Темір конструкторлардан арба құрастыру

273

Тақырыбы: Темір конструкторлардан арба құрастыру

Мақсаты:      1. Арбаны құрастыру үшін оның дөңгелектерін бұрандылармен бекіту.Әдіс-тәсілдерін меңгерту.

2.Ой-өрісін,қиялын,қол икемдерін Қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын  дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,мейірімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Арбаның  суреті.

Керекті құрал:Құрастырғыш конструкторлар,әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгін біз құрастырғыш конструктормен  арбаны құрастырып үйренеміз.

V Жаңа сабақ

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Күзде қандай тіршілік басталады ?

-Егін жинау,жеміс-жидек жинау.

-Иә балалар егіншілерге  астықты қоймаға тасуға көмектесейік.

-Қоймаға астықты немен тасиды ?

-Машинамен,арбамен.

Алдымен арбаны құрастырып алайық,сонан соң астықты тасуға көмектесеміз.

Арбаны құрастыру жолы әліппе дәптердегі сурет арқылы түсіндіріледі.

 

-Сергіту сәті:     Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау   -Арба қанша бөліктен тұрады ?

-Арбаның жайпақ бөлігі,дөңгелектері,білігі,т.б. бар.

-Арбаның жалпақ бөлігі не үшін қажет?

-Жүк салу үшін.

-Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп оны гайкалармен бұрап орналастырады.

Балалар осыдан соң төрт дөңгелектерді бұрап,жүк салатын бөлігімен біріктіріп,оны қозғалтып жүргізіп көреді.

VII Бекіту

Балалар өздеріндегі конструкторлармен  арбаны көрсеткен ретімен құрастырады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

Құрастырып болған соң астықты жинауға егіншілерге көмек көрсетіндерін,өздеріде көмек көрсетіндерін айтады.

VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағала