«КӨКЖИЕК» «Таным» саласына қосымша әдістемелік нұсқаулық

Индербор кенті

«Райхан» балабақшасы

 

 

«КӨКЖИЕК»

«Таным» саласына қосымша әдістемелік нұсқаулық

 

2011 жыл

 «Райхан» балабақшасының әдістемелік

кеңесінде қаралып талқыланған

 

Хаттама № 2   02.02.2011 ж

 

 

 

Жинақтаған:

Куанышева Эльмира Избасаровна

І санатты әдіскер

 

 

Пікір жазған:

Балабақша директоры:    Жанғали Светлана Жардемқызы

                             

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете  алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің  негізгі міндеттерінің бірі — «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады.  Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесін табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға, қызығушылығын арттырып жауапткершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Әдістемелік нұсқаулық  «Таным» білім саласы бойынша  тәрбиешіге жақсы көмекші құрал болып табылады. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды бақылау арқылы үйренеді. Нұсқаулық табиғатты танып, білу –мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Әдістемелік нұсқаулық тәрбиеші жұмысын жеңілдетуге көп септігін тигізеді.

 

 

 

Түсінік хат

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып,  педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында  жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала — қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Міне, «Райхан» балабақшасы тәрбиешілерінің алдында тұрған мәселе осы еді. Экологиялық тәрбие әдістемелерін, басқа балабақшалардың озық тәжірибелерін зерттей келе, табиғатты бақылаудың бағдарламасын жасақтау тиімді деп шештік. Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.

Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» — осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

 

 

 

 

 

Мазмұны

ІТүсінік хат3
ІІ Бақылауды өткізудің әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыс түрін анықтау4

 

ІІІПепспиктивалық жоспар6
ІҮ1 – 3 Бақылау11
Ү4 – 6  Бақылау12
ҮІ7 – 8 Бақылау13
ҮІІ9 – 11 Бақылау14
ҮІІ12 – 13  Бақылау15
ҮІІІ14 – 16 Бақылау16
ҮІІІ17 — 19 Бақылау17
ІХ20 – 21 Бақылау18
Х22-25 Бақылау19
ХІПайдаланған әдебиеттер20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылауды өткізудің әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыс түрін анықтау:

  1. Бақылауды циклдік ұйымдастыру.Барлық білік-дағдылар көлемін бірнеше бөлікке бөлу және мерзімін анықтау.
  2. Бақылау кеңістігін ұйымдастыру. Бақылау жүргізілетін нысан әр баланың қабылдауына ыңғайлы болуы қажет.
  3. Бақылаудың ұзақтығы. Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
  4. Бақылаудың құрылымы. Құрылымның үш құрамдас бөлігі- кіріспе, негізгі бөлім, соңы. Кіріспе- баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Негізгі бөлім-балалардың қабылдаған сенсорлық мәліметін саралау үшін әдіс-тәсілдерді қолдану. Соңы – бақылауды қорыту, нәтиже.

5.Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.

Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:

1.Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.

  1. Бақылауды өткізу орны және уақыты.

3.Қатысатын бала саны.

  1. Бақылау дың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер.

Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор. Біз бақылаудың бағдарламасын жасақтадық. Жоспарда әр бақылаудың тақырыбы мен мақсаты нақты көрсетілген. Әр айға бақылаудың нақты 5 тақырыбы көрсетілген. Перспективалық жоспар несімен тиімді? Перспективалық жоспарда міндеттер жүйелі түрде шешіледі.

Міндеттердің жүйелі шешілуіне мысал келтірейік:

  • Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
  • Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
  • Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
  • Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
  • Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
  • Топырақтың адам өміріндегі маңызын анықтау.

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты.Бақылау барысында бала белгілі бір табиғи нысан туралы мағлұмат алады. Әр педагог ауа-райындағы өзгеріске, баланың жеке мүмкіндігіне және басқа да себептерге байланысты бақылау түрін өзгертуіне болады.

 

Перспективалық жоспарға бақылау бетшелері жасалды.Оларда:

1.Бақылау тақырыбы;

2.Бақылау мақсаты;

3.Сұрақтар мен мәліметтер;

4.Көркем шығарма немесе эксперимент;

5.Табиғаттағы еңбек

көрсетілген.

Бұл бағдарламаны қолдану педагогқа бақылауды қалай болса солай емес, белгілі бір жүйемен жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс барысында келесі ережелерді сақтау қажет:

1.Жұмыстың тақырыбы мен мақсатымен толықтай танысу;

2.Жүру барысымен толық танысу, саралау, оны тәрбиелік, білімдік жағынан бағалау;

3.Әр әрекетке шығармашылық, зейін таныту.

Сонымен, ересек бүлдіршіндер бақылау арқылы  күрделі табиғи құбылыстар мен заңдылықтармен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р/сТақырыбыМақсатыМерзімі
1Құрғақ топырақпен танысу.

 

Балаларды өлі табиғаттың бір құрамы -топырақпен таныстыруқыркүйек
2Қыркүйектің басында біздің аулада не өседі?

 

Балаларды ауладағы өсімдіктерді танып білуге үйрету.қыркүйек
3Ауа деген не?Балаларды ауа және оның қасиеттерімен таныстыру.

 

қыркүйек
4Күзде жәндіктерді бақылау.

 

Жәндіктердің күздегі тіршілігімен танысу.қыркүйек
5Мақсатты серуен. «Күзбен кездесу»Күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.қыркүйек
6Шықты бақылау.

 

Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-шықпен таныстыру.қазан
7   Балабақша ауласын қарау. «Барлаушылар» ойыны.

 

   Ауладағы бұталар, ағаштар, гүлдердегі өзгерістерді байқауға үйрету.қазан
8Ауа-райын бақылау.

 

Балаларды ауа-райын сипаттауға үйрету қазан
9Қайтқан құстарды бақылау.

 

Құстардың азайғандығына назар аудару.Себебін анықтау.қазан
10Күзгі Жайық өзені.

Мақсатты серуен.

Өзен бетіндегі өзгерістерге назар аудару.қазан
11Тұманды бақылау.

 

Балаларды табиғат құбылысының бірі-тұманмен таныстыру.қараша
12«Бақшадағы гүлдердің тұқымын жинайық»

 

 Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер туралы мағлұмат беру.қараша
13Ауа-райын салыстырмалы түрде бақылау.

 

Ауа-райына салыстырмалы түрде сипаттама беруге үйрету.қараша
14Жапырақтың түсуін бақылау.

 

Табиғаттың жылдың төрт мезгілінде де сұлу екендігіне назар аудару.қараша
15Ауладағы өсімдіктердегі маусымдық өзгерістерге назар аудару.Ауладағы өсімдіктердегі маусымдық өзгерістерге назар аудару.қараша
16Аққайыңды бақылау.

 

Аққайың ағашының өзгеріске ұшырауын бақылау.желтоқсан
17Желді бақылау.

 

Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-желмен таныстыру.желтоқсан
18Аула тазалаушының еңбегі.

 

Аула тазалаушының іс-әрекетін бақылау.желтоқсан
19Алғашқы суықтық.

 

Күн салқындауы мен мұзқату байланысы.желтоқсан
20Қардың түсуін бақылау.Қысқы табиғат құбылыстарының бірі-қар туралы мағлүмат беру.желтоқсан
21Боран және бұрқасынды бақылау.Боран және бұрқасын туралы білімдерін кеңейтуқаңтар
22Қырауды бақылау.Бақылау арқылы қырау туралы білімдерін жетілдіруқаңтар
23Ауа-райының қыс мезгіліндегі ерекшеліктерін бақылау.Қысқы ауа-райына сипаттама бере білуге үйретуқаңтар
24Қардың суға айналуы.Тәжірибе жасау арқылы қардың суға айналуын бақылауқаңтар
25Қар мен мұзды салыстыру.Қар мен мұздың қасиеттерін айыра білуқаңтар
26Құстардың қысқы тіршілігі.Қыстайтын құстардың тіршілігін бақылауақпан
27Ұйқыдағы ағаштар.Қыс мезгіліндегі өсімдіктердің күйін бақылауақпан
28Үлкендердің қысқы еңбегі.Қыс мезгіліндегі үлкендер еңбегін бақылауақпан
29Қардың түрлері.Қардың түрлерімен таныстыруақпан
30Ауа-райын салыстырмалы түрде бақылау.Қыс соңындағы ауа-райындағы өзгерістерді бақылауақпан
31Көктем келді.Көктемнің алғашқы белгілерін бақылаунаурыз
32Жылғалардан су ақты.Қардың еруі, жылғалардан су болып ағуына назар аударунаурыз
33Құстар келді.Жылы жақтардан ұшып келіп жатырған құстарды бақылаунаурыз
34Ағаштар бүршік жарды.Көктемдегі ағаштарда болып жатырған өзгерістерді бақылаунаурыз
35Көктемгі табиғат ерекшеліктерін бақылау.Көктем мезгіліндегі табиғат ерекшелігі туралы білімдерін кеңейтунаурыз
36Мақсатты серуен. Көктемгі баққа саяхат.Бақ ішіндегі өзгерістерді бақылаусәуір
37Қанатты достар көбейді.Жылы жақтан құстардың ұшып келуі аяқталғанын түсіндірусәуір
38Жаңбыр жаууын бақылау.Табиғат құбылыстарының бірі-жаңбырмен таныстырусәуір
39Бұлтты күнді бақылау.Өлі табиғаттың құрамдас бөлігі-бұлт туралы мағлұмат берусәуір
40Найзағайды бақылау.Табиғат құбылыстарының бірі-найзағай туралы мәлімет берусәуір
41Мақсатты серуен. Көктемгі далаға саяхат. «Қызғалдақпен кездесу»Көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі-қызғалдақпен танысумамыр
42Ауа-райын бақылау.Көктемнің соңғы айындағы ауа-райын бақылаумамыр
43Айналадағы үлкендер еңбегі.Көктемдегі тазалық жұмыстарын бақылаумамыр
44Жәндіктер оянды.Көктемдегі жәндіктердің ұйқыдан оянуын бақылаумамыр
45Жазды қарсы аламыз.Ауа-райындағы өзгерістерді салыстырмалы түрде сипаттаумамыр
46Құстар-біздің достар.Өлкеміздегі құстардың атын атап, танып, білуге үйретумаусым
47Жазғы ауа-райын бақылау.Айналаға назар аударып, ауа-райына сипаттама беруге үйретумаусым
48Ауладағы гүлдерді бақылау.Ауладағы гүлзарларда өсетін гүлдерді танып, атын атай білуге үйрету.маусым
49Ағаштарды бақылау.Ағаштардағы өзгерістерді бақылаумаусым
50Құрт-құмырсқалар тіршілігін бақылау.Жаз уақытындағы жәндіктер өмірін бақылаумаусым
51Көбелектерді бақылау.Көбелектердің түр-түсіне сүйсіне білуге үйретушілде
52Күннің көзін бақылау.Күн көзі туралы мағлұмат берушілде
53Ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.Жазғы ауа-райына сипаттама берушілде
54Құстардың тіршілігін бақылау.Жаз кезіндегі құстар тірлігі туралы мағлұмат берушілде
55Ыстық кездегі өсімдіктердегі өзгерістерді бақылау.Ыстыққа байланысты өсімдіктерде болатын өзгеріс себептеріне назар аударушілде
56Мақсатты серуен. Жазғы саябаққа саяхат.Жазғы саябақ ерекшеліктерімен танысутамыз
57Ауладағы гүлдерді бақылау.Ауладағы гүлдерде қандай өзгерістер бар екедігіне көңіл бөлутамыз
58Жемістердің пісуін бақылау.Жеміс ағаштарындағы өзгерістерді бақылаутамыз
59Күн, ауа, су-біздің досымыз.Табиғаттың құрамдас бөліктері-күн, ауа, су туралы білімдерін кеңейту.тамыз
60Мақсатты серуен. Жазғы Жайық өзеніне саяхат.Жайық өзенін бақылаутамыз

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқау.

 

1.Құрғақ топырақпен танысу.

 

Мақсаты: Балаларды өлі табиғаттың құрамдас бөліктерінің бірі- топырақпен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары:Бір уыс құрғақ топырақты ақ немесе қара түсті қағаз бетіне салып, қарау. Әр балаға тәрбиеші лупа беріп, мұқият қарауға мүмкіндік береді.

Топырақтың түсі қандай? (Сары немесе қоңыр). Топырақ неден тұрады? (Уақ ұнтақтардан). Әртүрлі топырақтарды қарап, салыстыру.Олар қандай? (Өте кішкентай, дөңгелек, жылтыр, қатты,тегіс емес, түстері әртүрлі). Топырақты қалай атауға болады? (Сусымалы).

Тәжірибе:

Үлестірмелі материал әр балаға:қағаз бетіне салынған аздаған уыс топырақ.

Мақсаты:Топырақты мұқият, асықпай қарап мүмкіндігінше көбірек ерекшелігін табу.

Қарапайым топырақтан балалар көп қызық нәрсені табады: олардың ұсақ, ірілеу, түсіне қарай ( ашық, күңгірт), жылтырлығына қарай (жылтыр, түссіздеу).

Табиғаттағы еңбек: Топырақты қоқыстан тазарту.

2.Бақылау «Біздің аулада қыркүйектің басында қандай өсімдіктер өседі?»

 

Мақсаты: Балаларға аулада өсетін өсімдіктерді табуды және олардың атауларын дұрыс айтуға үйрету.

Мазмұны мен сұрақтары: Біздің ауламызда қандай өсімдіктер өседі? Көктемде біз қандай гүлдер отырғыздық? Гүлдерді өз ауламызға не үшін отырғыздық? Ең сүйікті гүлің қандай? Неліктен?

Ауланы бақылау, гүлдеген өсімдіктерді табу, олардың атауларын анықтау. Ауланың жайқалған гүдерімен сұлуланып тұрғаны атап өтіледі. Балалар гүлдерді қызықтайды. Әрбір өсімдіктің несімен әсем екенін айтып береді.

Көркем сөз:

Раушан

Қызыл, күлгін, ақ, сары

Шешек атқан шақтағы

Хош иісі сүйсінткен

Ең әсем гүл бақтағы.

 

Көп ел егіп күтеді

Сатады әр гүл дүкені

Араларыңда абайла

Сабақта бар тікені.

 

Табиғаттағы еңбек: Гүлдердің жас тұқымдарын жинау

  1. Бақылау. Ауа дегеніміз не?

 

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылысының бірі ауа туралы түсінік беру және оның ерекшеліктерімен таныстыру.

Сұрақтары: Біз немен тыныс аламыз? Алдымен терең тыныс алып, содан соң демімізді сыртқа шығарайық. Қалай ойлайсыңдар,біз қазір нені жұттық? (Ауа). Ал ауа дегеніміз не екен? Ауаны көргендерің бар ма? (Біз оны көрмейміз, бірақ ол үнемі біз болған жерде болады). Біз оны неліктен көрмейміз? (ауа – жеңіл, түссіз). Тыныс алатынымызды қалай дәлелдеуге болады?

Тәжірибе: Алақандарыңды алдымен ауыздарыңа, содан соң мұрындарыңа тақап тыныс алыңдар. Не сезіп тұрсыңдар?

(алақандарың демдеріңнен жылына бастайды).

Жұмбақ шешу:

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.

(Ауа)

Табиғаттағы еңбек: Көшеттерден құрғақ талдар кесіп алу.

 

 

 

  1. Күз мезгілінде жәндіктерді бақылау.

 

 Мақсаты: Жәндіктердің күз мезгіліндегі іс-әрекеттерін жүйелендіру

Сұрақтары: Шөпте шырылдаған шегірткелер қайда жоғалып кетті? Қанқыздар неге көрінбейді? Қоңыздар мен көбелектердің барлығы қайда кеткен? (Олар тығылып қалған). Олар сонда кімнен немесе неден тығылып қалған? (Олар тоңған соң салқындықтан тығылып қалған). Олар қайда тығылды сонда? (ағаштардың, үйлердің ұсақ қуыс жерлеріне). Олар онда не істеп жатыр? ( Олар ұйықтап жатыр).

Тәжірибе: Жәндіктердің ұзақ суық қыста өліп қалмау үшін тығылған жерлерін табу (ағаштардың қуыстарынан, жерге түскен жапырақтар арасынан). Жерден құрғақ жапырақтарды жинап, жайып қарау. Қорытынды: жапырақтарда көптеген тірі ағзалар бар. Соларды қарап шығу.

Табиғаттағы еңбек: Аймақты жапырақтардан тазарту.

 

 

5.Мақсатты серуен. Тақырыбы «Күзбен кездесу»

(саябаққа саяхат)

 

Міндеттері: Балаларға табиғаттағы өзгерістерді байқауды және сол өзгерістерге сүйсінуді үйрету. Балаларды өлі табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру: күннің көзі жаз мезгіліндегідей көп ысытпайды, аспан әлі көгілдір, бірақ жиі бұлттанады. Жаңадан жөке ағашымен таныстыру, өзіне тән қасиеттерін атап көрсету (діңгегінің бітімін, бұтақтарының орналасуын, жапырақтарының пішінін),балалардың ағаштар туралы білімін жүйелендіру.Балалардың саябақ туралы – жасанды жасақталған өсімдіктер қауымдастығы ретінде білімдерін кеңейту. Саябақтың күзгі көрінісін тамашалау; ағаштар мен бұталар өзінің күзгі бояуын өзгертті (олар түрленіп бояуын өзгертіп, құбылып тұр)

 

 

 

  1. Шықты бақылау.

 

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-шықпен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары:Шөптер неге дымқыл? Бұл ылғал қайдан пайда болды? Бұл қандай құбылыс? (Шық) Шық қайдан пайда болды? (Оның пайда болған себебі, жер, шөптер, жапырақтар күн батқан соң суи бастады. Ал ауа әлі жылы.Ауадағы сулы бу суыған жерге түсіп, шөптердің бетіне тамшы болып тұрып қалады).Шық қандай жерлерге көп түседі?(Шық өзендердің, тоғандардың төңірегінде көбірек болады).Ол қандай ауа райы кезінде пайда болады?Бұлтты ауа райы кезінде ме,әлде бұлтты ауа райы кезінде ме?(Шық ауа райы бұлттанып тұрғанда болмайды,ол тек  аспан шайдай ашық кезде пайда болады).Ал адамға шық керек пе? Оның пайдасы бар ма?(Жаңбыр сияқты шық та өсімдіктерге өте қажет және пайдалы.Шықтың тамшыларын шөптердің бетінен құстар мен жәндіктер ішеді).

 

 

Табиғаттағы еңбек: Гүл атқан өсімдіктерді аймақтан топқа ауыстыру.

 

 

  1. Бақылау. Бала бақша аймағын тексеру

(«Тыңшылар» ойыны)

 

Мақсаты: Балалардың назарын табиғаттағы, өздеріне таныс гүлдердегі, ағаштардағы, көшеттердегі өзгерістерге аударту.

 

Сұрақтары: Аймақта жасыл желек көп пе? Гүлдер ше? Соларды табайық. Осы аймақ тірі ағзалардың үйі болып табыла ма? Қандай тірі ағзалардың мекені? Бұл үйде аумақтың мекендеушілеріне пайдалы не бар? (Аймақ – көптеген өсімдіктердің үйі, олар осы жерде өседі және өздерін жақсы сезінеді, себебі олардың тіршілік етуіне керекті нәрсенің барлығы бар: құнарлы топырақ, жеткілікті мөлшердегі ылғал, күннің көзі және жылу.) Таза әрі әсем аймақта серуендеу балалардың денсаулығына да пайдалы. Сондықтан аймақты күтіп таза ұстау керек. Енді іздеп көрейік, аймағымызда қанша жәндіктер бар екен? Олар жазда қанша еді? Олардың қазіргі іс-әрекеттері қандай? (күздегі)? Жаз мезгіліндегімен салыстыру.

 

Көркем сөз:

 

«КҮЗ»

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

 

Табиғаттағы еңбек: Жапырақтарды кептіріп гербарий жасауға дайындау.

 

  1. Ауа райын бақылау.

 

Мақсаты: Ауа райын сипаттайтын белгілермен таныстыру.

 

Мазмұны мен сұрақтары: аспанды байқап көру ұсынылады және оның түсі қандай екені, не көріп тұрғандары (бұлт, күн), жаңбыр жауып тұрғандығы немесе аспанның ашық екендігі айтылады. Аспанға қарап ауа райы анықталады (бұлттанған, ашық, жаңбырлы). Ары қарай желдің бар-жоқтығы анықталады (желді байқауға болатын белгілерді іздеу). Ауа райы басқаша сипатталады: желді (тынық). Содан соң ауа райының температуралық ерекшеліктері туралы айтылады. Балалардың киіміне, оның жыл мезгіліне, ауа райына сәйкестігіне назар аударылады  және ауа райын анықтау ұсынылады (жылы, салқын, өте жылы, шамалы салқындау, суық). Қорытынды шығарылады.

 

Көркем сөз:

«Күз»

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып.

Табиғаттағы еңбек: Кіші топтың сыртқы бөлмесін тазалауға көмектесу.

 

 

 

 

  1. Құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқанын бақылау

 

Мақсаты: Құстардың азайғандығына назар аудару. Себебін анықтау.

 

Мазмұны мен тақырыбы: Қазір шыбындар, масалар, көбелектер бар ма? Олар қайда? Олармен басқа тірі табиғат өкілдері қоректене ме? (құстар) Ол құстар қазір немен қоректеніп жатыр? (Оларға қоректенетін ештеңе қалмады). Олар қорексіз қалай тірі қалады? Олар не істеп жүр екен? (Олар жылы жаққа ұшуға дайындалуда) Олардың ұшып кетейін деп жүргенін қайдан білдіңдер? (Олар топтаса біресе ұшуға дайындалып ауада қалықтаса, біресе сымдарға қонып ұзақ сапар туралы ақылдасқандай бір-бірлерімен сыбырласқандай болады) Біз оларды бірнеше күннен соң көре аламыз ба? (Бірнеше күннен соң біз оларды көре алмаймыз, олар ұшып кетеді).

 

Көркем сөз: 

Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені- орман, дала…

(сауысқан)

Жасыл орман желекті,

Оның күтіп, баққаны.

Тоқылдатса теректі-

Құртын қуып жатқаны.

(тоқылдақ)

 

Табиғаттағы еңбек: Құстарды жемдеу үшін жапырақтар мен өсімдіктер дәндерін дайындау.

 

 

 

  1. Мақсатты серуен. Тақырыбы «Қоршаған ортаның жан-жануарларға әсері»

(Қарағайлы тоғайға саяхат)

 

Міндеттері: Қарағайлы тоғайда кездесетін ағаштар мен көшеттер туралы білімін жүйелендіру (қарағай жарықты жақсы көреді, сондықтан қарағайлы ормандарда үнемі жарық болады, қарағайдың иісі ауру тудыратын бактериялардың көбеюіне кедергі болады) Балаларды жемісті көшеттермен таныстыру: қарақат пен бүлдірген (олардың бір-біріне қандай ұқсастығы және айымашылығы бар, адамдар оларды қалай пайдаланады). Жануарладың өмірі қоршаған орта жағдайларына тәуелді екендігіне балалардың назарын аудару (қарағай көптеген жануарлар мен құстарға қорек беріп, ұя салуға мүмкіндік береді:үкілерге, ақтиіндерге т.б.). Туған жердің табиғатын сүюге, қарағайлы тоғай, орманның сұлулығна сүйсіне білуге тәрбиелеу.

 

  1. Тұманды бақылау.

Мақсаты: Балаларды табиғи құбылыстың бірі – тұманмен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары: қалай ойлайсыңдар тұман қалай пайда болады?(жылы әрі ылғал ауа ыссы жер бетінен жоғары көтеріледі де, салқынырақ ауамен араласады. Су буы ауадан ұп-ұсақ су тамшыларына айналады. Бұл тамшылар өте ұсақ болғандықтан, олар жерге тамбайды, оларды жел ұшырмайынша немесе күннің көзі кептірмейінше ауада қалықтап тұрады.) жылдың қай мезгілінде тұман тұрады? (Қалың тұмандар күз мезгілінде жиі тұрады). Тұман тәуліктің қай мезгілінде жиі тұрады? (Таңертең) Тұманды таң салқын бола ма, жылы бола ма? (күзгі тұманды таңда ауа райы дымқыл әрі салқын болады). Алыстан үйлер анық көріне ме? Жолдар? Ағаштар ше? (Қалың тұман тұрғанда өте нашар көрінеді).

Көркем сөз:

                                      «Тұман»

Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Тбиғаттағы еңбек: Жерден түсі солған өсімдіктердің тамырын жұлу.

 

 

  1. Бақылау «Бақ гүлдерінің тұқымдарын жинаймыз».

 

Мақсаты: Балаларды пішіні әртүрлі гүлдер тұқымдарымен таныстыру. Түсінік қалыптастыру: біржылдық және көпжылдық өсімдіктер.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Тұқымның жетілгенін қалай анықтауға болады? Тұқымдарды не үшін жинау қажет? Біз жинап үлгермеген тұқымдарға не болады? Ол тұқымдардан гүл өсіп шыға ма? Қандай гүлдер өсіп шығады? Гүлдерді бақылау, піскен тұқымдарды жинап қорапшаға немесе дорбашаға салу. Тәрбиеші бір гүлде көп тұқым бар екеніне назар аударады. Демек келесі жылы көп гүл өсіруге болады.

 

Ойын:

«Гүл тұқымдары» дүкені

МАҚСАТЫ: Таныс гүлдердің тұқымдарының сыртқы пішінімен таныстыру. Гүл егудің кейбір тәсілдерін балалардың естеріне түсіру.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Сатып алушы өзіне керекті тұқымды және одан өсіп шығатын гүлді суреттеп, тұқымды егудің тәсілін айту керек.

 

Табиғаттағы еңбек: Балаларға тұқымдарды қорапшаға жинауды, олардың қайсысы қай гүлдің тұқымы екенін шатастырмау үшін, гүлдің суретін жабыстырып қоюды ұсыну.

 

 

  1. Ауа райын салыстыру әдісімен бақылау.

 

Мақсаты: ауа райын салыстыру әдісімен анықтауды үйрену.

 

Сұрақтары: Кеше ауа райы қандай болды, естеріңде ме? Бүгін де ауа райы дәл сондай ма әлде өзгеше ме? Аспанға қарап айтыңдаршы, кеше қандай болды, бүгін қандай екен? Желдің бар-жоқтығын анықтаңдар және кешегі күнмен салыстырыңдар. Бүгінгі күн жылы ма салқын ба, сендер кешегідей киініп алдыңдар ма? Қорыта келе ауа райы толықтай жалпы  анықталады.

 

Көркем сөз:

                                   

«Күз»

Күз де келді, күз келді

Күдерін жаз үзгенді

Күз де келді, күз келді

Көкте бұлттар жүзді енді.

 

Табиғаттағы еңбек: Аймақты жапырақтар мен бұтақтардан тазарту.

 

 

  1. Жапырақтарды бақылау

 

 

Мақсаты: Балаларға табиғаттың жылдың барлық мезгілінде де сұлу екенін көрсету.

 

Сұрақтары:

Бақ түрлі түсті,

Жапырақтар үзіліп,

Жерге түсті!…

 

Өлеңде қандай табиғат құбылысы туралы айтылған? Күз мезгілінде жапырақтар неліктен жерге түседі? (Күзде жапырақтарға жылу мен күннің көзі жетіспейді). Ағаштар қысқы суыққа қалай дайындалады?(жапырақтарын түсіріп). Түрлі ағаштардың жапырақтарының түсі бірдей бола ма? (түрлі ағаштардың жапырақтарының түсі әртүрлі болады). Сендерге түрлі түсті жапырақтар ұнай ма? Оларды жинау сендерге ұнай ма? Неліктен?

Көркем сөз:

     Алтын, сары, қызыл, көк…

Алуан, алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Табиғаттағы еңбек: Жапырақтарды кептіріп аппликация жасауға дайындау.

.

 

  1. Аймақтағы өсімдіктер мен олардың әр мезгілдегі ерекшелігін бақылау.

 

Мақсаты: Табиғи құбылыстар мен жыл мезгілдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Ағаштардың бірі қарастырылады. Бұл ағаш қалай аталады? Жапырақтарының түсі қандай? Сары түсті жапырақтары көп пе әлде жасыл түстілері көп пе? Сары түсті жапырақтары қай жерде орналасқан: жасыл түстілері ше? Ағаш түбінде түскен жапырақтар бар ма және олар қандай түсті? Ағаштағы жапырақ көп пе әлде жерге түскен жапырақ көп пе? Түрлі түсті жапырақтармен ағаш әдемі көріне ме?

Содан кейін аймақтың басқа да ағаштары туралы айтылады және күздің белгілері сөз болады. Ағаштарға қарап қайсысы ұнайтынын айтыңдар. Неліктен?

