Анам және мен

37

Тақырыбы:  Анам және мен

Мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларды ата- ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, бір – біріне деген сүйіспеншілігін нығайту.

 

2) Дамытушылығы: оқушылардың дүниетаным шеберін кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру, ізденіс, зерттеушілік қабілеттерін шыңдау.

 

3) Тәрбиелігі: Оқушыларға ата – аналарын сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, суреттер, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, т.б.

 

Әдісі: сайыс- сабақ

 

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата- аналар және оқушылар. Бүгінгі «Анам және мен» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

 

Жүргізуші:

 

Ана- бала, бала — ана  бір ұғым,

Бір – бірінсіз жоқ олардын бақыты.

Омыртқаның үзбеу үшін жұлының,

Екеуінің өтсін бірге уақыты.

Ана – бала көздің ақ пен қарасы,

Бір – бірінсіз таусылмайтын шарасы.

Әр ананы арманыма жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары, санасы,- дегендей, бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз аналарымен келіпті.

 

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз  де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.

 

  • Ендеше, отбасыларымызды ортаға шақырайық.

 

1 – жұп:

 

Қуантады білімімен нұрила қыз,

 

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

 

Сайыйқа анасымен келіп отыр,

 

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

 

2- жұп:

 

Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,

 

Оларға де берейік бүгін төрді.

 

Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған,

 

Анасы мен Ерасылға кезек келді.

 

3- жұп:

 

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

 

Бәрі де арманына қолын созар.

 

Анасы мен келіп тұр ақниет қыз,

 

Бұйырса бақыт құсы соған қонар.

 

4- жұп:

 

Көңіл бөлші, қазір шығар ортаға,

 

Қош келдіңіз сіз де біздін ортаға.

 

Анасымен келіп тұрған сайысқа,

 

Қарсы алайық кезек келді Мақсатқа.

 

5- жұп:

 

Мінезі жарқын күн дер ем,

 

Мен дегенді білмеген,

 

Білімге құмар талпынған

 

Жайраңдаған жарқын жан

 

Азамат  деген есімді

 

Жігіт екен төзімді!

 

Сайыс жүру барысы:

 

  • Таныстыру
  • Өз өнері
  • Сұрақ – жауап
  • Ас мәзірі
  • Мақал сөздің мәйегі
  • Сән үлгісі.

 

Ақ көңілмен, ниетпен,

 

Әділ баға берсін деп,

 

Шаршамай,  еш  жалықпай,

 

Айтқаныңызға көндік деп,

 

Әділ қазы алқасын,

 

Сайлап алсақ жөн болар.

 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Бакирова , Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімі Г. Жүрментаева, бастауыш сынып мұғалімі А. Бекбаева.

 

I бөлім:

       

             Сәлемдесу- игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданад сайыскерлер сәлемі.

 

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

 

II бөлім:

 

Мерекеде ұландар,

Аянбайды қараңдар.

Өнерлерін көрсетсін,

Ән, би, өлең арнаған,- дей келе ұл- қыздарымыздың өнерлерін қол соғып тамашалайық

 

III бөлім:

 

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына  қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

 

«Сұрақ — жауапқа» кезек берелік.

 

  1. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата.
  2. Елбасымыз кім?
  3. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
  4. Үш биді ата
  5. 9 мамыр қандай мереке?
  6. ҚР- ның тұңғыш ғарышкері?

 

IY бөлім:  «Ас мәзірі» отбасының мерекелерде дайындайтын сүйікті асын сіздерге тарту етеді.

 

Өлең: 

 

Y бөлім:

Мақал – мәтел- сөз мәйегі,

Әр сандарда асыл сөздің тірегі.

Қарапайым қазақ тілі- өз тілім,

Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

 

  1. Ырыс алды — …… (ынтымақ)

 

  1. 2. Ақыл –дос, ашу- …… (дұшпан)

 

  1. 3. Сумен ойнама, батарсың,

Отпен ойнама, ……… (күйерсің)

 

  1. 4. Ақыл- тозбайтын тон,

 

Білім – таусылмайтын ……… (кен)

 

  1. Өнер алды- ……… (қызыл тіл)

 

YI бөлім:

 

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата- баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.

 

Мұғалім сөзі: 

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күресжеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

 

Кезекті әділ қазылар алқасына береміз. (Марапаттау)

 

Қорытынды:

 

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен  елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып , бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

2014 – 2015 оқу жылы