Ертегі- ертегі сыр шертеді.

54

 

Тақырыбы: Ертегі- ертегі сыр шертеді.

Мақсаты: Балаларға ертегідей жағдайларды жұптаса орындату баоысында сөйлей отырып, тілдік қорларын, ойлау қабілеттерін, қиялдарын  есте  сақтау қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды жұптаса орындата еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке мейірімділікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: магнтиофон,  математикалық лото, кірпіштер, қоян, қасқыр, аю киімдері.

Әдіс-тәсілдері. Сұрақ-жауап,  кқрнекілік, ойнату.

Сөздік жұмыс: жұптаса, көмектесеміз, зәулім, домалату.

Тәрбиеші: Кәне, балалар біз бір-бірімізбен амандасайық.

Балалар: Аппақ қардай көңілмен

Көк өрім көктем өмірмен

Жаздай жарқын сезіммен

Күздей жеміс төгілген

Қол ұстатсып шықтық біз

Қос бұрымды өрілген

Төрімізде отырған

Сәлем бердік сіздерге.

Тәрбиеші: Бізге келген қонақпен танысайық.Бұл кім екен?

Балалар. Сәлеметсіз бе?

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме балалар?

Тәрбиеші: Бауырсақ сен бізге қалайша келіп қалдың?

Бауырсақ: Сендер білетін «Бауырсақ» атты ертегіден келдім.

Тәрбиеші. Балалар сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?

Балалар. Қолдарын көтеріп айта бастайды.

Тәрбиеші. Өте тамаша ертегіні жақсы біледі екенсіңдер ғой.Ал бауырсақ сен қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Мен орманға саяқатқа бара жатырмын.

Тәрбиеші: Сендердің де барғыларың келеме?

Балалар: Барғымыз келеді.Жүріңдер.Ендеше бәріміз бірге барайық.(бауырсақтың соңынан еріп домалай жөнеледі)Балалар қолдарын домалата отырып домалап-домалап деген сөзді айтып отырады.Бір кезде алдарынын қоян шығады.

Қоян: Мен сені жеймін.

Балалар: Біді жемеші саған өлең айтып берейік.

Қоян: Жоқ менің ән тыңдағым келіп тұрған жоқ,Оданд а маған әдемі, зәулім үй салып беріңдер.Сонда ғана бауырсақты жемеймін.

Тәрбиеші: Ендеше қояға көмектесіп, үй салып берейік. (балар екі топқа бөлініп үйді сала бастайды)

Аю:(ойланып тұрып) Менде әдемі әуен бар. Маған сол әуенге билесеңдер мен бауырсақты жемеймін.

Балалар: Әрине, белеп береміз.( балалар жұптасып билейді)

Аю: балалар, сендердің билерің маған ұнады. Мен енді бауырсақты жемеймін.

Балалар: (бауырсақпен бірге домалап кете барады(

Түлкі: Бауырсақ-бауырсақ мен сені жеймін.

Балалар: Түлкі-түлкі сен бізідің осымызды жемеші.Біз саған ән айтып береміз.

Түлкі. Менің ән тыңдағым келмейді.

Балалар. Енді сізге не ұнайды. Ұнаған затыңызды айтыңыз?

Түлкі:Маған алжапқыш керек.Менің алжапқышымның әбден тозығы жетті.

Балалар: Түлкіге арнап әдемі алжапқыш дайындайды.

Түлкі: Рахмет.Қандай тамаша! Мен сендерге риза болдым. Енді бауырсақты жемеймін.(балаларбауырсақпен бірге  домалап-домалап кете барады.)

Қасқыр: Бауырса-бауырсақ мен сені жеймін.

Балалар: Қасқыр аға бауырсақты жемеші біз сізге билеп берейік.

Қасқыр: менің биді көргім келмейді.Маған мына есеп лотосын дұрыстап құруға көмек беріңдер.

Балалар: Жарайды, құрып береміз.

Тәрбиеші: Міне, балалар бауырсақпен саяхатымыз аяқталды. Өз тобымызға  да жеттік.Жұптаса жүріп, топтаса жүріп тала-талай қиындықтарды жеңдік.Бүгін бәріміз бауырсақты қорғап қалдық.Оны аюға, қасқырға, түлкіге жегізбей алып қалды.Енді біз қандай балалар екенімізді көрсетіп, тақпағымызды айтайық.

Біздің топтың ұл-қызы

Тату-тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлаймыз.