Қой

331

Әдебиеттік оқу.  1-сабақ

Сабақ  тақырыбы; Қой

Сабақ  мақсаты;  Оқушылар сабақта қой туралы мол мағлұмат  алады.

Сабақ көрнекілігі; оқулық,қосымша суреттер,ИТ,стикерлер,бағалау қағаздары.

Сабақ барысы;                         1. Ұйымдастыру

(Өлең жолдарымен)

                                                   2.Үй тапсырмасын тексеру.

А)Үй  тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды  3 топқа бөлеміз.

Ертегі

Жан-жануарлар туралы ертегілер

Қиял-ғажайып  ертегілер

Шыншыл ертегілер

                                                  3.Жаңа сабақ

А)Қой,түйе,сиыр,жылқы суреттері көрсетіледі,толдері сұралады.Оларды топтап қалай  атау керек екені  айтылады.

Ә) М;-«Төрт түлік  туралы жырлар»  тарауының  бірінші  тақырыбын  бастаймыз. Ол үшін мына  жұмбақты  тыңдаңыздар.

Жұмбақ; -Еті дәмді,сүті  қою –қорғасын,

Өзі момын,өнімі мол болған соң,

Құрметтейді басын тартып қонаққа

Бұл қай түлік ?

Жалған жауап болмасын.  (қой)

Б) Күннің жады,сабақ тақырыбы тақтаға жазылады.

В)Мақал мағынасын ашу.(3 топқа 3 мақал беріледі,мақалдардың мағынасы талқыланады.)

1-топ.  Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

2-топ. Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

3-топ. Қой өлсе қозы қалады,

Келер жылы өзі болады.

 

Г) Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады,әр топтан бір-бір оқушыдан өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Ғ) Қой туралы  дайын мәтін таратылып ,инсерт  тәсілі бойынша жұмыс жүргізіледі.

Д) постер дайындау.

1-топ; Қойдын  жүнінен жасалатын заттар.

2-топ;  Қойдын терісінен жасалатын заттар.

3-топ; Қойдын  сүтінен әзірленетін тағамдар.

                                                    4.Сабақты қорыту.

Сүт-төрт  түлік  дегеніміз нелер?

Су-Қой атасы қалай аталады?

Емізік-Қой  төлі  қалай аталады?

Жем-Халық қой сүтін неге теңейді?  Неліктен?

Шөп-Қойдың аталығы қалай аталады?

  1. Үйге тапсырма.

А) Жырды жаттап алу,

Ә)Жылқы малы туралы мәлімет іздестіріп келу.

  1. Бағалау.

А) Оқушылар бір-бірін  бағалайды.

Ә) Топтар бір-бірін бағалайды.

Б) Мұғалім оқушыларды бағалайды.

  1. Рефлексия.

Балалар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады.