Ұшқыр кілем

63

Тақырыбы: Ұшқыр  кілем

Мақсаты: Балалардың  көркем  шығармалар  туралы  білімдерін  бекіту,  байланыстырып  сөйлеуін  жетілдіру, сөздік  қорын  дамыту. Ойын  арқылы  балалардың  ойлау  қабілетін  және  қызығушылықтарын  арттыру.

Адамгершілік,  достық  қасиеттеріне  тәрбиелеу.

Психологиялық  ойын: «Көңіл – күйді  бейнеле»

Балалар  шеңбер  бойымен  тұрып,  берілген  сұрақтарға  өз  көңіл – күйін  көрсету  арқылы  жауап  береді.

  • Күтпеген жерден  алыстан
  • Досым келді  сағынған  (қуану)
  • Арыстанның баласын
  • Алып келді  ол  маған  (таңқалу)
  • Арыстанның баласы
  • Інімнің тістеді  бармағын  (жылау)
  • Енді қайда  қоямыз
  • Арыстанның баласын?  (қорқу)
  • Досым інімді  жұбатты
  • Қорыққаның, ұятты,
  • Кәне, босқа  жыламай,
  • Көңілденші, балабай  (күлу,  көңілдену)

Тәрбиеші: Балалар,  кәне  бәріміз  кілем  үстіне  отырайық. Балалар бұл  жай  кілем емес,  сиқырлы  кілем,  ұшатын  ұшқыр  кілем. Осы  кілеммен  ұшқыларың  келе  ме?

Балалар  жауабы:

Тәрбиеші: Олай  болса  көзімізді  жұмып,  біріміздің  қолымыздан,  біріміз  ұстап  отырайық.

(Көңілді  музыка  ойналады,  музыка  тоқтаған  кезде  көздерін  ашады)

«Сиқырлы  әріптер»  әлеміне  қош  келдіңіздер. Бұл  әлемге  тек  ақылды,  білімді  балалар  ғана  келеді. Мен  сендерді  көргеніме  қуаныштымын. Бұл  әлемнің  сырын  ұғыну  үшін  сіздерден  дыбыстар  нешеге  бөлінеді  қандай – қандай  болып,  соны  білгім  келіп  тұрғаны.

Балалар  жауабы:

Білімгер: Жарайсыңдар  жас  достар!  Мен  сендерді  сиқырлы  әріптер  әлеміне  қабылдадым.

Білімгер: Балалар  мына  менің  қолымдағы  жапырақтар  жай  жапырақтар  емес,  сиқырлы  жапырақтар,  ал  мынау  жапырақтардың  бұтағы. Осы  жапырақтардың  сырын  шешіп  бұтаққа  орналастарсаңдар  сиқырлы  сөздер  шығады.

(Балалар  сиқырлы  сөздерді  оқиды).

Білімгер: Жарайсыңдар,  бұл  ойынның  да  жауабын  таптыңдар. Енді,  ребус  шешуге  қалай  екенсіңдер,  соны  байқағым  келіп  тұрғаны.

(Балалар  ребусты  шешеді)

Білімгер: Жарайсыңдар,  жас  достар!  Сендердің  ойларыңның  ұшқыр  екенін  білдім. Жолдарың  болсын,  мен  сендерге  сәттілік  тілеймін.

(Балалар  ұшуды  жалғастырады)

«Даналар  өсиеті»

Балалар  қол  алысып  амандасады.

 

 

Сырым: Кімдер  боласыңдар?

Балалар: № 13  «Бөбек»  балалар  бақшасының  «Болашақ»  тобының  балалары  боламыз.

Бала: «Даналар  өсиеті»  елінде  Сырым  батыр  тұрады  дегенді  естіп,  сізге  сәлем  беріп,  сіздің  ұлағатты  сөздеріңізді  тыңдауға  келдік.

Сырым: Балаларым,  өркендерің  өссін!  Бізге  келген  балалар  ойын  ойнағанды  жақсы  көреді,  енді  күш  сынауға  қалайсыңдар?

Ұлттық  ойын:  «Қол  күрес»

Сырым: Араларыңда  батыр  жігіттер  де  көп  екен,  соны  байқадым.

Бала: Күшімізді  де  байқадыңыз,  енді  сізге  сұрақ  қоюға  бола  ма?

Сырым: Әрине  болады.

Бала: Сіз  ағайынды  нешеу  едіңіз?

Сырым: Мен  ағайынды  екеумін.

Бала: Сізді  Даттан  ағайынды  он  бір  деп  естуші  едік.

Сырым: Сіз  түсінбедіңіз. Даттан  он  бір  екеніміз  рас,  бірақ  та  олардың  маған  далада  қанша  керегі  бар,  менің  ағайынды  екеумін  дегенім, — біреуі  өзім,  екінші – халқым  еді.

Бала: Үгітті,  ақылды  қандай  адамға  айту  керек?

Сырым: Үгітті  ұққанға,  ақылды  жұққанға  айту  керек.

Бала: Ат  пен  ер  қандай  жерге,  не  үшін  шабады?

Сырым: Ат  шабысына  қарай,  ер  намысына  қарай  шабады.

Бала: Дүниеде  не  тәтті?

Сырым: Аста  тұз  тәтті,  адамда  дос  тәтті.

Бала: Сырым  аға  сізге  көп  рахмет  даналық  сөздеріңізді  тыңдап  ұқтық.

Сырым: Үлкенді  сыйлап  сәлем  бергендеріңе  рахмет,  еліміздің  қалаулы  ұл  қыздары  болыңдар. Жолдарың  болсын.

(Ұшуды  жалғастырады)

Саламатсыңдар  ма,  балалар?

Балалар: Біз  қалай  елге  келдік?

Ертекші: Сіздер  ертегілер  еліне  қош  келдіңіздер. Ертегілер  еліне  ертегіні  көп  білетін,  ертегіні  сүйіп  тыңдайтын  балалар  ғана  ұшып  келеді. Мен  сіздерді  ертегілер  еліне  қабылдау  үшін  «Кім  тапқыр?»  ойынымды  бастаймын.

  1. Күннің қарындасы. (ай)
  2. Ең алдағыш адам.  (Алдар  көсе)
  3. Айды аспанға бір – ақ  шығарған  пақыр.  (Қожанасыр)
  4. Өтірікші бала. (Тазша  бала)
  5. Бал сүйгіш маймақ.  (Аю)
  6. Алтын балықтың мекені.  (Су)
  7. Баласынан қораққан аң.  (Қоян)
  8. Құйрығынан айрылған аң.  (Қасқыр)

Жарайсыңдар,  жас  достар,  «ертегі  еліне»  қабылдаймын. Енді,  мен  сендерді  ертегі  кейіпкерлеріне  айналдырамын.

Қазір  сіздердің  тамашалайтын  ертегілеріңіз  «Түлкі,  аю  және  қойшы»

Ертекші: Жарайсыңдар!

(Ұшуды  жалғастырады)

Балалар: Біздер  қайда  келдік?

Сіздер  «Алтын  қазына»  еліне  қош  келдіңіздер. Мына  сандықта

ата – бабаларымыздан  қалған  алтын  қазыналар  сақтаулы,  соны  ашуға  көмектесесіңдер  ме?

Бала: Аузы  құлып  сандықты

Кілт  ашпаса  кім  ашады – дегендей  сандықты  ашуға  көмектесейік.

«Сипатынан  таны»  ойынын  ойнайық.

Дөңгеленіп  тұрайық,  бір  баланы  ортаға  шығарам,  бетіне  бетперде  кигізем,  бетперде  туралы  сипаттап  айтасыңдар,  сонда  ол  өзінің  кім  екенін  табады.

(Ойын  ойналып  болғаннан  кейін)  жақсы  ойнадыңдар,  сандықтың  аузы  ашылмады.

Мақал – мәтел  білесіңдер  ме,  мүмкін  сонда  ашылар.

  1. Ат басына күн  туса,

Ауыздықпен  су  ішер.

Ер  басына  күн  туса,

Етігімен  су  кешер.

  1. Ай – ортақ, күн – ортақ,

Шебердің  қолы – ортақ.

Шешеннің  тілі – ортақ.

  1. Әдепті бала ата – анасын  мақтатады,

Әдепсіз  бала  ата – анасын  қақсатады.

  1. Еңбек етпесең елге  өкпелеме,

Егін  екпесең  жерге  өкпелеме.

  1. Еңбек пен бақыт  егіз.
  2. Туған жердей жер  болмас,

Туған  елдей  ел  болмас.

  1. Бақа көліне патша,

Балық  суына  патша,

Жігіт  еліне  патша.

  1. Болат қайнауда шынығады,

Батыр  майданға  шынығады.

  1. Ел ағасыз болмас,

Тон  жағасыз  болмас,

Басшысыз  елде  береке  болмас.

  1. Ананың сүті – бал,

Баланың  тілі – бал.

  1. Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы  бұлақ,

Бала – жағасындағы  құрақ.

  1. Ата – анаңды сыйласаң көп  жасарсың,
  2. Білекті бірді жығады,

Білімді  мыңды  жығады.

Сыйламасаң  жан  қинарсың.

Мақал – мәтелді  де  жақсы  айттыңдар,  сандықтың  аузы  ашылмады,  не  істесек  екен?

Таптым,  таптым  сендерге  жұмбақ  жасырып  көрейін,  сол  жұмбақтың  шешуін  тапсаңдар  ашылуы  мүмкін.

Балалар: Жұмбақты  жасырыңыз  шешіп  көрейін.

 

Жұмбақ

Сөзі – дана,  үні  жоқ,

Сөйлемейді, — тілі  жоқ.

Қолыңа  алсаң  шешен,

Ақылы  асқан  көсем.

(кітап)

Сандықтың  аузы  ашылады.

Ата – бабамыздың  бізге  қалдырған  қазынасы  екен,  мәдениетті,  ибалы,  білімді  болсын,  Отанына  адал  қызмет  қылсын – деген  болар. Мен  бұл  кітапты  сендерге  сыйға  тартамын. Сендерге  сәттілік  тілеймін,  жолдарың  болсын!

Тәрбиеші: Балалар  ұшатын  уақытымыз  болып  қалды,  кәне  кілемге  отырып  көзімізді  жұмып  ұшайық,  бақшамызға  да  келіппіз.