«Төрт түлігім-ырысым!»

76

 

Тақырыбы: «Төрт түлігім-ырысым!»

Мақсаты:Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға,олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту.

Міндеттері:

Білімділік: Төрт түліктің пайдасы, олардан алынатын өнімдермен таныстыру.

Дамытушылық:Сабақ барысындақа сөздік қорын байыту,ойлау қбілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге  машықтандыру.Ұлтжандылық сезімін ояту.

Тәрбиелік:  Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға, ересек адамдардың еңбегін құрметтеуге үйрету.

Түрі:  Ашық  сабақ.

Типі:  Дамыта  оқыту:  «Тәй-тәй»  бағдарламасы.

Қолданылған  әдіс-тәсіл: Ойын,сөздік,сұрақ-жауап,топпен

жұмыс, көрнекілік,сызба,Венн диaграммасы,алгаритм.

Көрнекіліктері:  Төрт түлікке байланысты суреттер,дидактикалық материалдар,мақал-мәтелдер,Винн диаграммасы, жылжымалы диска,тұзды қамыр,сүт өнімдері.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Күлімде күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін,

Қырдың көкшіл гүліндей

Қолдарына гүл алсын!

 

Амандасу түрлерін көрсету

  • Балалар көңіл-күйлерің қандай? Мен сендерге сәттілік тілеймін!Алға қойған мақсаттарыңа жетуге тілектеспін!

2.Сабақта бәрімізге ортақ ережені еске түсіру.

3.Біз қандай үй жануарларын білеміз?

Үй жануарларын қазақша тағы қалай атауға болады?

4.Слайд көрсету төрт түлікке байланысты.

5.Төрт түлік туралы өздерің не білесіңдер?

( тақпақ, мақал,жаңылтпаш)

Дидактикалық ойын «Ненің дауысы?»

6.Суретпен жұмыс

Мынау не?

Сиыр қайда болады?

Сиыр не дейді?

Сиыр не жейді?

Сиыр не береді?

Сиырды қалай шақырыды?

(Толық жауап беру М-Ы:Мынау сиыр.Ол ауылда,далада жайылады.Сиыр  мө-мө деп мөңірейді.Сиыр шөп жейді,су ішеді, жем жейді.Сиыр бізге ет,сүт береді.Біз сиырды  «әукім-әукәм» деп шақырамыз

(Жылқы -кісінейді,шөп,жем,су ішеді,ет,сүтінен қымыз жасайды,терісін береді, «қырау-қырау» деп шақырамыз.Қой,ешкі-маңырайды,шөп,жем,су ішеді,сүт,ет,жүнін,терісін,пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.Ал түйе-нің сүті шұбат,көс-көс деп шақырады.

Топтастыру.

Бұл жануардың барлығын төрт түлік дейді.

 

( Еті,сүті,жүні,терісі және көлік болады.)

 

Салыстыру.

Ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Түйе және сиыр

Үлкен үй жануары,екі көзі,екі құлағы, аузы,мұрны,4 аяғы,өркештері,сабалақ жүні бар,бізге шұбат,көлік болады.                                      Елбасымыздың болашақта өз еліміздің өнімдерін дүние жүзіне таныту керек дегендей біз  елімізге аз да болса өз үлесімізді қосайық.

Балалар біз бүгін  3 орталықпен жұмыс жасаймыз.

1.Ғылым орталығы: Онда біз сүт өнімдерінің түрлерін зерттеп,танып білеміз.

а)сүт,қымыз,шұбат деген не?

б)сүттен жасалатын тағамдарды көрсеу.

в)ет тағамдарын көрсету

Ойын «Дәмінен ажырат»

2.Өнер орталығы:Әжемізден құрт жасауды үйренеміз.

Тұзды қамырдан құрт жасап, «Қазақстанда жасалған» маркамен шығару.

3.Кітап орталығы:

Біз білімімізді одан әрі тереңдетуміз керек.

а)Ойын «Сиқырлы сандықша» жұмбақ жасыру

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

2.Апан-апан,

Ескі шапан,

Йір қобыз,

Жарық жұлдыз.

Сандықтан төлдер  шығады.

ә) Тақпақ «төрт түлік»

Шопан ата өсірген қойдың төлі-қозы,

Қамбар ата өсірген жылқының төлі-құлын.

Зеңгі баба өсірген сиырдың төлі-бұзау,

Ойсыл қара өсірген түйенің төлі-бота.

Сек-сек ата өсірген түйенің төлі-лақ.

Әр төрт түліктің пірі болады.Шопан ата-қой т.б

Малдың баласын төл дейді.

«Төл»-сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  1. Неше дыбыс неше әріп бар.
  2. Буынға бөлу.
  3. Неше дауысты дыбыс,неше дауыссыз дыбыс бар.
  4. Олар қандай текшемен белгіленеді. текшемен сөзді жазу.

Ойын «Жылжымалы дискі» Мал төлдегенде қой қоздайды,сиыр бұзаулайды,бие құлындайды.түйе боталайды.

Суреттегі жануарларды төлдерімен қоса айтып көр.Мысалы:Боталы түйе,қозылы қой т .б

Дид ойын «Артық жануарды жасыр»

Суретті сызба бойынша мақал мәтел құрау.

Ауыл көркі-мал,өзен көркі тал.

Орталыққа 6-7 минут уақыт беріледі ортаға белгі бойынша жиналады.

Жұмыстарын талдайды.

Сергіту сәті; Сабау алып қолыма,

Қойдың жүнін сабадым

Уызын ішіп сиырдың,

Уықтарды қададым.    (қимылмен жасайды)

Фишка алып орталақтарға ауысады.

Қорытынды:Балаларды мақтап,егер мектепте болсаңдар 5 деген баға алар едіңдер.Сондықтан 5 саусақ әдісімен сабақты қорытайық.

Бас бармақ-өз денсаулығым үшін не істедім?

Балан үйрек көңіл-күйім қандай?

Ортан терек- сабақта не үйрендім?

Шылдыр шүмек нені білдім?

Кішкентай бөбек –не ұнады?

Балаларға рахмет айтып әже сыйын береді.