«Көктем»

43

 

Тақырыбы: «Көктем»

 

Мақсаты:

  • Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
  • Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
  • Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, амандасу.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Олай болса балалар кім бізге табиғат туралы тақпақ айтып береді.
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір — бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір — бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады.

 

-Көктем мезгілі

 

 

Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

 

Балалар жылы тілектерін білдіреді.

Іздену ұйымдастырушы Ø  Балалар тақтадағы суреттерге қарап,оларды атап, алғашқы дыбыстарынан сөз құрайық.

(Көбелек,өрік,кітап,таға,есік,машина)

-Балалар қандай сөз шықты?

Дұрыс-ақ «Көктем». Бүгінгі өтілетін оқу іс – әрекетінің тақырыбы «Көктем» екен.

Тақтаға назарларыңызды аударыңдаршы балалар, көктем мезгілі бейнеленген бірнеше суреттерді қарап сипаттайық.

v  Көктемде неше ай бар?

v  Қай айдан басталады?

v  Жерде,далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

v  Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшыпкеледі? (Ұзақ,торғай, су құстары)

v  Көктем гүлдерін білесіңдер ме?

Ø  Оқулықпен  жұмыс

Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп шығу.

Сөздік жұмысын жүргізу

Шартылдайды – сартылдайды – тарсылдайды.

Қып – қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі көрініп тұр.

Өпкен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

 

v  Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

 

Дидактикалық ойын. «Көктемгі гүлдер»

Шарты: Себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлі сипаттайды. Мысалы: Бейәшешек, қызғалдақ.

Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салу.

 

 

 

 

 

-Көктем

Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.

Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.

— Ұзақ,торғай, су құстары

 

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Көктемгі табиғат өзгешеліктері туралы өз ойларын ортаға салады.

Көктем гүлдерін атайды.

 

 

Дәптердегі үлгіге қарап, суреттерін бояйды.

 

Рефлексивтік түзетушілік Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын қалай түсінгендерін сұрап шығу.

Оқу іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағалармен бағаланды.

 

Күтілетін нәтиже

Нені біледі:Көктем мезгілі туралы білді.

Нені игерді:Әңгімеге өз ойларын қосып,сұраққа нақты жауап беруді игерді.

Нені меңгерді: Табиғатқа қамқор болуды меңгерді.