Анамыздың мейрамы.

38

Анамыздың мейрамы.

Көрініске сай сахна безендірілген.

(Есіктен Шығайбай кіріп көрпеге отырады)

Бай:  —  Көктем, көктем тіршіліктің көзі деген рас екен-ау, ал тіршілік – табыстың өзі екен. (Артынан әйел ана кіреді)

Ана:   — Аман-есен келдің бе, әйтеуір. Ақша табамын деп жүріп, бала-шағаңды ұмытып кетпесең болғаны. (Сырттан көңілді ұл-қызы кіреді.)

Ұл:    — Әке, ассалаумағалейкум! Маған бәтеңке әкелдіңіз бе, өткенде айтып едім ғой, қараңызшы жыртылып қалды. (Аяғын көрсетеді.)

Бай:   — Көрдім, көрдім кішкене шыдай тұр, міне көктем шықты жазда жалаң аяқ жүруге болады. (Бала өкпелеп отырады.)

Қызы.   — Әке, маған күртке керек.

Бай:  Мектепке барғанда бір-ақ аласың, әйтпесе ескіріп не қысқарып қалады. (Қызы ренжіп теріс қарап отырады.)

Ана:   —  Қашан сенің бар дейтін кезің болады екен?  (Үйден шыға бере жылап жібереді, алдынан Алдар шығады)

Алдар:    — Ай, ақжеңеше, сізге не болды?

Ана:  —   Не болсын, әлгі Шықбермес басқаны қойғанда, өз балаларына да татыратын емес. Байыған сайын пейілі тарылып барады.

Алдар:   —  Мерекенің алдында жарқылдап, жүрудің орнына бұл қалай, қой ренжіме, жүр үйге, мен қазір бәрін реттеймін. (Қайта кіреді.)

  • Ассалаумағалейкум, байеке!

Бай:   — (көңілді құшақ жайып) Уағалейкумассалам!

Алдар: Көңіл-күйіңіз жақсы екен, табысыңыз да жаман болмас?

Бай:  (Әрине, әрине деп жағасын көтеріп қойып, көңілді әнге салады.)

Менен асқан жұмыстың,

Көзін білер бай бар ма?

Мыңғырған мал корада

Дүниесі сай бар ма?

Алдар:

Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Жайсаң мінез жайдары,

Жомарт байлар жоқ па?

 

Бай:

Менен асқан пайдасын

Білетіндей бай бар ма,

Түрі-түсі, бой көркі,

Келбетіңе сай бар ма?!

Алдар

Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Сенен өткен тұлғалы

Сұлу байлар жоқ па?

 

Бай:

Теңге қалай жасаудың

Жолын өзім білемін,

Ақша толы қалтамда,

Көңілденіп жүремін.

Алдар:

Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Бар болса да жоқ дейтін,

Сараңдығын жоқ па?

 

Бай:  Жетер енді! Түріңе қарамай маған сын айтатын кімсің өзің?

Алдар:   — Сен осы заманның шық бермес Шығайбайды болсаң мен айлакер Алдармын.

Бай. – Болсаң болыпсың да, неге мені сараң деп балаларым-ның алдында беделімді түсіресің, ел естісе сеніп қалмай, а?

Алдар:  Сараң екенің, қатты екенің өтірік пе?

Бай:   — Өтірік!

Алдар:  — Бәстісейік.

Бай:  — Қаншаға?

Алдар:  — Бір теңге

Бай: Бір теңге? Келістік!

Алдар:  — Сенің сараңдығың сонша, бір адамға қарыз бере алмайсың ғой.

Бай:  — Кім айтты? Берем.

Алдар:  — Олай болса маған келесі жылға дейін жүз теңге қарыз бере тұршы?

Бай:  — 100 теңге-ақ па, мә 200 теңге.

Алдар:  —  Рақмет, байеке, артық айтсам кешіріңіз. Ал, енді кім жомарт, кім сараң оны сауда үстінде байқайық.

Бай:  — Кеттік базарға.

