Ертегі кейіпкерлері

122

Тақырыбы: Ертегі кейіпкерлері

Мақсаты:1.Балаларға ертегіні рөлдерге бөліп ойнауға үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Балалар суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

 

IVМақсат қою

«Байлық,бақыт,ақыл»-ертегісін рөлдерге бөліп ойнаймыз.

V Жаңа сабақ

«Байлық,бақыт,ақыл»

Байлық,бақыт,ақыл үшеуі дауласыпты.

Байлық-Менің арқамда ғана  адам баласының төрт түлігі сай,ішіп- жегені май,ақшасы көп  болады.-депті.Сонда Бақыт былай депті-Мен бақпын кімнің басына барып  қонсам соның бағы жанады «ақ дегені-алғыс,қара дегені -қарғыс»-болады депті.Сонда Ақыл тұрып-адамның ақылы болмаса байлыққа да,баққа да ие болмайды.Адамға ең бірінші ақыл керек.Сенбесеңдер данышпанға  жүгінейік.Данышпан:-Өмірдің өзі сабақ: «Байлық-бір жұттық», «Бақыт-баянсыз», «Ақыл бар жерде ғана бақыт та,байлық та,бірлік те,тірлік те,ынтымақ та түгел»-депті.

 

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

 

VI Пысықтау

Балаларды рөлдерге бөліп ойнату.

 

VIIБекіту

-Бүгін қандай ертегімен таныстық?

-Байлық деген немене?

-Бақыт деген немене?

-Ақыл деген немене?

 

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау

 

Күні:

Пәні:Логика