Көркем сөз:

Күзде

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

 

Табиғаттағы еңбек: Артық бұтақтарды кесу.

 

 

  1. Қайыңды бақылау.

 

Мақсаты: Қайыңда алдыңғы бақылаудан бергі пайда болған өзгерістерге балалардың назарын аудару.

 

 

Сұрақтары: қайың күздің аяғында, қыстың басында – желтоқсанда қандай болады? Біздің қайың қандай? Оның діңгегі қандай? (Қайың өте әдемі, ұсақ бұйра жапырақтары бар, діңгегі ақ, ол тіп-тізу). Жапырақтарының түсі қандай? Сары жапырақтары көп пе әлде жасылдары көп пе? Ағаштағы жапырақ көп пе, әлде жерге түскен жапырақ көп пе? Түрлі түсті жапырақтармен ағаш әдемі көріне ме?

 

 

Табиғаттағы еңбек: Ағаштар түбін қопсыту.

 

  1. Желді бақылау.

 

Мақсаты: Балаларды табиғи құбылыстардың бірі желмен таныстыру.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Қалай ойлайсыңдар, жел қайдан пайда болады? (Жел дегеніміз қозғалысқа ұшыраған ауа. Жылы ауа жоғарыға көтеріледі, ал салқын ауа төменде болады. Демек жылы ауа салқын ауадан жеңіл деген сөз.). жел не істейді? (шулайды, ызыңдайды, гүрілдейді, жапырақтарды жайқалтады, бас киімімізді ұшырып әкетеді). Жел қандай болады? (күшті, жай, тыныш, самал, жылы, үскірік, салқын, ыстық). Неліктен желді құбылмалы деп айтады? (Жылы жел салқын желге ауысып кетуі мүмкін) неліктен желді еркін деп айтады? (Ол барлық жерде есе алады, оны ұстау мүмкін емес) Сендерге қандай жел ұнайды және неліктен? Қандай желдерді кездестірдіңдер? Ал қандай желдерді кездестірген жоқсыңдар?

Ойын:                                                                  Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

Жұмбақ:

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады.

(Жел)

Табиғаттағы еңбек: Жабайы өсімдіктердің тұқымдарын құстарды жемдеу үшін жинау.

 

 

  1. Бақылау. Аула сыпырушының еңбегі.

 

Мақсаты: Балаларды аула сыпырушының қыс мезгіліндегі жұмыстарымен таныстыру.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Біздің аймақты кім сыпырады? Ол не үшін сыпырады? Ол нені тазалайды? Жерге түскен жапырақтар көп пе? Неге көп? (күз бітті, қыс түсті) Бір-екі аптадан кейін қаншамасы түседі? Ол жапырақтарды қайда шығарады? Жапырақты уақтылы жинамаса, қардың астында қалады. Оны өртеуге бола ма? Неліктен?

 

 

Жұмбақтар шешу:

Аспандағы көлеңке жерге суын шашады.

(Бұлт пен жаңбыр)

Табиғаттағы еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу – жеміс ағаштарының түбін қопсыту.

 

 

  1. Бақылау. Алғашқы суық күндер.

 

Мақсаты: Балалардың ауа райының суытуының себептерін анықтай білулерін жетілдіру.

 

Мазмұны мен сұрақтары: қатқақ деген не? Ол неліктен пайда болады? (температураның төмендеуінен) Суық ауа райы кезінде не пайда болады? (Қырау) Ол не? (Ағаштарда, жердің бетінде, барлық нәрселерде мұз қабыршақтардың пайда болуы). Ол қандай болады? (Кейде инелер тәрізді қатады). Оны немен салыстыруға болады? (Қысқы қыраумен). Термометрге қараңдаршы, сынап бағанасы нөлден жоғары ма, төмен бе? Сонда бүгін температура қанша болғаны?

Тәжірибе: Алғашқы суық күндер.

Мақсаты: Судың күйінің ауа температурасына тәуелділігін көрсету.

Мазмұны: Екі ыдысқа бірдей мөлшерде су құю. Бір ыдыс суық күні сыртқа шығарылады да, екіншісі топта қалады. Балалармен бірге сырттағы және топтағы ауа температурасын өлшеу. Судың қату себебін анықтау.

Табиғаттағы еңбек: Сарымсақты қыста егу.

 

20.Қардың түсуін бақылау.

 

Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарының бірі-қар туралы мағлұмат беру.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Қар деген не? Ол неліктен пайда болады? (Температураның төмендеуінен) Қар қандай болады?(түсіне қарай-ақ, түссіз,жылтыр, көлеміне қарай-үлкен, кіші,күйіне қарай-ұлпа, жеңіл, дымқыл, жапалақтаған) Ол неге ұқсайды?(Ақ мақтаға) Оны немен салыстыруға болады?(Қыраумен) Қар жерге қалай түседі? (Қалықтап, жеңіл,себелеп, кейде жапалақтап тез жауады)

Көркемсөз:

Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

Жұмбақ шешу:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

 

Аппақ етіп айналаны,

Ақ көбелек айналады.

(Жапалақтаған қар)

Табиғаттағы еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.

 

  1. Боран және бұрқасынды бақылау.

 

Мақсаты:Балалардың боран және бұрқасын туралы білімдерін кеңейту.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Боран деген не? (Боран-қыс мезгілінде қардың ұйытқып соққан желдің әсерінен ауада қозғалысы) Ол неліктен пайда болады? (Ол суық желдің әсерінен пайда болады) Боран кезінде айналада қандай өзгерістер пайда болады? (Айнала аппақ болып, қар желмен ұйытқып бетке соғады, ештеңе көрінбейді) Бұрқасынның бораннан қандай айырмашылығы бар? (Бұрқасын бораннан гөрі жәй, жеңіл ғана борайды, боран сияқты қатты ұйытқып соқпайды).

Көркемсөз:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

 

Табиғаттағы еңбек :Қардан шағын үйінділер жасау.   

22.Қырауды бақылау.

 

Мақсаты: Бақылау арқылы қырау туралы білімдерін жетілдіру.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Қырау деген не? Ол қандай болады? (аппақ, жылтыр, түрлі пішінді болады) Қыраудың қардан қандай айырмашылығы бар?(Қар жерде, үйлердің шатырында жатады, ал қырау ағаштарда, бағандарда, ток сымдарында болады)

Көркемсөз:                                                              Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ,

Қырау-қырау тал аппақ.

Айналаның бәрі аппақ.

 

  Жұмбақ:                                                                       Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау)

Табиғаттағы еңбек: Күркешені қардан тазарту.

 

23.Ауа-райының қыс мезгіліндегі ерекшеліктерін бақылау.

 

Мақсаты: Қысқы ауа-райына сипаттама бере білуге үйрету.

 

Мазмұны мен сұрақтары: Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? (Күн суық, жиі қар жауады,жел тұрып боран соғады) Айналада қандай өзгерістер болады? (Айнала аппақ қарға оранады, кең тыныс алғанда салқын, таза ауа сезіледі, терезелерге аяз өрнек салады)Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? ( Қыс мезгілінде біз қалың киімдер: басымызға бөрік немесе малақай, үстімізге жылы тон, қолымызға қолғап, аяғымызға жылы етік киеміз)

 

Көркемсөз:                                           Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

 

Табиғаттағы еңбек: Үлкендердің еңбегін бақылау.

 

 

  1. Қардың суға айналуы.

 

Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы қардың суға айналуын бақылау.

 

Мазмұны мен сұрақтары:

Тәжірибе: Ыдысқа салынған қарды тәрбиеші бөлмеге әкеліп қояды. Ыдыстағы нәрсе қар екендігіне балалар көз жеткізеді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тәрбиеші балалар мен бірге ыдысты қарайды. Ыдыстың ішінде су.

Қар қайда? (Қар суға айналды) Қар неліктен суға айналды? ( Жылы ауаның әсерінен қар еріп кетті)

 

 

  1. Қар мен мұзды салыстыру.

 

Мақсаты: Қар мен мұздың қасиеттерін айыра білу.

Мазмұны мен сұрақтары: Қар қандай?(Ақ, ұлпа, жеңіл) Ал  мұз ше? (Мұз қатты,түссіз, жылтыр) Қар еріп,жылы ауаның әсерінен суға айналады. Ал еріген суды салқын жерге қойса, ол қатып мұзға айналады.

Тәжірибе арқылы балаларға түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Табиғат. Бала. Тәрбие.   “Отбасы және балабақша” журналы. — 1997ж. №1

2.Қалықбаева.З   «Табиғат- тал бесігің»  “Отбасы және балабақша” журналы —                                                                             1995ж. №6

3. Google

4.Қоқанбаева.Р.И.  «Экологиялық тәрбие беру» “Отбасы және балабақша”журналы.-2006ж. №5

5.Ыдырысова.Ж.  «Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту»  “Отбасы және балабақша” журналы.-  1997ж.№4-6

6.Қамақов.Ә.  «Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру»  “Отбасы және балабақша” журналы.-1997ж.№1-3

7.Жұмабекова.Ф.И.  «Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері» “Бақшадағы көркемдік тәрбие”

8.Манкеш.А.Е. «Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту» Білім беру және менеджмент.-2007ж.№2

9.Хамитқызы Ғ. «Балабақшадағы экологиялық тәрбие  жұмысы» “Отбасы және   балабақша”журналы.-1996ж.№3

10.Ерженбайқызы.А. «Балабақшадағы экологиялық тәрбие арналары  ”Отбасы және балабақша”журналы.-1996ж.№11-12

11.Шалғынбаева.Қ. «Экологиялық тәрбие»”Отбасы және балабақша”журналы.-2001ж.№12

12.Құлшанова.С. «Табиғатты қорғау» “Отбасы және балабақша”журналы.-1993ж.№6

13.Көбеева.Н. «Бала және табиғат» ”Отбасы және балабақша”журналы.-1993ж. №5