Қайталау, білім бекіту сабағы.

57

МАТЕМАТИКА

 

Сабақтың тақырыбы: Қайталау, білім бекіту сабағы.

Сабақтың мақсаты:

1-ден 5-ке дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе цифрлар,суреттер,сандар тізбегі, интерактивті тақта .

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын жаттығулары.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар, бүгін сабақ ерекше болмақ. Өйткені бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.

Сендер «Маша және медьведь» ертегісін білесіндер ме? Ендеше осы Маша да сендер сияқты мектеп табалдырығын аттады. Ол да сендер сияқты математика сабағын өтеді екен. Бірақ  бүгін сендерден көмек сұрауға келіпті,

көмектесесіндер ме?

Математика сабағы болғандықтан, есімізге түсірейікші математика бізді неге үйретеді екенін.  Әр математика сабағы санаудан басталады. Қандай санау түрлерін білеміз.

Ендеше Машаға қалай санайтынымызды көрсетіп, үйретіп жіберейік.

  1. Тура және кері санату.

Аю Машаға тағы мынандай тапсырма беріпті:

  1. Сандардың көршісін тап.

Ал Маша болса, өзінің көрші тұратын аңдарын ғана біледі екен. Сендерден көмек сұрап отыр. Болысамыз ба?

Аю Машаға мынандай тапсырма беріпті: екі қатардағы аю саны тең болу үшін не ыстеу керек? Машаның ойынша бір аю қосу керек дейді. Машаның ойы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

Ал сендер теңестіруді білесіңдер ме екенін тексеріп көрелік.

  1. теңестіру.

Мынау қандай сан?  Неше Машаның суреті тұр? Иә, Маша саған көмектесіп тұр.

Енді 1-5 дейінгі сандардың қатары шашырап жатқан сандардан құрау.

0 1 2 3 4 5

 

 

Ал 5 санының құрамы есімізде ме екенін қазір көре жатармыз.

 

 

5                     5

 

 

Маша да сендерге 5 санының құрамын тапқанға көмегін тигізді.

Құрамын қайталадық, енді қалай жазылады екенін еске түсірейік.

5-тің жазылутехникасын кым көрсете алады?

Жазып көрсете алады.(тақтаға жаздырып көрсету)

Енді сәл сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Себеттерге салайық.

 

Балалар аю орманнан көптеген жемістер теріп алыпты, бірақ онын саны қанша екенінің  санай  алмай тұр, аю қанша жеміс жинағанын тауып беріндершы деп  сендерден көмек сұрайды.

Карточка тарату

Мына карточкалардағы жемістердің санын бос шаршыға жазып көрсетіңдер.

 

Маша геометриялық піішіндерді білмейді екен, ал біз білеміз бе? Онда көрсетіп тағы Машаға үйретсек қайтеді.

Геометриялық фигуралармен жұмыс.

Сонымен  балалар быз өткенді еске түсіре отыра, Машаға да көп нарсе үйреттік.маша сендерге көп рахметін айтып жатыр, оған болысқан балаларға риза. Сендерге арналған сыйлықтары бар.

Сонымен біздін сабақ аяқталды.