Мектеп жасына дейінгі балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың  тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу.

Білімділік:  Оқушы студенттерді мектепке дейінгі жастағы  балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу жолдары жайлы, соның ішінде  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары бойынша әр жас тобындағы әлеуметтік білім беру саласы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың ұлтжандылық сезімдерін – өз отбасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастырудың жолдарын анықтап тәжірибеде қолдана білуге үйрету. «Отан»,  «азамат», «патриот» ұғымдарының мәнін ашу. Азаматтық мақтаныш сезімін қалыптастыру

 Дамытушылық:

  • Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
  • Әр оқушының тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Оқушылардың ұжымдасып әрекет ету шешім қабылдау;
  • Өз пікірін дәлелдеу дағдылары мен құзырлылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Әдеби сюжеттер бойынша драмалық-ойындарды сахналаудағы рөлдерді орындау тәсілдеріне үйрете отырып,   алуан түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға қатыстыру, оқушыға өзіне құрметпен қарап, мейірімділік, қайырымдылық және басқа да ізгі қасиеттерді бойына сіңіруіне мүмкіндік туғызу, ұжымда, қоғамда, бейімделуіне ойдағыдай әлеуметтенуі үшін қажетті тұлғалық қасиетін қалыптастыру.

Кәсіби: Оқушы студенттердің кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, педагогикалық терминдерді дұрыс, тиімді пайдалана білуі,  педагогикалық талаптарды орындай білуі, тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білу қабілеттерін жетілдіру. Көркем тілдік және театрландырылған ойын әрекеттері арқылы студенттердің дербестігін қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі:  сабақ – презентация Везуалдық лекция

Сабақ типі:   Жаңа білімді жетілдіру сабағы

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, миға шабуыл, талдау, зерттеу, өзіндік жұмыс,  ойын

Сабақтың көрнекіліктері: мемлекеттік рәміздер  бейнеленген плакаттар, Қазақстан мен Астананың сәулеттік ғимараттарының иллюстрациялары мен фотосуреттері, Қазақстан Президентінің және мемлекеттік қайраткерлерінің портреттері, жеңімпаздарға арналған грамоталар. Тақтаға  турлардың аты және викторинаның тапсырмалары жазылған плакаттар ілінген.

Оқыту нәтижесінде қалыптастырылатын

Білім:  Мектепке дейінгі жастағы  балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеудің жолдары мен  өзіндік ерекшелігін, мектеп жасына дейінгі балаларды   жан-жақты дамытып жетілдіруде, ұлтжандылық сезімдерін – өз отбасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастыруда оқу бағдарламаларының қызметін; балалар өмірін ұйымдастырудағы ойынның атқаратын рөлін біледі;

Дағды Оқушы студенттер мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет шығармалары мен таныстыру үдерісінде сыпайылық, мінез-құлық этикеті мен мәдениетінің дағдылары; Балаларды елжандылыққа тәрбиелеуде көркем әдебиеттің күнделікті өмірге қажеттілігін сезініп, көркем шығармаларды іріктеуге, кітаптар әлемінде өзіне қажет көркем шығарманы таңдай білуге дағдыланады; Балабақшада оқыту тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әр түрлі шығарма кейіпкерлерінің қылықтарын олардың мінез-құлқы тұрғысынан,  адамгершілік нормаларға сәйкестігі жағынан талдау жасау дағдысы қалыптасады.

Іскерлік: Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білу ақпаратты өңдеу, әдебиеттер мен дерек көздерін жинақтау, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау, көрнекіліктер мен сызбалар дайындайды бала қызығушылығына сай әрекет ете біледі.

