Мазмұнына сәйкес сурет салу

99

Тақырыбы: Мазмұнына сәйкес сурет салу

Мақсаты:1.Балаларға бауырсақ ертегісінің мазмұнына сурет салуды  үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,білімді болуға,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің  суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

 

IVМақсат қою

-Балалар   бауырсақ ертегісін білеміз ғой?

-Ендеше ондағы түлкі мен бауырсақтың суретін саламыз.

V Жаңа сабақ

Бауырсақ ертегісінің мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.

Түлкі мен бауырсақтың сөйлесіп тұрған кейпіндегі  суретінің  ретін түсіндіру.

-Бірінші бауырсақты дөңгелек етіп салып,оны қоңыр түске бояймыз.

-Екінші түлкінің басын,мұрнын,көзін,денесін,құйрығын саламыз.Оны қызыл-сары түске бояймыз.

 

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

 

 

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Бауырсақты неден,қалай  пісіреді?

-Нан туралы қандай тыйым сөздер,тақпақтар білесіңдер?

-Түлкі қандай болады.

VIIБекіту

Шығармашылық жұмыс: түлкі мен бауырсақтың суретін салып бояйды.

-Бауырсақ ертегісін рөлдерге бөліп ойнату

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау