М. Хакімжанова. «Бала Мәншүк»

61

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова. «Бала Мәншүк»

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы туралы білетіндерін молайту, елі үшін жанын қиған ержүрек қыздардың өмірін дәріптеу. Мәншүктің ерлігі туралы түсініктерін тереңдету. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын ашу.
2. Сабақ тақырыбын өздігінен талқылау, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  1. Отансүйгіштікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты игеру сабағы.

Сабақ типі: ғылыми дерек.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту, слайд.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Шығыс шынары» әңгімесін мазмұндау. Сұраққа жауап алу.

— Әлия қайда оқыды? – Оның қандай қасиеттері сендерге ұнады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Отты жылдары ерлермен бірге от кешкен аруларды еске түсіру.

ә) Соғыс туралы ойларын айтқызу.

б) Автормен таныстыру. М. Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облы-сының қазіргі Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ» ауылында туған. 7 ақпанда жасы 89-ға қараған шағында дүние салды. Соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін шабытты жырға қосқан «Мэншүк» поэмасын жазды. Ақын ғүмыр бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы – анапық сезімді жырлап кетті. Ақынға «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілген, орден, медальдарға ие болған.

б) «Нысана» ойыны арқылы Мәншүк туралы білетіндерін еске түсіру.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) 1922Орал облысы Орда ауданы, 1943 ж. қазанның 16-ы қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Тақырыпты таныстыру, мәнерлеп оқыту.

Мәтінді тізбектей оқу. Абзац бойынша оқу. Мазмұнын қалай түсінгенін айтқызу.

Сөздік жұмыс, дәптерге жазу.

ІV. Топтық жұмыс.

І топ: Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап іздеу.

ІІ топ: Мәншүкке мінездеме беру.

ІІІ топ: Мәтін бойынша сурет салу.

Поэзиялық сәт (тақпақтар оқу).

  1. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма. Оқу, мазмұндау. «Шығыстың қос шынары» шағын эссе жазып келу.

Бағалау.