«Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.

282

 

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.

 

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

 

         Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 69 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

 

Сөз «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Үсенова Шынар Бейсенбайқызына беріледі.

 

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

         Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

 

Нұрсая:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

— Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

 

Жанболат:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Маржан:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

 

Айнияз:

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

 

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

 

Ақсұлтан:

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.

 

Нұрасыл:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап…

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ…

 

Әнел:

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.

 

Алау:

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып.

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз мың болып.

 

Бексұлтан:

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.

«Балапан» тобының бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабал алыңыздар.

Мирас:

Барлық елдің бөбегі,

Бір-біріне туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Мейірім:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Рабия:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Сезім:

Занман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам, Өз ордам

Сүйенерім сен ғана.

Мадина:

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол-біздің Қазақстан!

Серікбол:

Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құрметтейміз достықты,

Досқа дайын төріміз.

 

Би: «Орыс биі КАТЮША»

 

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Айгөлек» ортаңғы тобының ұлдарының орындауында  «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!

 

Әзиз:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

 

Самал:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

 

Би: « Ақ көгершін» биі

 

Жаннұр:

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.

 

Батырхан Нұрай:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз.

 

Еңлік:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ағы менен көзінің қарасымыз.

 

Саят:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

 

Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Ән: «Айгөлек» ортаңғы тобының қыздарының орындауында  «Гүл өсіруші бағбан қызбын» атты әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Жеңем деген ел сөзі!

Түрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.

 

Бекнұр:

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!

 

Батырхан:

Халық легі куәсындай елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медалдарын, ордендерін тағынған.

 

Томирис:

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша, бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса.

 

Жарқынай:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

 

Рамазан:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ертең-елдің қорғаны панасымыз.

 

Болат Нұрай

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбітшілік,

Ашық болсын кең аспан

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )

 

Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

 

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

 

Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

 

Соңы.   Ата-аналарға тілек.