Елордамыз – Астана

143

 

Тақырыбы:         Елордамыз – Астана

Мақсаты:     Оқушыларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру.  Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдістері:  Слайдпен жұмыс, көрнекілік, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап.

Барысы:   І. Ұйымдастыру бөлімі.

                 Амандасу.      Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап

атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.

Бәріңе сәттілік тілеймін!

            ІІ. Негізгі бөлім.

            Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев.  Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы денмалатын жағажайға айналды. Бәйретек – Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы  ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

     Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз: астананың көрнекті жерлерімен танысамыз:

  • Мынау парламент үйі.
  • Мынау бәйтерек.
  • Мынау жабық футбол стадионы.
  • Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы.
  • Республикалық велотрек.
  • Мынау НұрАстана мешіті.
  • Мынау Пирамида.

Енді балалар, Астана туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы:

  • Балалардың астанаға тартуы. Тақпақ айту.

         Диас:

Астана арман, қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

       Аяулым:

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала,

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.

       Әсемай:

Ел намысы – Нұр Аға,

Жер ырысы – қыр дала,

Су шынысы – зер мұнай,

Тау тынысы – гүл лала.

      Ақнұр:

Сарыарқа кең дала,

Сенсіз жетім мен бала.

Самұрықтай киелі,

Сен – Бәйтерек, сен – Ана!

      Нұрислам:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң

Отан – аудан, ауылың.  

     Дидактикалық ойын.

 «Ойлан тап». Шарты:  А,с,т,а,н,а  мына дыбыстардан басталатын сөз ойлау..

Мыс: а – алма, ана…

   Сергіту сәтін орындау.

ІІІ.  Қорытынды бөлім. 

 Сұрақ-жауап.   

Қорыту.    

Мадақтау.