Мұғалім: —  Балалар, сендердің араларыңда қызғаншақ, қатты, өзімшіл балалар бар ма?

Балалар:  — Жоқ.

Мұғалім: — ИЯ, балалар, мен де сендерді мырза, кішіпейіл, ақкөңіл,мейірімді деп ойлаймын. Аналарыңды, әпке-қарындастарыңды ренжітпей мереке күні көмектесесіңдер ғой?

Балалар: — Ия.

(Базардағы Шықбермес пен Алдар)

Сатушы:

Келіңіздер, Келіңіздер,

Жаңа бұйм көріңіздер.

Пакистаннан, Үндістаннан,

Түркиядан, кореядан

Жаңа заттар толып жатыр.

Бикештерге мырзалар

Қаптап сыйлық алып жатыр.

Келіңіздер, Келіңіздер

(Артынан ентігіп бай мен Алдар еріп кіреді.)

Алдар:  — маған ана қаламсапты, қызыма қуыршақ, әйеліме орамал берші.

Сатушы. Мінекейіңіз ең әдемісі, ең жақсысы орап бере қояйын.

Бай.  – Маған да, — деп басын қаси бергенде, Алдар: — Сенің  балаларың осыны сұрап па еді? Оның үстіне Шығайбайдың әйелі шыт орамал тартып жүр деген ұят емес пе, дұрысын алсаңызшы, — дейді.

Бай:  — Ұлым бәтеңке, қызым күртке деп еді.

Сатушы:  — Бар, бар таза былғарыдан бәтеңке, әдемі күртке, жібек орамал, көйлек, оған түстес әйеліңізге туфли де бар. Сізге де орап берейін. Мінекейіңіз.

(Бай ақшасын төлеп алады.)

Сатушы:   — Не деген мырза едіңіз.

Бай:  — Естідің бе, Алдар? Енді ұтылғаныңды мойындайтын шығарсың, мені сақтап тұр, -дейді.

Алдар:  — Әрине, міне 1 теңге! Ал енді көріскенше күн жақсы .

(Алдар далаға, бай үйіне кетеді, ал сатушы Келіңіздер, Келіңіздер – деп ол шығып кетеді.

Бай: (Әкелген заттарды үйдің ортасына тастай салады. Балалары қарап мәз болады. Өзі ақшасын теріс айналып қайта санап,) Ой, масқара-ай, қалтада түк қалмапты ғой. Әй, Алдар, ақшамды тез қайтар, әйтпесе пайызымен аламын! – деп артынан жүгіріп кетеді.

Қыз:  — Әкей кімді қуып кетті?

Ұл:  — Алдар ағаны.

Ана:  —  Е, шырақтарым-ай, әкелерің дүниені де қанша қуғанымен жеткізбейтінін сезсе ғой шіркін.

Қыз:  — Шеше, ренжімеңіз. Жүріңіз мектепке барайық.

Ұл:  — Ия, онда сіздерге арналған ойын-сауық болады.Жүріңіз тезірек.

 

Назерке                               Сырнай тартып, би билер,

Тойларыңа балалар.

Бағалаймыз еңбегін

   Бәрі:                                                Аман болсын аналар!

Сұлтан 

Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін

Бәрі:     Ән салайық бәріміз.

       ӘН «Ақ мамам!»

Бекзат

Анамның түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін.

Өйткені мен анамнан

Жақын жанды білмеймін.

Ұлжан

Гүл-гүл жайнап әріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Бәрі:                          Құттықтаймыз бәріміз!

 

1-сынып  Бәрі:

Анамыздың мейрамы,

Не істеу керек білмейміз.

Қалай көңілін тапсақ  деп,

Түнде көзді ілмейміз.

Диас:

Сабағым ғой  болмаса,

Дүкенге өзім барар ем.

Күлін алып , от жағып,

Ағашын да жарар ем.

Әсел:

Қойым болса қорада,

Оған шөбін салар ем.

Қи шығарып, су тасып,

Қозыларға қара р  ем

Талғат:

Қыз болсам  ғой қиналмай,

Кірін жуып берер ем.

