Мамандықтың бәрі жақсы
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты
ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын
ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандық туралы білімдерін
тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу
арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар, көлік, мамандық түрлері.
Сабақтың барысы:
Бөлімі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз! Орман, көлге, шыңға біз, Саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз, Әрқашан да біргеміз! Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес! -Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?
| Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.
— Тіл дамыту сабағы. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік | —Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар? -Олар не істейді ?
-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ? — Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма? -Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?
Сергіту сәті: Қане, кімнің бойы ұзын ? Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Ал, паравоз баста алға, Бәрімізді басқар да. Пыш – пыш, пыш-пыш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Гу-гу, гу-гу, гуілде, Қалып қойма, бірің де. Пыш – пыш, пыш-пыш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Ал, паравоз тоқтайық, пыш. Жұмбақ шешіп көрейік 1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе, Аузынан жалын шығар будақ күйе. -Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?
2.Сымға асылып, Жүр асығып. -Троллейбусты кім жүргізеді ? 3. Құстан аумайды, Көкте зулайды. -Ұшақты кім жүргізеді ? -Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ? -Енді мына аспазшы, ұста, тігінші туралы кім өлеңдер біледі екен ? Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?» Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету. —Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.
| -Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, жүргізуші
-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді. -Балалардың жауаптары тыңдалады. -Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.
-Балалар Ж.Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.
— Пойыз — Машинист
— Троллейбус -жүргізуші
-ұшақ — ұшқыш. -Балалардың жауаптары тыңдалады. -Балалардың өлеңдері тыңдалады.
— «Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды.
Дәптерден сәкестік тестін орындайды. |
Рефлексивтік — түзетушілік | Д/о : «Кім болам ?» Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер. -Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ? -Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен. -Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі. -Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ? -Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек.Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар. Балаларды бағалау. -Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын. | —Слайдта берілген мамандық иелерін алып, әңгімелейді.
— Үлкен аға, апалар, әке-шешелер.
-Балалар мақал – мәтелдер айтады.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Сабаққа қатысқандары үшін бағаларын алады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:мамандық иелерінің атауларын, атқаратын қызметін.
Игереді:жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып, мақал-мәтелді айтуды.
Меңгереді:сурет бойынша әңгіме құрастыр, сөздік қорларын молайтуды, ойын анық, нақты жеткізуді.