 Пайдаланатын  әдебиеттер:

В.И.Ядэшко Мектеп жасына дейінгі педагогика 1982ж С.Әбенбаев Педагогика. 2004ж

А. Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика – Алматы; Рауан, 1992ж

Н. Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» -Астана  Фолиант, 2008ж

С.Б.Бабаев Бастауыш мектеп педагогикасы, 2007 ж

С.Бабаев, С.Оңалбек  Жалпы педагогика Астана,  2005ж

Ю.Бабанский  Педагогика  Москва, 1988 ж

Мектепке дейінгі тәрбие дамуының қысқаша очерктер жинағы  1987ж

А.Меңжанова  Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі – Алматы; Рауан, 1996ж

“Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауы;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010 ж

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2010 жылғы 28 мамырдағы № 488  қаулысы

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 2009ж

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қа­зақ­стан дамуының басты бағыты» 2012ж

 

Сабақтың өзектілігі

 

  • «Бүгінгі күні Қазақстанның қоғамдық санасы сферасында қандай да дүниетанымдық вакуум, патриотизм сезімдері мен идеяларын  тәрбиелеуге, жағымды әлеуметтік маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған сапалы идеологиялық жұмыстың жетіспеушілігі байқалады»

 

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

б) оқытушының сабақ мақсатымен,  құрылымымен таныстыруы;

в) оқушылардың және топтардың білімін бақылау, бағалау мақсатында, әр топтағы оқушыларға бағалау парағы таратылады. Сабақ соңында кері байланыс парағы толтырылады. Сабақты өткізу ережелерін, алдағы жұмыстың мақсаты мен міндеттерін  таныстыру

 

Сабақтың кезеңдері

  • Ұйымдастыру сәті    Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді
  • 1 кезең – Кедергі        Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді
  • 2 кезең – Таным         «Мен білемін – сенде біл»
  • 3 кезең – Ізденіс         Егер ісің өнсін десең ретін тап.
  • 4 кезең – Мәре Білім алу –батылдық, оны толықтыру- даналық,

ал шебер қолдана білу өнер

 

Ұйымдастыру сәті – 3 минут

 

Бірінші кезең – «Кедергі» тестілеу түрінде өтеді. Қатысушыларға жауаптарының нұсқаларымен бірге 10 сұрақ беріледі. 15 секунд беріледі. Әрбір дұрыс жауап үшін  5 балл.

Сұрақтар:

  1. Баланың тілдік қарым-қатынасы мен дағдыларын қалыптастыру бұл:

а) тіл дамыту пәнінің мақсаты

б) тіл дамыту пәнінің міндеті

в) тіл дамыту пәнінің мазмұны

  1. Қазақстанның Туын жасаған кім?

а) Шәкен Ниязбеков*

б) Мұқан Төлебаев

в) Латиф Хамиди

  1. Қай білім беру саласында жақсылық, өзара көмек, достық туралы түсінік беру жүзеге асырылады?

а) Таным

б)  Қатынас

в)  Әлеуметтік орта

  1. Мемдекттік рәміздермен таныстыру қай жас кезеңінен басталады?

а)  1-2 жас

б)  2-3 жас

в)  4-5 жас

  1. ҚР мемлекеттік елтаңбасы мен туының эталоны қайда сақталады?

а) БҰҰ-да

б) Қазақстанның әрбір ұйымында

в) ҚР Президентінің Резиденциясында*

  1. ҚР Тәуелсіздігі күнін азаматтар … атап өтеді

а) 30 тамызда

б) 25 қазанда

в) 16 желтоқсанда*

  1. І. Жансүгіровтің «Жаз» шығармасымен қай жас тобында таныстырылады?

а)  ІІ сәбилер тобында

б)  Естиярлар тобында

в)  Ересектер тобында

  1. Әнұранды орындау барысындағы ережені сақтауға үйрету жүргізіледі

а) ІІ сәбилер тобында

б)  Естиярлар тобында

в)  Ересектер тобында

  1. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін … жариялады:

а) 1991ж.*

б) 1992ж.

в) 1993ж.

  1. Мемлекетпен құрылған холдингтік компания қалай аталады?

а) Самрұқ*

б) Испат-Кармет

в) Транс-Ойл

 

Лездеме сұрақтар арқылы оқушылардың  Қазақстан Республикасы жайлы Географиялық, Тарихи, Экологиялық  білімдерін анықтау. Әрбір  жауап деңгейіне сәйкес фишкалар беріліп бағаланады

 

География

  1. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекараласады (Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан)?
  2. Қазақстанның аумағы қандай? (2 млн. 717 мың кв. км.)
  3. Қазақстанда неше облыс бар? (14)
  4. Қазақстан аумағының көлемі бойынша әлемде нешінші орынды алады? (9)
  5. Қазақстанда қанша адам тұрады? (15 млн. адам)

 

Тарих

  1. Археологтар «Алтын адамды» қайдан тапты? (Есіктен)
  2. Томирис патшайым қай тайпадан болған? (Сақ)
  3. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылған? (XV ғасыр)
  4. Құрамына Ә. Бөкейханов және оның серіктері кірген партия қалай аталған? (Алаш)
  5. Мемлекеттік символдардың қайсысында шаңырақ бейнеленген? (Елтаңбада)

 

Экология

  1. Қай қаланың ауданында ядролық полигон орналасқан? (Семей)
  2. Мысық тұқымдас аң, Қазақстанның эмблемасы, Қызыл кітапқа енген (Барыс).
  3. Қазақстандағы құрып бара жатқан теңіз қалай аталады? (Арал)
  4. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің егемендігі туралы жариялады. Егемендік деген не? (Тәуелсіздік)
  5. Қазақстанның тәуелсіздігін неше мемлекет мойындады? (120-дан астам)
  6. Әлемнің көптеген елдерінде тұратын қазақтардың этникалық Отанын атаңыз? (Қазақстан)
  7. Дүние жүзінде Қазақстанның шекарасынан тыс қанша қазақ тұрады? (14 млн.)
  8. Қазақтардың бүкіләлемдік съезі қалай аталады? (Құрылтай)

 

 

2 кезең –  Таным Жаңа сабақты бастамас бұрын «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі

             

1 оқушы- Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», » патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты — наным — сенімінен туындайды. Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы патриотизм ұғымына  кірсе керек.»Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ.

 

2 оқушы Патриотизм идеясы барлық уақытта да қоғамның рухани өмірінде ғана емес, сонымен бірге оның қызметінің барлық маңызды – мәдени, идеологиялық, саяси және басқа сфераларында ерекше орын алады. Қазір қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы, осы ұғымның мағынасы неде, оның басты принциптері қандай екендігі туралы көп айтылуда. Бірақ патриотизм ұғымының  өзінің өте терең, қиын бағаланатын мәні бар.

Патриотизм — (грек тілінен – атамекен, Отан) – Отанға деген махаббат, оның тағдыры үшін  жауапкершілік сезімі, оның мүдделеріне қызмет көрсету және ішкі өмір сферасындағы және халықаралық аренадағы оның жетістіктеріне қызмет көрсетуге әзірлік және қабілеттілік

 

3 оқушы Менің  пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Мектеп жасына дейінгі балалар бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда  тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын — жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері мектеп жасына дейінгі балалар бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен — өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім

 

4 оқушы Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу — Насыр әл — Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы — жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра.

Махамбет өлеңі оқылады

 

5-оқушы Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Абайдың қара сөзі

 

6-оқушы Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, балалардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз Ата мекен жер үшін, Қасиетті ел үшін, Әзиз ана, қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас Күң, құл бомасын, — деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырадыСондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған.

