Қамшы өру

112

Тақырыбы: Қамшы өру

Мақсаты:      1.Қажетті материалды пайдаланып,қамшы өруді,жіптердің  түстерін үйлестіре өру әдіс-тәсілін меңгерту.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал:3 түсті жіпжұмыр таяқша,әліппе-дәптер

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Менің қолымда не деп ойласыңдар?

-Балалардың қамшы туралы білетін ұғым-түсініктерін тыңдау.

-Бүгін сол қамшыны өріп үйренеміз

-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.

V Жаңа сабақ

Екі қамшыны салыстырып көрсету (негізгі қамшының өзі және ойыншық қамшы).Қамшының басы қандай түсті жіптерден өрілген екендігіне назар аударту(қызыл,сары,жасыл)

Қамшыны жасау үшін  әуелі 3 түрлі түсті жіпті бір-біріне біріктіре түйіншетеп байлап алып,жіптердің ұзындығын сәйкестендіре,өлшей қиып тастау керек.

Содан-соң қыздардың шаштарын өргендей бұрым жасай өреміз.Барлық жіп аяқталғанша өріп,шетін түйіндеп байлаймыз.Осы өрген жібімізді дайындалған сапқа байлаймыз немесе бекітеміз.Міне осылай қамшы дайын болады.

Қамшыны қазақтар ырымдап кілемге немесе төсектің бас жағына іліп қояды.Жын-шайтаннан сақтасын деп.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен,қамшыны өруге кіріседі,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

 

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

-Қамшы не үшін керек?

-Қамшының жасалу реті қандай?

-Қамшыны жасау үшін қандай заттар керек?

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт