Қ. Сапарбаев. «Туған жердің ыстығы-ай»

70

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:   Қ. Сапарбаев. «Туған жердің ыстығы-ай»

Сабақтың мақсаты:  1. Әңгімені түсініп оқу, негізгі ойын ашу. Туған жердің қадірін білуге үйрету.

  1. Сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
  2. Оқушыларды өз елін, жерін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  аралас сабақ

Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

*Поэзиялық минут

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

— Қайрат Жұмағалиев кім?

— Өлеңнің негізгі идеясы неде?

— Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді?

— Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

— Біз туған жер туралы тағы қандай шығармалармен таныстық?

III. Жаңа сабақ

  1. Кіріспе әңгіме. Сұрақ-жауап арқылы туған жер жайлы әңгіме жүргізу. Автормен таныстыру.
  2. Оқулықпен жұмыс.

а) Мұғалімнің оқуы.

ә) Іштей оқу.

б) Тізбектей оқу.

Сөздік жұмысы. Әңгімеде келтірілген түсініксіз сөздермен жұмыс.

Буыны қатпаған – әлі кішкентай деген мағынада.

Жойқын – асау, қиырсыз – шексіз.

Мәтін оқылып болған соң, ондағы жер-су аттары мен адамның аттарын табу: Амудария, Түрікменстан, Мары. Ермекбай, Қылыш.

Сұрақ-жауап әдісі

— Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? Түйе иесінің сөзінен қандай қорытынды шығарар едіңдер? Автордың айтайын деген ойын табу. Малдың өзі туған жерін аңсайды екен.

Сергіту сәті

  1. Дәптермен жұмыс

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып жазу. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас. Кісі елінде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол.

Шығармашылық тапсырмалар: Түйенің суретін салу, түйе туралы қысқаша әңгіме жазу.

  1. Бекіту

Үйге тапсырма. Үйде әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұндау. Түйе туралы жұмбақ, өлең құрастыру. Туған жер туралы мақал-мәтел жаттау.

Бағалау.