Мысалы:
•Намысты нанға сатпа.
• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындық.
• Именіп жүріп көрген игіліктен — қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше — шындықтың уын ішін өлген артық.
• Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті

Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған

      

Оқытушы сөзі: Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт — дәстурімізді жатқызсақ, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін — адам болуымыз үшін, салт – дәстүр — ұлт болуымыз үшін қажет

Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр.Қазақстандық патриотизм – ерекше патриотизм, өйткені Қазақстанның  көп ұлтты халқының  олар үшін ортақ Отанға қатынасы туралы сөз қозғалып отыр Қазіргі уақытта жасына, Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне қарамастан,  әрбір азаматтың бойында  патриотизмді тәрбиелеу, жоғалтылған мемлекеттік  сана-сезімді қалпына келтіру және осы идеологияны барлық жерде ендіру  қажет.

Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

 

1-кесте – Тәрбиелеу жұмысы нысандарының алуан түрлері

сағаттарын өткізудің кейбір түрлері

 

Жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі заманғы адамгершілік талаптарын есепке алатын, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығы негізінде руханилықты қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие  процесі ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

Педагогикалық ұғым ретінде патриоттық тәрбиелеудің мазмұнына үш елеулі белгі кіреді:

біріншісі –қазіргі Қазақстанның жетістіктері мысалында

екіншісі –адамзаттың тарихи дамуының жетістіктері ретінде әлеуметтік-мәдени құндылықтарға ;

үшіншісі –тұлға өнегесінде патриоттық тәрбие беру Моделінің – ұйымдастырылатын  ықпалдардың белгілі жүйесінің бар болуы

 

 

БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТҮРЛЕРІ

 

2-кесте – Тәрбиелеу жұмысы нысандарының  түрлі

сағаттарын өткізудің кейбір түрлері

 

Білім алу –батылдық, оны толықтыру- даналық, ал шебер қолдана білу өнер

3 кезең –  Ізденіс ( 20 минут).

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту «Біз мектепке барамыз бағдарламасы» бойынша 5-6 жастағы балалар Әлеуметтік орта білім беру саласы бойынша мына төмендегі тақырыптар бойынша түсінігі болуы шарт. Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар 3-6 жас аралығындағы балаларға Отан, отансүйгіштік, ұғымдарын қалыптастыруда қажетті ақпарат көздерін жинақтайды тәжірибе жинақтау барысында қолданады

І топ 

  • Елбасы мен оның қызеті туралы түсінік қалыптастыру. Елбасының патриоттық бағыттағы сөздерін жинақтау
  • Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің әдет- ғұрыптарымен таныстыру (көрініс)

ІІ топ

  • Елорда (Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы туралы түсінік)
  • Қазақстанның шекаралас жатқан мемлекеттері туралы мәліметтер жинақтау әдеб-дәстүрлерімен таныстыру (көрініс)

ІІІ топ

  • Қазақстан Республикасының әскері. (Әскер өмірі, киім үлгілері, әскери техника)
  • Ұлы Отан соғысы жылдары ел қорғаған қазақстандық қаһармандар М.Мәметова,

Ә. Молдағұлованың ерліктері (көрініс)

Үшінші  кезең – Мәре

Кері байланыс

ІІІ. Ұсынылған ұстаздық ұлағаттың мағынасын  қатыстыра отырып ой түйіндеу

  • «Даналықтан мынадай үш ерекшелік шығады: тамаша шешімдер ұсыну, қатесіз сөйлеу

      және қажетті нәрсені ұсыну.                                                           Демокрит

Қорытынды шығару Сонымен, эксперт тобы бағалау қорытындысын есептегенше, қатысушылардың бір-бірінің қолын алып, алғыс білдіруіне мүмкіндік береміз. Сөз  қорытынды шығару үшін эксперттер тобына беріледі. Сабақ оқушылардың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталады

 

 

Үй тапсырмасы:

  1. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту «Біз мектепке барамыз бағдарламасы» бойынша 5-6 жастағы балаларға арналған қазақ ақын жазушыларының шығармаларын жинақтау, жаттау.
  2. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер, Қазақстан және әлемдік қауымдастық тақырыбына зерттеу жұмысы