Көп қабатты үйлер

464

Тақырыбы: Көп қабатты үйлер

Мақсаты:      1.Балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға,бөлшектерін,қажеттілігін,кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету.

2.Әр түрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға,іс- әрекетке  қызығушылығын арттыру.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал:құрылыс материалдары,әліппе-дәптер

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Қаланың,ауылдың ең көрікті жерлерін еске түсіру.Ел-ордасы Астана жайында әңгімелеу.Астана жайында шығарма оқу.

Көп қабатты үй құрастыратындарын ескерту.

-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.

V Жаңа сабақ

Құрылысшылар үй салып жатқан  суретке қарап әңгіме құрау.

-Құрылысшылар не істеп жатыр?

-Үй салып жатыр

-Қай жыл мезгілінде олар үй салып жатыр?

-Міне олар көп қабатты үйді салып болыпты.Неше қабатты үй қане санайықшы?

-Есігін,терезесін санау

-Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?

 

Біздің еліміз ұлан-ғайыр,көп ұлтты.Міне ,осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған.Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 жанұя тұрады.Ұлттары да әр-түрлі.Олар бір-бірімен бір үйдің адамдары сияқты тату тұрады.Бір-біріне  амандасады,көмектеседі.

-Балалар осы зәулім үйлерді кімдер салады?

Құрылысшылар

-Ал кез-келген адамдар үй сала бере ме?Жоқ,осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады.Оларды арнайы оқытады,құрылысты салу жолдарын үйретеді.

Сергіту сәті: Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын

Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп,міндеттерін бөліседі.

-Қай жерге құрылыс салу керектігі белгіленеді.

-Қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды.

-Неше қабатты етіп тұрғызу,неше подъезді болатыны ойластырылады.

-Үйдің іргетасынбастап,қабырғалары,терезелері,есіктері және кіреберіс,алаңдар.т.б жасауды балалар кезектесіп орындайды.

VI Пысықтау

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VII Бекіту

-Балалар үй не үшін керек?

-Үйдің қандай түрлері болады?

-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?

 

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҚамшы өру
Келесі жазбаҮй құрастыру