Үй құрастыру

703

Тақырыбы: Үй құрастыру

Мақсаты:      1.Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру Қажетті құрылыс материалдарын  таңдауға үйрету.

2.Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап,құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал:құрылыс материалдары,әліппе-дәптер

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Әліппе -дәптердегі  үлгі суреттерге  талдау  жасау

Үй құрастыратындарын ескерту.

-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.

V Жаңа сабақ

-Үйдің әрбір бөліктерін мұқиат қарауға үйретіп,құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануға тапсырма беріледі.Бір не месе екі қабатты үйлер құрастыруға болады..Олардың ерекшелігі айтылады.Подъездерін,баокондарын қалай орналастыруға болатынын түсіндіріп,көпсету.

 

Жаңылтпаш:

Үйде ойыншық үлегім,

Үлегіме үремін.

Үремін де үнемі

Үйіме мен кіремін.

 

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

 

VII Бекіту

-Балалар үй не үшін керек?

-Үйдің қандай түрлері болады?

-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?

 

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт