«Қызыл телпек бізде қонақта»

70

 

Тақырыбы: «Қызыл телпек бізде қонақта»

Мақсаты: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

 

 

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Әуен ойналады. Қызыл телпек кейпінде келіп, балалармен сәлемдесу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Мені танып тұрсыңдар ма? Мен кіммін?

Проблемалық жағдай орнату:

-Иә, балалар, бүгін сіздерде қонақта Қызыл телпек. Сіздерден көмек сұрағалы келдім, менімен бірге әжеге бәліштер апаруға барасыздар ма? Маған көмектесесіндер ме?

 

 

Балалар сәлемдеседі, тәрбиешінің кім екенін айтады:

-Сәлметсіз бе?! Иә, Қызыл телпек!

 

 

Балалар Қызыл телпекпен бірге көмекке дайын екендерін айтады.

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

-Ендеше, мына анам пісірген бәліштерді санап, ретімен себетке салайықшы. Қане, кім көмектеседі? Мында қанша бәліш бар?

Бәліштерді себетке салғызу: 1-ден 10-ға дейін ретімен, тура және кері санау.

-Рахмет, балалар! Міне, бәліштеріміз дайын. Енді жолға шығуға болады.

Осы кезде қасқырдың дыбысы естіледі.

-Балалар, мынау ненің дыбысы?

-Иә, балалар! Біз әжемізге қасқырдан бұрын жетуіміз керек. Қане, маған жол таңдауға көмектесіңдерші. Әжемнің үйіне қай жолман барамын? Ұзын ба, қысқа ма?

-Қай жол алыс? Ұзын ба, қысқа ма?

-Қай жол жақын? Ұзын ба, қысқа ма?

-Қысқа жол теректің қай жағында орналасқан? Оң ба, сол ма?

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

-Өте жақсы, балалар! Олай болса сапарымызды жалғастырайық.

Мультимедиялық тақта бойынша сапарға шығу. Жолдан қоянды кездестіру.

-Балалар, жолдан нені кезіктірдік? Қоян бізден көмек сұрап тұр екен. Оған геометриялық пішіндерді пайдаланып, кілемше тоқып беруіміз керек.

Тапсырма. Геометриялық пішіндерді көлемдерден ажыратып алып, түстеріне сәкес орналастыру.

Гүлдермен кездесу, тапсырмасы:

салыстыр, артық, кем немесе тең таңбасын қой.

Торғаймен кездесу, тапсырмасы:

Заттардың арасынан тағамын тауып беру.

Сұйық және сусымалы заттарды ажыратып алу, тағамын табу.

-Балалар, біз жүріп келе тәуліктің қай мезгілі болғанын да білмей қалыппыз. қане, атайықшы, тәуліктің қандай мезгілдері бар? Қазір тәуліктің қай мезгілі?

-Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, кеш болмай тұрып тезірек әженің үйіне жетіп алуымыз керек. Қараңдыршы, балалар, әженің үйі де жақындап қалды.  Үйдің қасында нелер жүр?

Тапсырма: балапан мен үйректі өсу және кему ретімен орналастыру.

-Өте жақсы, балалар! Міне, әжеміздің үйіне де келіп жеттік. Әже де бізге өз тапсырмасын дайындап қойыпты. Есептерді шешіп, дұрыс орындайтын болсақ, есігіміз де ашылады екен.

Тапсырма: сурет бойынша есеп құрастырып, жазу.

— Міне, әжеміз де аман-сау екен. Сіздермен көптеген тапсырмалар орындап, қасқырдың алдын орап өттік.

 

 

 

 

Балалар шашыраңқы орналасқан бәліштерді санап, ретімен себетке салады.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды.

 

 

 

 

 

 

-Қасқырдың дыбысы.

 

Балалар Қызыл телпекке жол таңдауға көмектеседі.

 

-Қысқа жолмен.

 

-Ұзын жол алыс.

 

-Қысқа жол жақын.

Қысқа жолдың қай жағында орналасқанын суреттен анықтап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақтаға назар салады. Қоянның тапсырмасын орындайды.

 

Геометриялық пішіндерді атап, орналастыру.

 

 

Гүлдердің тапсырмасын орындайды. Сандарды салыстырады, артық, кем немесе тең таңбасын қояды.

 

Торғайдың тапсырмасын орындайды.

 

Балалар суретте көрсетілген тәулік мезгілдерін атап, қазір қай мезгіл екенін анықтайды.

 

 

 

 

 

-Үйрек балалапандарымен.

 

Балалар өсу және кему ретімен орналастырады.

 

 

Балалар сурет бойынша есептер құрастырады, жазады.

 

 

 

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

-Әже біздің аман келгенімізге өте қуанышты болып, маған көмектескендерің үшін алғысын айтып жатыр. Мына бәліштерді сіздерге сыйға тартуда.

Мадақтау,қорытындылау,

 

 

Балалар бәлішті сйыға тартқан әжеге алғыс білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Жыл бойына өткен білімі бекиди, білік, дағдылары жетіледі.