«Мен елімді сүйемін»

 

Тақырыбы: «Мен елімді сүйемін»

Мақсаты:Туған ел, Отан туралы балалардың  түсініктерін кеңейту. Туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.

Оқу іс- әрекетінің әдіс – тәсілі:  сұрақ- жауап, өлең жолдары, ойын.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, асық , суреттер.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекетіБалалардың іс- әрекеті
 

Мотивациялық     қозғаушы күш

Шаттық шеңбер құрады:

Туға  мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтап,

Біздің елдік рәміздер.

(әнұран орындалады)

Балалар шаттық шеңбер құрып, әнұранды орындайды.
 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

Тәрбиеші балаларға Қазақстанның рәміздері:

Ту, елтаңба,әнұран туралы түсінік береді.

 

Тәрбиеші балаларға

Ө.Тұрманжановтың

«Отан» өлеңін

оқиды:

Бәрі сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның,

Өлгенше сүйіп өтетін.

Тәрбиеші сұрақтар қояды.

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Туған ауылымыз қалай аталады? Ауылдарың өздеріңе ұнай ма?

-Отан туралы кім өлеңдер оқиды?

Сергіту сәті үйымдастырылады.

Тату- тәтті достармыз,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Отырмаймыз босқа біз,

 

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз,

Ән шырқап,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оң жақтағы досына, сол жақтағы досыңа қолыңды бер, тосылма.Жоғары қарап, күн көрдім,

Төмен қарап, жел көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Балалар, кім туған жер, Отан туралы мақал- мәтелдер оқиды?

 

 

 

 

 

 

Балалар өлеңді тыңдап,

 

бірге жаттайды.

Отан деген – туған жер, туған қалам, туған ауылым.

Боранқұл —  біздің туған ауылымыз. Біз сол ауылда туып өстік.

Ауылымыз өзімізге ұнайды.

Наурызбек:

Отаным – менің ауылым,

Әкешім, ана, бауырым.

Отанның сүйем құм, тасын,

Сүйемін, қарын, жауынын.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейбарыс:

Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.

 

Ақжібек:

Отан үшін отқа түс , күймейсің.

Рефлексті коррекциялаушы 

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Берілген сұраққа шапшаң,  әр дұрыс жауап беру керек.Ойын шарты:

Көк түсті асықты көтергенде, еліміздің қалаларын атау керек.

Сары түсті асықты көтергенде, еліміздің байлықтарын атау керек.

Қызыл түсті асықты көтергенде, елімізде тұратын ұлттарды атау керек.

Қорытындылау.

 

 

Балалар ойынды ойын

 

шартымен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мадақталады.

 

 

Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Туған еліміз,Отанымыз туралы білуі керек;

Болуы керек:Туған еліміз туралы түсінігі;

Баланың қолынан келуі:Тәрбиешінің қойған  сұрақтарына дұрыс  жауап беріп,туғанеліміз, Отанымыз туралы өлеңдерді жатқа білуі;