Сәлем берем үлкенге

84

Тақырыбы:Сәлем берем үлкенге

Мақсаты:1.Балаларға  үлкен кісілер мен достарымен әрқашан амандасып,жылы қабақ танытуды үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мазмұнды  суреттер

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

-Балалар мен не басқа мұғалім сыныпқа кірсе не істейсіңдер?

-Амандасамыз?

-Дұрыс ақылды,әдепті  балалар үнемі амандасып жүреді.Ендеше біз «Сәлем берем үлкенге» деген тақырыпта әңгіме айтамыз.

 

V Жаңа сабақ

Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік»,мағынасындағы «Ассалам» сөзінен шыққан.

Әдеп,адамшылық  амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою.өзінің аман –есен дидарласып тұрғанына қуану,ниеттерінің ақ,адал, таза екенін білдіру.

Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкум »деген сөзден басталады.Ол        « сізге алланың нұры жаусын»-деген сөз.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға,қолын ұсынып, бірінші сәлем береді.Ал сәлем алушы «Уағалейкумассалам»-деп қолын беріп жауап қайтарады.Ол «Сізге де алланың нұры жаусын»-деген екен.

 

Сергіту сәті:Ерте тұрам

Күнде мен

Терезені ашамын

Сәлем деймін күнге мен

Шаттық әнге басамын.

VI Пысықтау

-Сәлем арабтың қандай сөздерінен шыққан?

-Мұсылман халқы қалай амандасады?

-«Ассалаумағалейкум»-дегеннің мағынасын қалай түсінесің?

-«Уағалейкумассалам»-деген сөзді ше?

 

 

VIIБекіту

Балаларды (ата,әже,достар) рольге бөліп амандасу әдебін ойнау.

 

VIII Бағалау   Жақсы қатысқан баланы мадақтау