Ү ү дыбысы мен әрпі

98
             Апта                                                      Сабақ : сауат ашу
Сабақтың тақырыбы : Ү ү дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты Ү дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету.Балалардың сөйлеу мәнерін , сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер —          Ү дыбысы мен әріп таңбасымен толық танысады;

—          Ү дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

—          Сурет бойынша әңгіме құрай алады;

 

Керекті жабдықтар әліппе-дәптер, кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру:

Амандасу.

 

 

 

 

 

 

 

Түске байланысты топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.

Балалар амандасты.

Тақпақты мәнерлеп айтты.

Күлім қағып қолымды

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрып көршіме

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын.

 

Түске байланысты 4 топқа бөлінді. Топ басшыларын сайлады.

Тұсаукесер «Буынға буын қос» ойыны.

Ойынның шарты : балаларға топқа сөздің басқы буынын айтады, сөзді тез аяқтау керек.

Ау – (ла), ал – (ма), Са – (ра), Сә — (біз), қа – (уын).

Жұмбақ жасыру.

Баласын ертіп соңынан,

Сүңгіп жүзіп үйретті.

Су жұқпайтын тонына

Кім білмейді ….? үйректі

Ойынға қатысып, буындардан сөздер құрап айтады .

 

 

 

Жұмбақ  шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тапты.

Негізгі бөлім Н ННННННННЕегізгі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бөлім

-Балалар, үйрек дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

— Үү дыбысы қандай дыбыс?

— Қандай текшемен белгілейміз?

Ү әрпі туралы тақпақты 4 топқа айтқызу.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.

Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсетемін.

Ү дыбысын  хормен айтқызамын.

— Ү дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында

кездеседі.Сөздерді буынға бөлгізу.

Үй-рек, ү-кі, кү-шік, үй-шік, күй-ші , үл-кен.

Әліппе – дәптермен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беремін.1- топқа суреттерден сөйлем құрау керек. 2- топ сөздерді буынға бөледі. 3- топ дыбыстық талдау жасайды. 4-топ сөздерді, буындарды оқыту.

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемілеп жазайық.
Дәптерімізге Ү әрпін жазу.

(элементтерін салу )

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Үйрек , үкі, күшік , үйшік.

Сергіту сәті

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт етті

Біз бұға қалдық.

 

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?»

ойыны  (суреттерден тез арада сөйлем құраулары керек.)

-Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?

— Ү әрпі қандай дыбыс?

— Ү әрпін қандай текшемен белгілейміз? (көк текшелерін көрсетеді )

— Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы қорытамын.

Сиқырлы таяқшаны ұстап тұрып Ү әрпіне байланысты сөз айтып шығамыз. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар Ү дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады.

 

 

 

Тақпақты хормен айтады.

 

Берілген сөздерден сөйлем құрастырады.Тыныс белгілеріне назар аударады.

 

Ү дыбысының баспа , жазба түрін көреді.

 

 

Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтады.

 

 

 

 

 

Әліппе- дәптермен жұмыс жасайды.

Тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарындаштарын алып, әріпті дәптерге жазады.

 

Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерден сөйлем құрап айтады.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы көңіл – күйлерін білдіру.