Ә. Нұрмаханова. «Шығыс шынары»

38

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Ә. Нұрмаханова. «Шығыс шынары»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға соғыс қиыншылықтарын жете түсіндіру, Әлия сияқты батыр қыздардың өмірін үлгі ету.

  1. Ой-өрістерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
  2. Ізеттілікке, еңбексүйгіштікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: ғылыми дерек.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Мен соғысты жек көрем!» өлеңін мәнерлеп оқыту. Сұраққа жауап алу. Шығармаларын оқыту..

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Отты жылдары ерлермен бірге от кешкен аруларды еске түсіру.

ә) Соғыс туралы ойларын айтқызу.

б) Автормен таныстыру. Әзиза Нұрмаханқызы Нұрмаханова  қайраткер, ғалым, жазушы. Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында туып-өскен қазақ қызы. Қарақалпақстанда Бiлiм министрi қызметiн атқарған. Оның қаламынан «Қыздар», Шығыс шынары», «Ұл бала» көркем, деректi шығармалары жарық көрдi.

б) «Нысана» ойыны арқылы Әлия туралы білетіндерін еске түсіру.

Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. Мергендер мектебін үздік бітірді. 26-атқыштар дивизиясында болды.

Тақырыпты таныстыру, мәнерлеп оқыту.

Мәтінді тізбектей оқытып, мазмұнын қалай түсінгенін айтқызу.

Сөздік жұмыс, дәптерге жазу.

Артек – балалардың демалыс орны.

ІV. Топтық жұмыс.

І топ: Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап іздеу.

ІІ топ: Әлия жөнінде айтылған ұстаз пікірі, Әлияға мінездеме беру. (Әлия – еңбекқор, өнерлі, білімді, кішіпейіл, батыр, ержүрек)

ІІІ топ: Әлия ұстаздарының сенімін қалай ақтады?

Поэзиялық сәт (тақпақтар оқу).

  1. Сабақты қорытындылау.

-Барлық балалардың тілегі не?

Жау жағадан алмасын! Ана баласын жоқтамасын! Бала әкесіз қалмасын! Сәбилердің ұйқысы бұзылмасын! Жер-Ана күңіреніп, күрсінбесін! Соғыс енді болмасын!

-Оқушы Әлия мен батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әнін тыңдау.

Үйге тапсырма. Оқу, мазмұндау, әңгімені жалғастыру.

Бағалау.