Жаяу адам және көліктер жүретін көпірлер.

304

Тақырыбы: Жаяу адам және көліктер жүретін көпірлер.

Мақсаты:      1.Балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту.Құрылыс материалдарымен пайдаланып,жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйрету.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал: құрылыс материалдары,көпірдің үлгі суреттері,машиналар,әліппе дәптер.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Көлік түрлері жайында,жол ережелері  туралы әңгімелеу.Көліктер мен адам жүретін көпірлер туралы өтетінімізді айту.

V Жаңа сабақ

Әр түрлі көпірлердің  суреттері көрсетіледі.,үлгі суретке талдау жасайды (әліппе-дәптердегі).Балалар дәптерге  мұқият қарап,көпірді қалай құрастыру қажеттігін ойланады.Жаяу адам жүретін көпірлер мен көліктер өтетін көпірді салыстырып көреді,айырмашылығына назар аударады.Көпірдің бөліктерін атайды:тіректері,жүретін бөліктері,сүйеніштері,төмен түсетін ылдиы,екі көпірде әр түрлі пішінде (біреуі-басқыштар мен,біреуі-тегіс).Алдымен көпірдің тіреулері,срдан соң оның үстіңгі бөлігі,төмен түсетін ылдилары,сүйеніштері,т.б.Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып,машиналар ерсілі-қарсылы өтетіндей көпірді құрастырып көрсетеді.Балалалардан көпірді құрастыру реті сұралады.Балалар іс-әрекетке кіріседі.Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің машиналары өтетіндей етіп,көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыру,өздігінен үлес қосуға бағыт беріледі.Дайын болған құрылысты талдау кезінде тек тапсырманы орындау ғана емес,құрылыстың ерекше  шешім тапқандығы аталып,мадақталады.

Сергіту сәті: Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта,баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

VI Пысықтау

Сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау.

VII Бекіту

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен,көпірді жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.