Қасым Аманжолов. Көктем.

48

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем.

Сабақтың мақсаты: 1. Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан-жануарлар дүниесіндегі мен құбылыстар туралы тереңірек тоқталу.

  1. Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту.
  2. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Т. Молдағалиевтың «Гүлдер» өлеңін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ребус шешу. (Көктем)

-Балалар, қазір қай мезгіл?

-Көктем.

-Ендеше, көктем мезгілі туралы кім айтады?

Психологиялық тренинг жүргізу. Музыка ойналып тұрады.

-Кеудемізді жазып, терең тыныстап, көзімізді жаймен жұмып, рахат сезімге бөленіп отырайық. Біз табиғат аясында отырмыз, жан-жағымызда әдемі гүлдер, гүлдердің үстінде әсем көбелектер қонып жүр, бетімізді көктемнің самал желі сипап өткендей, алыстан құлағымызға құстардың дыбыстары естіледі. Көзімізді жаймен ашамыз.

-Қандай күйге бөлендіңдер?

-Шаттық күйге ендік.

Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу. Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс.

Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

Көкектің сұңқылдап дыбыстауы, өзеннің қар ерігенде таудан дүркіреп қатты су ағуы, даланың көктеуі, көктемнің басталғаны айтылса, келесі жолдарында көктем мезгілінде күн бұлттанып, жаңбыр жауып, жауған жаңбыр жерге сіңіп, жерден көктің мол болатыны, ағаштар жапырақ жайып, бүршік гүлдер атып, осынау әсем табиғатты қызықтаған балғын баланың даусы ерекше, көктеммен бірге үн қосқандай.

Көктемде істелетін еңбек түрлері өте көп. Соның бірі ас атасы –нан, қасиетті тағамның бидайдан өндірлетіні, бидайдың көктемде егілетіні, яғни көктемде істелетін еңбектің түрі, қыс мезгілінің аяқталып, көктем басталып, жаңа жылдың келуі туралы айтылған.

Сөздік жұмысын жүргізу.

«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқимыз.

Оқушылардың оқуы.

Тірек сызбамен жұмыс жүргізу.

Көктем

наурыз                                         мамыр

 

 

сәуір

Көктем мезгіліне байланысты өлең мен тақпақтар айту.

Дәптермен жұмыс.

Енді, көктем сөзіне дыбыстық талдау жүргіземіз.

Көктем мезгілінде болатын өзіне тән өзгешіліктерді айтамыз.

(тірек сызбамен жұмыс).

Көктем

табиғат                                                  мерекелер

 

 

жан-жануарлар

-Біз  көктемде нелерді қарсы аламыз? (Құстарды)

-Біз құстарға не дайындауымыз керек? (Ұя)

-Ендеше, ұя жасау үшін мына тапсырмны орындайық.

Өлең құрастыру.

Көктемде … ,
Құстар кеп … .
Құлпыртып … ,
Гүл ектік … .

 

Гүл ектік ектік … ,

Көктемде … .

Бақта да, тауда да

Ақ гүлдер … .

Сергіту жаттығуы.

Шығармашылық тапсырма. «Көңілді көктем» тақырыбына шығарма жаздыру.

Құстарымыздың тапсырмасы: «Күн шуағы» ойынын ойнаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді қорыту:

-Өлеңде бұлақ туралы не делінген?

-Табиғат құбылыстары туралы не делінген?

-Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?

ІV. Сабақты қорытындылау.

«Көктем вальсі» әнін айтқызу.

«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып келу, және көктем мезгіліне арнап сурет салу.

Бағалау.