Бізді қоршаған әлем

153

Тақырыбы:     Бізді қоршаған әлем

Мақсаты:         1) Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік

көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің мін-

детіміз екенін түсіндіру.

2) Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан

байлық, қайталанбас қазына екенін, денсаулықтың қорғаны

екенін ұғындыру.

3) Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны

ластамай сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:     үн қағаз, табиғат туралы нақыл сөздер, табиғат туралы сурет-

тер

Әдіс-тәсіл:       сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру

Түрі:

Жүру барысы:

  • Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз:

«Туған жерді сүю парыз,

Сүю үшін білу-парыз,

Қасиетін ұғу-парыз

Күзетінде тұру- парыз- деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, бізді қоршаған әлем туралы білуіміз керек.

Мынау біздің үн қағазымыз. Ол бес беттен тұрады. Әр беттің өз тілшісі бар.

1 бетте-бала көңілсіз, ол неге көңілсіз. Ол үшін сөз тілшіге береміз.

1-ші тілші. Ауа туралы жұмбақ айтады

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүсе-дағы

Пайдалы адамзаттың баласына.

(ауа)

  • Ауа жөнінде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?

Балалар ауа туралы такпақ айтады.

Балаларға сұрақтар беремін.

-Ауа арқылы не болады?

-Грипп

-Ауаны не ластайды?

-Машина түтіні т.б

Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге жетеді. Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян. өсімдіктер мен жануарларға да таза ауа керек.

Сондықтан ауаны таза ұстау керек. Ауа таза болса баланың көңілі шат көңілге бөленеді.

2-ші бетте микробтар тұр. Оларды біз тазарттық.

3-ші шеңберге тілші сөйлейді.

Балалар кімнің ән тыңдағысы келеді, кімдер билегісі келеді? Қандай әншіні білесіңдер?

Балалар өз өнерлерін ортаға салады. Балаларға дыбыстар туралы түсіндіремін. Қатты дыбыстар адамға зиянды. Қатты дыбыс адамның құлағын кемітеді. Мына белгілер сол үшін керек. Жағымсыз дыбыстарды қалай жоямыз. Оларды жайлатамыз деп стрелкаларды аламыз.

4-ші шеңберге тілші: Су туралы жұмбақ айтады.

             Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді-ол не?

(су)

Су жайлы қандай мақал-мәтелді білесіңдер?

Су қалай ластанады? Мына дақтар микроптар. Ал, енді балалар бұл суды тазалайық. Суды біз барлық тірі жанға пайдаланамыз. Су бар жерде тіршілік өмір бар. Су туралы мағлұмат айтып суды микробтан тазалаймыз. Суымыз тап-таза болды.

5-ші шеңберге тілші сөйлейді:

Балалар табиғат туралы қандай тақпақ, тыйым сөздер, пікір айтамыз.

Балалар:

  1. Табиғат адам үшін жаралыпты

Бар қызық табиғаттан таралыпты

  1. Ақындар табиғатты анаға теңеген. өйткені онда тіршілік өніп өседі. Шынында да табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамдарға жан-жануарға береді.

Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім-

діктер туралы тақпақтар айтады.

Ал, мінекей, балалар біздің 5-ші шеңберіміз де микроптан тазаланды. Орнына көбелек, құстар, аңдар, жәндіктерді т.б ілеміз.

Енді мына баланы қараңыз. Ол енді күле ме екен. Олай болса күліп тұрған баланы қарайық.

Қорытынды:

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Бізді қоршаған әлем өте таза болу керек. Сонда біз күліп жүреді екенбіз. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап сүйе білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Бәрі хормен:  Табиғаттың панасымыз

Түйіп айтып сөзіміз

Табиғаттың панасы

Біздің мына өзіміз.

Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға шомылған сұлу көріністі байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен-көлде де, тау мен тас та кіреді. Бұлардың бәрі сені қоршаған әлем немесе табиғат деп аталады. Осы әлемнің ішінде барлығымыз бармыз деп аяқтаймын.