«Ұқсасын тап »

92

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

 «Жұлдыз» балабақшасы

І –ші кіші топ  тәрбиешісі: Матчанова Г.Ғ

Білім саласы: Таным

ҰОІӘ: Сенсорика

Тақырыбы:  «Ұқсасын тап »

Сабақтың мақсаты:  Балаларды заттың түстері мен пішіндерін ажырата білуге үйрету. Саусақ моторикасы арқылы ақыл ойын дамыту. Жаңа жыл мерекесін еске түсіріп, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Балаларды сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  көрсету, түсіндіру, ойын тәсілдері, қызықты сәт, мадақтау.

Көрнекіліктер: лента ,сары- қызыл түсті геометрилық пішіндер.

Тәрбиеші: Саламатсыздар ма Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Қане бәріміз шеңбер құрып, қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бізге келген қонақпен

Амандасып аламыз

Салем, салем, салем!

 

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар Балалар!

Ұйымдастыру сәті:

  • Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілі
  • Ауа- райында қандай өзгерістер бар?
  • Қыста күн суық, далада қар жауады.
  • Ал қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық? (Балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелесу).

Қызықты сәт:  Кенет телефон шырылдайды.

Тәрбиеші:

  • Ало, саламатсыз ба?
  • Бұл кім екен?
  • А-а-а Түлкі сен бе?
  • Сен неге жылап түрсың?
  • Саған көмек керек пе?
  • Мұңай ма қазір біз саған көмекке барамыз.

Балалар  ормандағы түлкіге біздің көмегіміз керек болып жатыр.

Оның  жаңа жылдық шыршасының безендіріп қойған моншақтарын мыстан кемпір үзіп кетіпті . Соған жылап  бізді көмекке шақырып отыр.  Түлкіге көмекке барамызба?

Балалар: Ия , барамыз

Тәрбиеші: Ендеше біздер тездетіп , орманға жетуіміз керек.

Ендеше сапқа тұрып бір біріміздің қолымыздан ұстап ,көзіміздіжұмайық .

(Балалар орманға келеді, шыршаның түбінде  түлкі жылап отырады. )

Түлкі: Балалар меніңшыршамның ілетін моншақтарын үзіп кетті. Енді менің шыршам әдемі болмай қалды. (Тәрбиеші үзілген моншақтарды балаларға көрсетіп, пішінін,түсін сұрайды. )

Тәрбиеші: балалар бізде мұнда моншақтар оқ. Енді не істесек екен?

Таптым , таптым балалар. Мұндай        моншақтарды табу үшін сиқыршы ғана көмектесе алады. Мен сиқыршыны шақырайын.

Ал балалар біз мына тапсырманы орындамасақ. Сиқыршы келмейді.(тәрбиеші  тапсырма береді, тапсырманы орындағаннан кейін сиқыршы келеді ).

Сиқыршы: Балалар, саламатсыздар ма? Мені неге шақырдыңыздар? (тәрбиеші түлкінің жағдайын айтып түсіндіреді.)

Жарайды мен сендерге көмектесейін, бірақ менің бір шартым бар. Мен сиқыр жасамас бұрын , мен сергіп билеп алуым керек.

Сегіту сәті:

Би билегім келеді.

Бірақ қалай бастайын

Бір оңға , бір солға

Өзін өзі айнала.

Сиқыршы сиқырын қолданып , сиқырлы қобдишаны алып шығады. Қобдишаның ішінде  дөңгелек және төрт бұрыш пішінді моншақтың бөліктері болады.

Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы  мына қобдишаның ішіндегі дөңгелек және төртбұрыш пішінді бөліктерді түсіне қарай ілгектерібар моншақтарға тағайықшы. (балалар қобдишадан шыққан пішіндерді сәйкестендіріп,  ленадағы ілгектерге тағады ). Жеке шақырып таққызу.

Тәрбиеші: Балалар міне біздің моншағымыз дайын болды, енді түлкіге сыйлайық.

Түлкі: Рахмет балалар, мен қатты қуанып тұрмын, Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Қимылдық ойын: «Түлкі мен балапандар»

(Балалар ойынды ойнап болған соң , түлкімен қоштасады. Түлкі ризашылығын білдіріп , балаларға сыйлығын береді. )

Сабақ соңында балаларды мадақтау, қорытындылау.