Шәй қайнатып, бала ойнатып,

Үйін жинап жүрер ем.

Гүлден:

Епті емеспін мендағы,

Еден жуа салмаймын.

Екі-үшеуін сындырмай

Ыдыс жуа алмаймын.

Бәрі:

Қайдан біле берейік,

Көп тірліктің жайын біз.

Қандай жұмыс болса да,

«Ана» үшін дайынбыз.

Жанерке :

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.

Әсел :

Тыным таппай күнімен,

Ұйқы көрмей түнімен.

Бар тірлігін тындырып,

Бірге ойнайды менімен.

 

Диас :

Қамқоршы боп жүреді,

Мандайымнан сүйеді.

Суға түсіп отқа да,

Бір мен үшін күйеді.

Талғат:

Сенімінді ақтайды,

Еркелеткен балашың.

Аман жүріп әрқашан,

Мұңаймашы,анашым.

Зинегүл:

Мерекеңмен өзінді,

Құттықтайды балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл алшы, анашым.

Ән  Құттықтаймын, мама туған күніңмен!

Гүлден:

Өнегесін үйреніп

Көмекші боп жүрейік

Алдарында бас иіп,

Би де билеп берейік.

Би “Қамажай”        «Бүлдіршін» би тобы

Сыйлықтарын беру

Мұғалім:   — Гүл  қыздарымызды, аяулы аналарымызды, ардақты әжелерімізді тағы да, 8 наурыз төл мерекелерімен құттықтаймын. Иә, баллар, аналар ас үйде ас пісіріп, кір жуып, үй жинап қана қоймайды олар, ел жайын ойлайды. Дина сияқты күйші, Шара сияқты биші, Сара сияқты ақын, Әлия мен Мәншүктей батыр апаларың қаншама. Бүгінгі таңда аналар атқармайтын жұмыс кем де кем. Соның ішінде өздерің білетін аналардың мамандығын айтыңдаршы.

– Ана – тәрбиеші,  ана – тігінші, ана – сауыншы,  . . .

– Міне,   балалар, ана жалғыз ана емес, ол – жан-жақты дана екен.

Бала үшін мен ардақты анамын,

Отан үшін мен де бір қыз баламын.

Ортасында от жүректі лаулатып,

Жалындаған жырға айналып барамын,- деп қолына қалам ұстап, болашақтың жайын ойлап жүргендері қаншама

Ұлжан: 

Асыл әжем, мақтанышым менің де,

Қонақ болып отыр, міне төрімде.

Өзіне арнап балдай тәтті үніммен,

Ән салатын кезім келді менің де.

Ән   Асыл әжем

«Немерем менің»  4 ұл баланың төрт әженің әңгімесі әндете

Бәрі:

Келіннен  қорқып  саспайық

Келіңдер, өсек  бастайық

Немеренің  әртүрлі,

Қылығын  айтып  тастайық..

Апыр-ай, белім-ай,

Қайда  кеті  келін-ай.

1 бала:

Немерем  менің  қазақша,

Таза  сөйлей  алмайды.

Орыс  тілде  сөйлесе,

Алдына  жан  салмайды.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Ұят  екен  масқара-ай!

2 бала:

Немерем  менің  компьютер

Ойына  тоймайды.

Тамақа  да  қарамайды.

Үзіліссіз  ойнайды.

Ойпырым-ай, сұмдық- ай,

Бұл  не деген  масқара-ай!

3 бала:

Немерем менің сабақтан,

Екі алып келеді.

Жамандаса апайын

Келін соған сенеді.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

4 бала:

Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Он теңгені сағызға,

Аямай бере салыпты.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Бұл не деген масқара-ай!

 

Бәрі:

Келіндер келіп қалған ба,

Біз де үйге кетейік.

Немере тәтті жалғанда

Барына шүкір етейік.

Апыр-ай, белім-ай,

Шай қойдың ба , келін-ай?

— Осымен мерекелік концертіміз аяқталды. Келіндеріңіз мейрам шайын дайындап қойғн шығар. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет