрыс,толық, анық жауап бере алуға,өлеңдерін, әндерін, билерін,сахналық көріністерін көрсете алуларына