Музыканың дыбысталуы

32

Тақырыбы Музыканың дыбысталуы

Мақсаты:      1.Балаларға музыка жайында мағлұмат беру.Музыка дыбыстарының атымен таныстыру.Музыка әлемімен таныстыру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке,ананың ақ сүтін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Әнші,күйшілердің суреті.Бес сызық,оған орналасқан құстардың суреті.

Әдіс-тәсілі: әңгіме,ән айту

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар біз бүгін серуендеп құстардың дыбыстап ән айтқанын тыңдаймыз.Музыка дыбыстарымен танысамыз.

V Жаңа сабақ

Серуен кезінде құстардың дыбыстауына көңіл аудару,шыққан дыбыстың жоғары немесе төмен дыбысталғанын анықтау,балалардың дауысын салыстыру.

Балалардың дауысы жуан ба,әлде жіңішке ме?

Дауысы жіңішке болса жоғарғы дыбысқа жата ма,төмен дыбысқа жата ма?

-Көкек,бұлбұл,әтештердің қайсысының дыбысы ең жоғарғы дыбыс?

Ән тыңдату

Ән айту: «До-ре-ми»-әні Ө.Байділдаевтікі «Нота үйренеміз»

 

VI Бекіту

Еркін тақырыпта түрлі әндер орындатқызу.

Әнді әуенімен әдемі дұрыс орындауға  дағдыландыру.

 

VII Қорыту

—  Музыка дыбысталуы нешеге бөлінеді?

-Екіге

-Қандай болып бөлінеді.

-Жоғары,төмен

-Қане бәріміз жоғары дауыста дыбыстап көрейікші№

-Енді төмен дыбыспен дыбыстап көрейік.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаБесік жыры
Келесі жазбаАқ мамам