Үй құстарды көрсет.Балапандарды енелеріне жетуіне көмектес.

28

Тақырыбы: Үй құстарды көрсет.Балапандарды енелеріне жетуіне көмектес.

Мақсаты:1.Балаларға берілген тапсырмаларды орындатып,үй құстарды атату.

2.Балалардың сана-сезімін, логикалық ойлауын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды сурет

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

 

IVМақсат қою

-Балалар қандай құстарды білесіңдер?

-Бүгін үй құстарын өтеміз.

V Жаңа сабақ

Үй құстарына тауық, үйрек,қаз,түйе құс жатады.Үй құстары,оның пайдасы жайлы әңгімелеу.

Дәптердегі тапсырмаларды орындату.

Суреттегі құстардың ішінен үй құстарын көрсет.

Балапандарды енелеріне жетуіне көмектес.

1-ші балапан қай құстікі екен?-Қаздікі

2-ші балапан,тауықтікі

3-ші балапан түйеқұстікі

4-ші балапан үйректікі

Сергіту сәті: Бала,бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтарын әбат

Былай,былай ойнат

Топ,топ,топ топ басайық

Жалаумен күн жасайық

Жаса,жаса жарқын күн

Жаса,жаса алтын күн!

 

VI Пысықтау

Құстардың суреттерін салып, бояу.

VIIБекіту

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Үй құстарының пайдасы қандай?

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау