Мазмұндама «Қолғанат». Н. Қадырбаев.

1701

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қолғанат». Н. Қадырбаев.

Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіменің мазмұнын оқушыларға жетік түсіндіре

                                          отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.

  1. Ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын молайту.
  2. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а/ оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

б/ оқу құралдарын тексеру.

  1. Психологиялық дайындық.

Сыныпта шығармашылық, ынтымақтастық атмосфера жасау.

Өздерінің ережелері:

  1. Жұмысқа белсенді қатысу.
  2. Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.

III. Мәтінмен жұмыс.

  1. Автор туралы әңгіме жүргізу.
  2. Мұғалімнің мәтінді оқуы. Түсіндіру.
  3. Сұрақ-жауап.

-Ерланның атасына не болды?

-Әке-шешесі қайда еді?

-Ауа-райы қалай өзгерді?

-Ерлан не істемекші болды?

-Ол ағашты қалай жарды?

-Атасы не істеді?

-Ерланның әке-шешесіне атасы не айтты?

-Ерлан қандай бала?

  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

күрт – аяқ астынан

машықтанып – үйреніп

  1. Мәтінді бөліктерге бөлу, жоспар құру.
  2. Ерланның ісі.
  3. Атасының риза болуы.

III. Әке-шешесінің қуанышы.

  1. Жоспар бойынша оқушыларға әңгімелету, талдау.
  2. Ерланға мінездеме беру.

Тілалғыш, еңбекқор, қайырымды, мейірімді.

  1. Мұғалімнің екінші қайтара оқуы.
  2. Мазмұндама жазу.
  3. Тапсыру
  4. Үйге тапсырма беру. Зат есім тақырыбын қайталау.