«Сиқырлы қорапша» дидактикалық ойын. (Қазақстанның ұлттық ойыншықтары, орыс матрешкасы)

 

Тақырыбы:    «Сиқырлы қорапша» дидактикалық ойын. (Қазақстанның   ұлттық ойыншықтары, орыс матрешкасы)

Мақсаты:  Ойыншықтарды қарау және зерттеу,ажыратып олардың түсін,

пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, заттарды

топтастыра білуін жетілдіру. Қазақ және

орыс ұлттарының ұлттық

ойыншықтар мәдениетіне баулу.

Ойыншықтарға деген қамқорлық

қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, оларды сақтау

ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сергіту сәттерін жасату.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті ойыншықтар, күтпеген сәт, слайд, мазмұнды

суреттер, орыс  матрешкасы, түрлі-түсті асықтар,

мадақтау,марапаттау.

 

Сөздік жұмыс: Матрешка-қуыршақ құмалақ

Қуыршақ-кукла

Ойыншықтар-игрушки.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекетіБаланың іс-әрекеті
 

 

Мотивациялық

қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші-ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып амандасу рәсімін орындау.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, апайлар!

 

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

 

 

Ғажайып сәт:

Балалар сыртта біреу келіп тұрған сияқты,қарап жіберейін.Балалар бізге қонақ келіп тұр екен.Бұл қонақ бізге қорапша әкеліп тұр.Бұл жәй қорапша емес сиқырлы қорапша екен. Қане, ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Балаларды кезекпен шақырып , ойыншықтарды алдырып, атын атату.Қорапшаның ішінен түрлі-түсті асықтар шығады. Асықтар туралы қысқаша мағлұмат беру.(таным саласы бойынша) Асықтың түсі қандай? Оның пішіні қандай? Асықпен кімдер ойнайды?Қане барлығымыз санап жіберейік.

Балалар енді ойыншықтар туралы тақпақ айтамыз.

Енді балалар, біздің қыздарымыз қандай ойыншықтармен ойнайды екен?

Қане балалар, қуыршақтар туралы тақпағымызды айтып жіберейік.

Қуыршаққа күнде шай берем,

Қуыршаққа күнде май берем,

Ішуді білмейді,рахмет демейді

Мен оны үйретем,күнде билетем.

Балалар, енді біз мына сиқырлы қобдиша арқылы орыстың ұлттық ойыншық түрімен танысамыз.Бұл орыс халқының бұрыннан келе жатқан ұлттық ойыншықтарының бірі. Бұл ойыншық матрешкалар деп аталады.Балалар менімен бірге қайталайық. Ойыншық  матрешкалар ағаштан жасалған, яғни бірінің ішінен бірі шығады.Қане, балалар матрешкаларды санайықшы. Ойыншықтарға қамқорлық  жасауымыз керек,сындырмай, ұқыпты ұстауымыз керек.

Сергіту сәтін жасату.

Саяхатқа барамыз,

Дорбамызды аламыз,

Ей, бұл кім?

Ей, бұл не?

Бұл тау.

Астынан өте алмайсың?

Үстінен өте алмайсың?

Кеттік алға!

Оқу іс-әрекет соңында «Төрт құбылыс»ойынын ойнап жіберейік.

 

Балалар қызығушылықпен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-иә, көргіміз келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұл балалар ойнайды.

 

 

Балалар санайды.

 

-әрине қуыршақтармен

 

 

 

 

 

Балалар қызығушылықпен хормен екі рет қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-матрешка

 

-қандай әдемі.

 

 

Балалар санайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар қызығушылықпен орындады.

 

Іс-әрекетті қорытындылау.

Балалар ойынды қызыға ойнады.

Күтілетін нәтиже:

Білу:          Ойыншықтардың түсін ажыратады.

Жасай білуі:   Қамқорлық жасауды үйренеді,ұйымдасып жұмыс жасайды.