Ә. Кекілбай. «Тасбақаның шөбі»

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Ә. Кекілбай. «Тасбақаның шөбі»

Сабақтың мақсаты:  1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну.

  1. Бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, ырымдарды салыстыру, зерттеу, қолдану, бағалауға машықтандыру.
  2. Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге тәрбиелеу. Халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тасбақа, жылқы, гүлдер, автор туралы мәлімет, жан-жануарларға байланысты ырымдар, тірек сызбалар.

Техникалық жабдық: интерактивті тақта.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының әдістері, іздендіру, шығармашылық, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Бағалау: мәнерлеп оқи білуі, сұраққа дұрыс жауап беруі,  сабақтан алған әсерін жеткізуі, бес жолды өлең құрастыруы.

Сабақтың барысы:

І. «Қызығушылықты ояту» сатысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн деп айтамыз,

Мектептен білімді боп қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

С. Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңін жатқа айту.

ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы.

  1. Жұмбақ шешеді:

Бауырын жазып шаба алмас,

Озып бәйге ала алмас.

Үстіне киген киімі

Жыртылмас та жамалмас. Шешуі: тасбақа.

  1. Жаңа сабақ. а) Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылады.

ә) Автор өмірінен мағлұмат беріледі.

Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері. 70-ке толғанда елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б. роман, повестері бар. Қазір Астанада тұрады. 2-сыныпта – «Күйші», 3-сыныпта – «Ауыл таңы» шығармаларымен таныссақ, 4-сыныпта – «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысқалы отырмыз.

 

 

 

б) Әңгіме мазмұнымен танысады. Абзац бойынша оқиды, түсінгендерін айтады.

в) Берілген кестемен жұмыс жүргізіледі.

          V

(білемін)

(түсініксіз)

+

(жаңа ақпарат)

?

(білгім келеді)

I топ: тасбақа туралы толық ақпарат береді (көргендері, оқығандары, естігендері).

II топ: «Шыбын жаны көзіне көрініп» деген сөз тіркесін басқа сөзбен алмастырып көреді. Қақырай сөгіліпті, тұқшаңдаған, құмақтарда, көсіктің сабағы деген таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді.

III топ: тасбақаның жер астынан тістеп шыққан шөбі туралы ырымды оқулықтан тауып оқиды, әңгімелейді

Тасбақаның жазғұтырым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады.

IV топ: басқа жан-жануарлар, аңдар, құстар туралы ырымдарды әңгімелейді.

-Аққуды атуға, оған құс салуға болмайды.

-Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.

-Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болып қалады.

-Ат жер тарпыса жолға шығады.

-Ит көкке қарап ұлыса, жамандық болады.

Қорытынды жасалады. «Тасбақа – табиғат»

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», ендеше табиғаттың жанашыры болуды ұмытпағанымыз жөн.

ІІІ. «Ойтолғаныс» сатысы.

  1. Бес жолды өлеңмен аяқтайды.
  2. Не? – Тасбақа.
  3. Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
    3. Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
    4. Жусандағы тасбақа.
    5. Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.
  4. Бағалау. Мәнерлеп оқи білуі, сұраққа дұрыс жауап беруі, сабақтан алған әсерін жеткізуі, бес жолды өлең құрастыруы.

-Қандай әңгімемен таныстық? Авторы кім?

-Не білдік? Не ұнады?

  1. Үйге тапсырма:
  2. Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісі жөнінде айтылған жолдарды тауып, дәптерлеріңе жазып келіңдер.